• Басты
  • Ұлттық Банктің алдында екі нұсқа бар – сарапшы
10 Наурыз, 2020 09:10

Ұлттық Банктің алдында екі нұсқа бар – сарапшы

Ұлттық Банктің алдында екі нұсқа бар. Бұл туралы Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры Олжас Төлеуов айтты.
Ұлттық Банктің алдында екі нұсқа бар – сарапшы

Олжас Төлеуовтің айтуынша, мұнай бағасының бұлай құлдырауы 1991 жылдан бері болмаған.

«Мұнай бағасының бір күнде күрт төмендеуі баға соғысына байланысты орын алды. Бұл мұнай өндіруді төмендетуге Ресейдің көнбеуіне қарсы жасалған шара. Айналып келген бұл жағдай барлығына әсер етуде, оның ішінде ақша, қаржы нарығына да»,-дейді ол. 

Сондай-ақ ол Ұлттық Банктің алдында екі нұса бар екенін айтты.

«Ұлттық Банктің алдында екі нұсқа бар. Біріншісі Ұлттық Банк курсты 385-390 деңгейінде ұстап тұрады. Ол үшін қор, ресурс та жеткілікті. Бұл жағдайда теңге рубльге қарсы күшейе түспек. Екіншіден, Ұлттық Банк курсты еркін айналымға жіберуі мүмкін, бұл қалыпты тренд. Бұл жағдайда доллар теңгеге шаққанда 400 теңгенің айналасында болуы мүмкін»,-дейді ол. 

Ал, Radius Advisory Lab компаниясының серіктесі Тимур Әбілқасымов әлем елдері бұл жағдайға бір күнде келмегенін, бұл әлемдік экономикадағы бұрыннан қордаланып қалған мәселелердің шыға бастағаны деген ойын білдірді.

«Алдағы уақытта мұнай өндіру көлемі арта бермек, оның үстіне өткен жылы басталған сауда соғысын да ескеруіміз керек. Қытайдың корпоративтік қарызы да өсіп келеді. Мұның барлығы дағдарыстың бұрыннан болғанын көрсетеді, сондықтан экономика мен қор нарықтары қайта қарауды қажет етеді»,-дейді ол. 

Сөз арасында ол  Ұлттық Банктің қазіргі курсты ұстап тұруға қоры бар екенін және мұнайдың бірер күнге төмендеуі бізге қауіп төндіре қоймайтынын айтты. 

«Біз ұзақ мерзімді бағаға қарауымыз керек. Алдағы 1,5-2 ай бойы мұнай бағасы 20 доллар көлемінде болса бұл экономикамыз үшін нағыз апат болады»,-дейді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды