• Басты
  • Ұлы дала елі- Туристік индустрия мен экспортты дамытудың жолы
11 Қазан, 2019 12:31

Ұлы дала елі- Туристік индустрия мен экспортты дамытудың жолы

«Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің аясында Ұлы дала елі қолөнер шеберлерінің форумы өтті. Форумда қолөнер саласының туристік әлеуетті арттырып, қазақстандық имиджді шетелде ілгерілендіруге қосатын үлесі талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


Ұлы дала елі- Туристік индустрия мен экспортты дамытудың жолы

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов елдің әрбір азаматы айналысатын іс таба алатынын айтты.

«Микро бизнес несімен жақсы? Микробизнесі бар адам сүйікті ісімен айналысады. Мен орфографиялық дизайн жасайтын ақтөбелік қолөнершілер немесе өрнектермен жұмыс істейтін екі апайдың өз істері туралы сондай қызығушылықпен әігімелейтінін естідім. Сондай-ақ, тапсырыспен киім тігетін шебер әйелдердің де өз істерін сүйетінін жанып тұрған жанарларынан көрдім. Бұл сүйікті істің кәсіпке айналғандағы көрінісі», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, ол сүйікті істің табыс әкеліп, танымалдылық пен бренд қалыптатсыруға мүмкіндік беретінін де тілге тиек етті.

«Қазір кез келген елге барсаңыз, елдегі туризмнің дамуы туралы айту мағынасыз. Сол сияқты елге келген әрбір турист сол елмен байланыс іздеп, елден есте қаларлықтай кәдесый алып кетуді ойлайды. Олар елдің бейнесін сипаттайтын Кәдесыйлар дүкенін іздейді», - деді ол.

Сондай-ақ, А.Мырзахметов шеберлерден қандай қиындықтар мен ұсыныстар бар екенін үнемі сұрастырып жүретінін айтты.

«Олардың ішінде ешкім шешілмейтін қиындықтар туралы айтпағаны қуантады. Кәсіпкер деген сондай, мақсат қойып, соған жетуге атсалысады. «Қазір не істеу керек?» деген сұраққа жауап бергім келеді. Алдымен, «Қазақстанның үздік тауары» атану қажет. Өткен жылдан бері Елбасы бағыты алға қойылды. Биыл Президент Қ.Тоқаев оның президенттік бағдарламасының басымдығы – Ұлттық кәіпкерлікті қолдау екенін атап өтті. Үкімет осы бағытта ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр. Әрине, жылдам нәтижеге қол жеткізгіміз келеді. Алайда, бағыт айқындалғаны да маңызды қадам. Бұл салиқалы саясаттың көрсеткіші. Әрбір ел қолжетімді қаржымен нарығын қорғап, отандық тауарларын ілгерілендіреді. Бұл -біздің жұмыс орындары, бұл- салық, отбасылық әл-ауқаттың артуы. Сондықтан да, аталған саясат жалғасатын болады», - деді ол.

Бұдан басқа, Абылай Мырзахметов күні кеше «Қазақстанның үздік тауарын» талқылағанын айтып өтті.

« «Олардың жұмыс қысымы қандай?», «Шығыны қандай?» деген сұрақтарға назар аудардым.Көп бөлігі мемлекеттік секторда сұраныс көп екенін жеткізді. Отандық кәсіпкерлікке деген сұраныс, олардың дамуы сынды мәселелерді Үкімет пен «Атамекен» ҰКП жалғасытартын болады. Қолөнерді бизнестің басым бағыты ретінде мойындау уақыты келді. Микробизнес өкілдері «бізде бәрі жақсы», тек орындар жетіспейтіні туралы айтады. Алматыда микробизнесті қолдау үшін ең төменгі ставка бойынша жалға берілетін орындарды үлестіремз деп шештік», - деп қорытындылады Абылай Мырзахметов.

Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов 2015 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан «Ұлы дала елі форумы» тиімді шара екенін атап өтті.

«Қазақстанның тауар, жұмыс және қызмет өндірушілерінің өз өнері үшін өткізу нарығын табу және шетелдік компаниялармен бірлесіп өндірістер құру шарттарын қалыптастыруға құру мүмкіндігін ұсынатын осындай шара жергілікті қамтудың артуына жағымды әсер етеді. Қазақстанда қолданыстағы заңнамада қолөнер кәсіпорындары қызметін реттейтін құқықтық базаның жоқтығына қарамастан, мыңдаған адам күнделікті өмірде «әшекей» ретінде де пайдаланатын тауарлар мен бұйымдардың кең спекторын дайындаумен айналысады», - деді А.Ержанов.

Сонымен қатар, ол халықтың тарихы мен салт-дәстүрін сақтап жүрген адамдардың қолымен жасалған бірегей бұйымдарды кездестіруге болатынын айтты.

«Біздің еліміз ұлы мәдени мұраға және заманауи өзінің көпұлтты мәдениетке ие қолөнершіліктің халыққа ұсынатын тауарлары мен бұйымдары жергілікті қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Халықтың қолөнері шығармашылықтың табысты түрі болады. Сондай-ақ, шетелдік туристерді тартып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл форум туристік индустриясы мен экспорттық әлеуетін дамыта отырып, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді халықарылық аренда өз өлесін қосатынына кәміл сенеміз», - деді А.Ержанов.

Шараға екі жыл қатарынан қолдау көрсетіп келе жатқан Азия Даму Банкінің бас экономисі Генадий Рау биыл форумның «Қазақстанның үздік тауары» көрмесімен біріктіріліп отырғаны ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

«Қолөнер – экономиканы өсірудің қозғаушы күшіне айналуы мүмкін. Бұл Қазақстанды халықаралық аренада ілгерілететін брендке айналуы мүмкін. Қолөнерді белсенді түрде қолдап жатырмыз. «Даму» қоры арқылы микро және орта бизнеске қолдау көрсетеміз. Осы орайда, «Атамекен» ҰКП-мен тығыз қарым-қатынастамыз. Мәселен, қазір әйелдерге кәсіпкерлікті құру бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп жатырмыз. Ондай шаралар елдің 8 өңірінде өтті, 384 адамды қамтыдық. Біз шағын және орта бизнестің дамуына ерекше қолдау көрсетеміз», - деді ол.

Айта кетейік, 2019 жылдың 11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласының «Көрме» орталығында әр өңірден іріктеліп, үздік атанған отандық тауар өндірушілер жиналатын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтіп жатыр. Көрме-байқаудың ұйымдастырушысы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Көрмеге әр өңірден   9 номинация бойынша 153 кәсіпорын қатысуда. Жеңімпаздар онлайн дауыс берудің қорытындысы бойынша анықталады. Көрме аясында «Ұлы дала ел» атты қолөнер шеберлерінің форумы да екі күнге жалғасады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды