Инвестициялар

Алматы –инвестициялық тартымды қалалардың көшбасшысы

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық деңгейде (20.3%), бұл басқа аймақтармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш, көтерме сауданың жартысын (48%), бөлшектеп сатудың төрттен бір бөлігінен жоғарғысын (30%) қамтамасыз етті. Қазақстан Әлемдік банктың Doing Business рейтингісі бойынша 36-шы орынды иеленіп тұр. Бұл ретте, аталмыш рейтингті шығарарда Алматы қаласының көрсеткіштері есепке алынғанын айта кету қажет. Бұл туралы KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Жандос Оразалиев мәлімдеді.
Астана қаласы10 Тамыз , 10:03

Биылғы  қаңтар мен маусым аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 22,7% өсім көрсетті. Жандос  Оразалиев компанияның филиалы аймақта қандай жұмыстар жасап жатқаны туралы айтып өтті.

«KAZAKH INVEST басты функцияларының бірі инвестициялық жобаларды қолдау болып табылады, негізінен шетел капиталы бар жобалар. Осы бағытта KAZAKH INVEST Алматы қаласындағы өкілдігімен шетел капиталы бар, инвестициялар көлемі 414,8 млн. АҚШ долл. құрайтын 11 инвестициялық жобаға қолдау жумыстары атқарылып жатыр. Аталмыш жобалардың сәтті жүзеге асуы қаламызда 3 000 жоғары жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Бұл жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібі мен сауда салаларында. Үстіміздегі жылы жоспар бойынша инвестициялар көлемі 252 млн. АҚШ долл. құрайтын 7 жобаны іске қосу көзделуде», - деді ол.

Ол айтып өткендей,   қытайлық ірі компания CNPC-дің үлкен диаметрлі дәнекерленген трубаларды өңдейтін Asia Steel Pipe Corporation зауытын, ресейдің Эстралин компаниясының кабельдік өткізгіштер өңдейтін KMK Investment зауытын, неміс капиталы бар электрлі автобустарды құрастыру зауытын іске қосу жоспарлануда.

«Қазігі таңда жапондық Tokyo Rope компаниясының соммасы 10 млн. АҚШ долл. құрайтын инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын өнеркәсібі іске қосылып, соммасы 32 млн. АҚШ долл. құрайтын француз бренді Леруа Мерлен құрылыс материалдар гипермаркеті ашылды. Егер аталмыш өнеркәсіп жапондық Tokyo Rope компаниясының 2-ші жобасы болса, француздық бренд Леруа Мерлен де қосымша тағы 2 жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді. Жобалар пысықталуда», - деді ол.

Сондай-ақ, соммасы 73 млн. АҚШ долл. құрайтын 5 жоба байынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жобалар: француздық бренд Decathlon спорттық тауарлар гипермаркеті, жоғары технологиялық кір жуу Cotton Way комбинаты, жаңа Нобел АФФ фармацевтикалық өнеркәсібі, мұнай сортаментінің құбырлық өнімдерін шығаратын Asia Steel Pipe Corporation компаниясының 2-ші зауыты.

«Алматы – бизнес үшін ең қолайлы қала болып табылады. 7 500 жуық шетел капиталы бар кәсіпкерлік жұмыс жасауда.2018 жылдың маусымынан бері 50 кездесу ұйымдастырып, 2,4 млрд. АҚШ долл. құрайтын 24 жоба анықталды. Бұл жобалар машина жасау, туризм, тамақ өнеркісібі, медицина және т.б. салаларды қамтыды», - деп атап өтті Ж.Оразалиев.

Сапалы инвесторларды тарту үшін KAZAKH INVEST Deloitte және PricewaterhouseCoopers атты әлемде мойындалған компаниялармен бірлесе отырып, халықаралық стандарттарға сай инвестициялық ұсыныстар әзірлейді. Өткен жылы 50 инвестициялық ұсыныс әзірленсе, биыл 60-тан аса ұсыныс әзірлеу жоспарлануда. Ірі компаниялардың Алматы қаласында көптеп шоғырлануы сапалы инвестициялық жобалардың барынша анықтауға қолайлы жағдай жасайды.

«Әзірленген инвестициялық ұсыныстар бойынша компанияның шетелдегі өкілдіктері, тәуелсіз агенттері, шетелдегі ҚР елшілерінің инвестициялар бойынша кеңесшілері мен елдік менеджерлер арқылы инвесторларды тарту жұмыстар атқарылады», - деді ол.

Айта кетейік,  қазіргі таңда Алматы қаласындағы инвестициялық жобалар бойынша Катар, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Франция, Германия және Ресей елдерінің инвесторларымен қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Әлемдік банкпен, Азиялық даму банкімен, Евразиялық даму банкімен және т.б. халықаралық қаржы институттарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Алматы қаласындағы Индустриалдық аймағы және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы  басты инвестицияларды тарту алаңдары болып табылады. Индустриалдық аймақта 446 млн. АҚШ долл. құрайтын 40 инвестициялық жоба іске асуда. Толығырақ Индустриалдық аймақ жетекшісі Турарбеков Мұхтар Ералиұлы айтып өтеді.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 143 компания тіркелген. Жалпы инвестиция 75 млн. АҚШ долл. құрады.

Инвесторлорға барынша қолайлы жағдай жасау аясында ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе «Protecting Business and Investors» жобалық кеңсесі құрылды. Бұл туралы толығырақ кеңсе жетешісі Данияров Геннадий  айтып өтеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Алматы қаласының кезекті халықаралық инвестициялық форумы мен инвесторлар кеңесінің отырысын өткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика