- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық кеңестің үшінші отырысында не айтылады
Ұлттық кеңестің үшінші отырысында не айтылады
27 Мамыр, 2020 11:13
Ұлттық кеңес төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы онлайн форматта басталды. Отырысқа қатысушылар 11 орыннан қосылды. Оның ішінде Ақорда, Парламент,бБілім және ғылым,денсаулық сақтау , ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, Нұр-Сұлтан,Алматы, Шымкаент қалалары мен Маңғыстау, Қарағанды облыстарының әкімдік ғимараттары қатысып отыр. Отырыста талқыланатын мәселелер жайлы ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Осы жолдың наурыз айында ротациялық қағидатқа сәйкес, Ұлттық кеңестің құрамы өзгерді. Ұлттық кеңес ережесінде тақырыптық қарастырылғанын естеріңізге саламыз. Осы орайда бүгінгі жиында адами капиталды дамыту, білім беру саласына аса мән беріліп, соған қатысты мәселелерді талқылау ұсынылып отыр. Бірінші және екінші отырыстардың қорытындылары бойынша ұсыныстардың басым көпшілігі ескерілді», - деді Е.Қошанов.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдар тарыпнан біраз жұмыстар атқарылғанын атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді.
«Біраз мәселелер шешімін тапты. Баршаңызға алғыс айтамыз. Бүгінгі отырыстың жұмыс регламентін таныстыруға рұқсат етіңіздер. Алдымен атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қариннің қысқаша есебін тыңдаймыз. Білім саласындағы жұмыстар туралы Ұлттық кеңес мүшесі, министр Асхат Аймағамбетов сөз алады. Әр адамға бес минуттан уақыт беріледі. Негізгі сөзді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы сөйлейді. Үшінші отырыстың жұмысын бастайық», - деді ол.
автор:
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді

