- Басты
- Жаңалықтар
- Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы жарияланған еді. Осыған орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс ақыны Әлтай Аманжол пікір білдірді. Оның сөзінше, президент биылғы жолдауында халықты толғандырған маңызды мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Әлтай Аманжол өз сөзінде Қазақстан аграрлық салаға негізделген мемлекет болғандықтан, ауыл шаруашылығын дамытпай, ел экономикасын өркендету мүмкін еместігін Президент бұған дейінгі жолдауларында да үнемі айтып келетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол бұл жолы да аграрлық сала бойынша жөнге салуға тиіс ауыл шаруашылығындағы жем-шөп дайындайтын жерлерді кеңейту, ауыл маңында мал жаятын жайылым жерлердің жоқтығы, латифундистердің иелігіндегі игерусіз жатқан жерлерді шағын фермерлік қожалық иелеріне қайтадан әділ жолмен бөліп беру сияқты түйткілді мәселелер көтерілгенін жеткізді.
«Атап айтқанда субсидия мәселесін жетілдіру, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту, қосалқы шаруашылықтардың құқықтық мәртебесін айқындау, ғарыштық мониторинг және зондтау мүмкіндігін қолдану сияқты. маңызды мәселелер бойынша үкіметке нақты тапсырмалар берді», - деді Әлтай Аманжол.
Сонымен бірге, ол ауылдарда қазіргі кезеңде ең тапшы мамандардың бірі – мал дәрігері екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тұрғыда да жолдауда ветеринария қызметін қазіргі заман талабына сай жетілдіру керектігіне, ветеринар мамандардың жалақысын көбейтетіндігіне тоқталып, осы саланы реформалау бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырылған.
«Ауылды өркендету – ұлттың мерейін көтеру. Отандық сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету – аса маңызды стратегиялық мәселе. Сондықтан да Президенттің ауыл шаруашылығының дамуына баса назар аударғаны орынды деп есептеймін», - деді ол.
Бұдан бөлек, мәдениет қызметкерлерінің, атап айтқанда кітапханашы, музей қызметкері секілді мамандардың жалақысы 2025 жылға дейін жыл сайын 20%-ға көтерілетіндігі көңілге қуаныш ұялтқанын жасырмады.
Сондай-ақ, ол сапалы білім беру, ғылымды дамыту, сол арқылы озық технологияға қол жеткізу мәселесіне президентіміз тоқталып, тапсырмалар бергенін атап өтті.
«Ғылымды дамыту – елдің аса маңызды басымдығы екендігін президентіміз қадап айтты. Ғалым ретінде ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға ұзарту мәселесін де қуана құптаймын», - деді Әлтай Аманжол.
Сонымен қатар, ол Президенттің 2022-2025 жылдар аралығында жаңадан мың мектеп салуды тапсыруын – ұрпақ болашағына жасалған қамқорлық деп түсінетінін жеткізді. Оның сөзінше, халықаралық олимпиада жүлдегерлері болған оқушыларды материалдық, рухани ынталандыру, сыйақы тағайындау еліміздің мерейін асқақтатар дарынды балалардың қатарын көбейте түсетеді.
Венера Жоламанқызы
фото:
Ашық дереккөз
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
COVID-19: Вакцинациялауға қатысты өзекті сұрақтар мен оларға жауап -
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар