- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды
Бүгін ҚР АҚДМ әдістемелік қолдауымен «KazakhInvest», «Қазақстан Ғарыш сапары» және «KazakhExport» ұлттық компанияларында қоғамдық кеңестер құрылды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің, «QazExpoCongress», «Қазгеология», «ҚазАвтоЖол», «Қазақстан Инжиниринг», «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», «KazakhTourism», «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ұлттық компанияларының қоғамдық кеңестерін құру рәсімі жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға түзетулердің арқасында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 13 Қоғамдық кеңес құрылуда. Олардың құрылуына мемлекеттік бюджеттің қаражаты жұмсалмайтындығын атап өту қажет.
«Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының қоғамдық кеңесінің құрамына 11 мүше сайланды, олардың 7 – еуі азаматтық қоғам өкілдері, олардың ішінде Мейірбек Молдабеков – профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық астронавтика және космонавтика академиясының академигі, Симбай Дүйсенов – Халықаралық байланыс академиясының академигі, Абзал Жамалов-профессор, «ЖҚЗ саласындағы компаниялар қауымдастығы» ЗТБ құрылтайшысы және басқалары.
«KazakhInvest» ұлттық компаниясының қоғамдық кеңесінің құрамына азаматтық қоғамның 9 өкілі кірді, олардың ішінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ өкілі Әліби Өтеулов, Қазақстан қаптаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице – президенті Анар Мақашева, «Ұлттық корпоративтік басқару академиясы» РҚБ атқарушы директоры Лаура Шашпан және басқалары.
Анықтама ретінде:
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік секторда Қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың басында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға Қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін, оларды квазимемлекеттік сектордың жұмысына тартуды көздейтін түзетулер қабылданды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды