Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында

29 Наурыз, 2021 21:45

Елімізде күтімге мұқтаж балалардың саны жыл санап артып келеді. Бұл – ұлт саулығына тікелей әсер ететін тенденция деуге болады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысы кейінгі кезде Үкімет деңгейінде жиі көтеріліп жүр. Әлеуметтік саясатқа басымдық берген мемлекет болғандықтан осылай болуы заңды да.


2019 жылғы статистика бойынша Қазақстанда даму мүмкіндігі шектеулі 161 156 бала бар екен. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 2 желтоқсанда Үкімет отырысында келтірген дерегіне сенсек, 94 мыңнан астам бала ерекше күтімге мұқтаж. Осы мәселеге қатты алаңдаушылық білдірген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Денсаулық сақтау министрілгі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерін бір арнаға тоғыстыратын бірыңғай ақпараттық база құруды тапсырды.

«Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет. Бірыңғай ақпараттық қор база құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге оңтайлы жүйені неге жасамасқа», - деді мемлекет басшысы.

Статистика бойынша, соңғы 10 жылда даму мүмкіндігі шектелген балалардың саны 149 043-тен 161 156 адамға өскен. Тек 2012-2013 жылдары ерекше тіркеудегі балалардың саны азайған екен. Бірақ бұл осы аралықта шамамен 13 мың бала сырқатынан құлат таза айықты деген сөз емес. 2012 жылы маскүнемдік пен нашақорлыққа, уытқұмарлыққа ерте жастан шалдыққан балалар осы тізімнен шығарылған. Сол себептен де статистикада 2012-2013 жылдарда дамуы тежелген балалардың саны азайтылып берілген.

Өңірлер бойынша қарасақ, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында тоқтаусыз әрі жылдам өсіп жатқанын көруге болады.

1-кесте. Мүмкіндігі шектеулі балалардың 10 жылдағы статистикасы. (Дамудағы мүмкіндігі шектеулі балалар да тізімге енген).

 

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

Қазақстан Республикасы

 

149 043

151 216

148 652

138 513

141 952

141 821

144 783

147 396

153 230

161 156

Ақмола

 

6 159

5 685

6 089

6 373

6 845

6 932

6 741

6 848

7 416

10 652

Ақтөбе

 

4 337

4 901

4 815

5 124

5 169

5 234

5 410

5 729

5 884

6 344

Алматы

 

7 597

8 732

9 767

9 222

10 061

9 966

10 527

11 085

11 914

13 255

Атырау

 

5 234

4 992

5 312

4 754

4 604

4 507

4 003

4 300

4 701

5 587

Шығыс Қазақстан

 

12 309

12 420

12 322

11 369

12 651

13 914

15 208

14 901

14 998

15 733

Жамбыл

 

6 365

6 972

7 174

7 324

7 474

7 630

7 750

7 895

7 911

7 961

Батыс Қазақстан

 

7 859

8 024

7 298

6 487

6 091

6 156

6 032

6 025

5 922

5 967

Қарағанды

 

12 547

13 589

13 484

11 120

11 035

10 808

8 904

8 987

11 183

11 672

Қостанай

 

13 810

12 884

13 170

11 693

11 373

11 103

10 904

10 777

10 779

10 159

Қызылорда

 

4 462

4 697

4 365

3 958

4 367

4 903

5 467

6 218

5 888

5 739

Маңғыстау

 

2 473

2 916

3 005

3 009

3 353

3 885

4 338

4 968

5 485

6 175

Павлодар

 

5 794

5 939

6 161

6 302

6 342

4 685

6 228

6 452

6 630

6 832

Солтүстік Қазақстан

 

5 257

5 208

5 100

4 574

4 605

4 638

4 736

4 521

4 332

4 150

Түркістан

 

41 525

40 130

35 819

33 445

32 415

30 023

28 362

28 661

20 051

19 149

Шымкент қ

 

-

-

-

-

-

-

-

-

8 709

9 429

Нұр-Сұлтан қ.

 

5 126

5 737

6 228

7 125

7 927

8 504

9 297

7 874

7 557

9 065

Алматы қ.

 

8 189

8 390

8 543

6 634

7 640

8 933

10 876

12 155

13 870

13 287

Дерек Ұлттық статистика бюросының сайтынан алынды.

Жалпы мүмкіндігі шектеулі жандардың статистикасы да осыған ұқсас. Елдегі 695 253 мүгедектің 256 199 адамы жоғарыда аталған 4 өңірде тұрады.

2-кесте. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 10 жылдағы статистикасы.

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

Қазақстан Республикасы

563 086

609 780

626 740

627 163

637 217

651 924

662 544

680 025

695 253

Ақмола

26 298

28 193

28 470

28 003

28 221

28 637

28 821

29 200

29 059

Ақтөбе

19 667

21 451

22 181

22 256

22 909

24 040

25 008

25 962

27 044

Алматы

62 919

69 584

71 144

70 282

69 968

68 248

67 280

68 259

68 775

Атырау

16 268

17 554

18 301

18 888

19 438

20 239

21 003

21 748

22 886

Шығыс Қазақстан

54 730

57 560

58 165

57 124

57 073

57 080

56 704

56 920

56 543

Жамбыл

36 021

38 375

39 622

40 365

41 377

42 570

43 301

44 679

45 880

Батыс Қазақстан

23 547

25 019

25 408

24 753

24 201

24 036

23 684

24 023

24 401

Қарағанды

56 994

61 704

63 385

62 239

63 102

64 329

65 552

66 845

67 763

Қызылорда

24 137

26 517

27 117

27 304

27 999

29 151

29 234

29 751

30 115

Қостанай

24 423

26 310

27 022

26 907

27 399

27 676

27 831

28 013

28 177

Маңғыстау

15 215

17 440

18 512

19 661

20 703

22 358

23 708

25 545

27 715

Павлодар

26 701

29 092

29 591

28 410

28 292

28 061

27 699

27 915

27 965

Солтүстік Қазақстан

27 388

29 117

29 402

28 747

28 542

28 194

27 397

27 268

26 944

Түркістан

93 110

101 944

106 244

108 547

112 292

117 392

121 663

91 001

94 128

Шымкент қ.

-

-

-

-

-

-

-

35 498

36 634

Алматы қ.

41 063

42 607

43 510

44 196

45 436

47 967

49 511

51 679

53 706

Нұр-Сұлтан қ.

14 605

17 313

18 666

19 481

20 265

21 946

24 148

25 719

27 518

Дерек Ұлттық статистика бюросының сайтынан алынды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сенсек, 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың тізімі тағы 10 мың адаммен толыққан. Тіркеудегі 705 мың адамның 430 мыңы еңбекке жарамды жаста болса, 181 мыңы зейнетте. 94 мың бала бар. Күтімді қажет ететін адамның саны артқан сайын қамқорлықтың сапасы сынға түсетінін айтпаса да түсінікті. Әлеуметтік қолдаулардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы саладағы сатып алу процестері цифрландырылғаны белгілі. Қазір сол жүйенің өзіне көп сын айтылып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаудың бірыңғай стандарты қалыптасып үлгергенімен, өңірлерде оның орындалуы түрлі деңгейде.

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова Президенттің бұл бастамасы әсіресе ерекше күтімді қажет ететін балардың басындағы проблеманы шешуге оңтайлы жол ашады деп отыр.

Барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін жеңілдету, күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы бойынша жұмыстарды жүйелеп, қазіргі цифрлық стандарттарға сай жетілдіру қажеттігі артуда. Осыған орай Президенттің Денсаулық сақтау, Білім беру және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ведомствоаралық өзара іс-әрекетін негізге ала отырып, Бірыңғай ақпараттық базаны құру арқылы оңтайлы жүйені жасау жөніндегі тапсырмасы қажетті әрі уақытылы екені анық. 

«Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажет етілген объектілерге кедергісіз кіруді қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атарушы органдарға қажет етілген барлық объектілердің картасын дайындауды тапсырды. Ол өте маңызды, себебі объектілердің қолжетімділігі проблемасы туралы мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі де, олардың құқықтарын қорғаушы ұйымдар да, үкіметтік емес ұйым өкілдері де әрдайым айтып жүр», - дейді Зарема Шаукенова.

Былтыр пандемия мен дағдарысқа қарамастан осы адамдардың қамқорлығына бөлінетін қаражат 12 пайыз көбейтілген болатын. Яғни, мемлекет 705 мың отандасымыздың күтіміне бір жылда 448 млрд теңге жұмсаған            Аталмыш қаражат мүгедектегі бар жандардың өмір сапасын жақсартып, құқықтарын қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары аясында игеріліп отыр.

Сол бағдарламаның шеңберінде оңалту болжамы қолайсыз адамдар үшін мүгедектік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Ал бала 5 жылға немесе ол 16 жасқа толғанға дейін мүгедек деп танылатын көрсетілімдер кеңейтілді. Ағымдағы жылы елімізде алғаш рет электр жетегі бар отандық кресло-арбаларды өндіру бойынша жоба іске қосылды. «Тыныс» акционерлік қоғамы алғаш рет электр жетегі бар 1381 отандық кресло-арбаны мемлекеттік тапсырыспен жасап шығарды. Amazon және Alibaba сияқты сервистердің қағидаты бойынша мүгедек адамдар үшін aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды.

Аталған шаралар мен жобалардың бәрі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаннан бері тұрақты көтеріліп келе жатқан мәселелер болатын. Кеңес мүшелері үйым отырыстарында бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Президент ол ұсыныстың бір де біреуін жерде қалдырмай, нақты шешімдермен бекітіп келеді. Жауапты ведомстволар мен Ұлтты кеңес мүшелерінің бірге атқарған жұмыстарының арқасында нақты шаралар мен нормаларға айналуда. Бұл да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жемісті жұмыс істеп жатқанын айғақтайды.

Ерден Қадыров

Барлық жаңалықтар