- Басты
- Жаңалықтар
- Лондонда «Астана Балет» театрының гастролі аяқталды
Лондонда «Астана Балет» театрының гастролі аяқталды
16 Қыркүйек, 2019 12:10
Даңқты «Ковент Гарден» Қазақстанның балет труппасын алғаш рет қарсы алды. «Астана Балет» әртістері Корольдік театрдың жаңа – Линбури Холл сахнасында өнер көрсетті. Лондонның талғампаз көрермені астаналық ұжымның шеберлігіне тәнті болып, гастрольдік бағдарламаны зор қошеметпен қабылдады,деп хабарлады Strategy2050.kz.

Көрермен залында ине шаншыр орын қалмады. Өнерсүйер қауымға Театрымызды әйгілеп тұратын «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық дивертисменті мен неоклассикалық репертуарға жатытын - «Love Fear Loss» және «A Fuego Lento» бір актілі балеттері тарту етілді.
« Әртістердің шеберлігі тәнті етті. Бишілердің пластикасы, артистизмі, музыканы сезінуі таң қалдырады. Лондонға мыңдаған балет труппасы келген болатын. Бірақ, шынымды айтсам, бұл ұжымның өнерін тамашалап, бір жасап қалдық. Ұлттық киімдеріңіз, музыкаңыз ғаламат», - деген ойымен бөлісті, Салли Мур есімді көрермен.Театрдың баспасөз қызметі хабарлағандай, кеш бағдарламасындағы «Саломея» бір актілі балетінің лондондық премьерасы да ойдағыдай өтті. Ағылшын драматургы Оскар Уайльдтың библия әпсанасын өзінше тәпсірлеген пьесасы, Мукарам Авахриге ерекше әсер етіп, осы қойылымды жасауға шабыт сыйлады:
«Оскар Уайльда шығармасының желісімен қойылған балетті Лондон жұртшылығының назарына ұсынғанда шыны керек, толқып тұрдық. Бір жағынан бұл мақтаныш, екінші жағынан, зор жауапкершілік. Көрермен ықыласына қарағанда, біздің еңбегімізді бағалап, хореографиялық шешімімізді түсінген сыңайлы. Өз басым, әртістерімізге, бүгінгі кешке дән ризамын», - деді «Астана Балет» Театрының бас балетмейстері.Отандық хореографтың авторлық спектаклі көрермен көңілін тебірентті. Талғампаз көрермен хореографиялық иірімдерді, түстерді ойнату, декорация, костюмдер мен музыканың үндестігін ерекше атап отырды:
« Бояуы қанық балет. Оқиғаға жан біткен. Сахнадағы әркеттен көз ала алмайсың. Өз басым, хореографиясын ұнаттым. Әртістердің сахнадағы қозғалысы экспрессияға толы, көңілім тасып тұр», - деген ойымен бөлісті, Уильям Бинк есімді көрермен.«Астана Балет» театрының гастролін Қазақстан Республкиасы Мәдениет және спорт министрлігі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды
-
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай
-
COVID-19: Әлемдегі эпиджағдай күрделі. Лондонда, Мәскеуде карантин шаралары күшейтілді
-
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
-
Ө.Шөкеев: Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды
-
Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды – Қ.Тоқаев
-
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады
-
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі
-
«Астана Операда» «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы өтті
-
«Астана Опера» Ресейде «Жібек саты» опера-фарсын ұсынды
-
«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды
-
«Астана» халықаралық қаржылық орталығы Алматы облысына инвестиция тартады

