• Басты
  • Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев
12 Қараша, 2019 11:05

Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана клубының» бесінші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Отырыс «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбына арналып отыр. Клуб сарапшылары пікірталасына АҚШ, Қытай мен Ресей үштігі арасында ушыққан текетірестің ағымдағы ахуалы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көтеруі сынды мәселелер арқау болды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мерейтойлық отырысқа қатысушыларды қарсы алып, «Астана клубы» халықаралық тұғырнамаларда өз орнын алып, беделді форумға айналғанын атап өтті.

през.jpeg

«Қазіргі кезеңде Еуразиялық мегақұрлықтың көлік байланысы адамзат тарихында бірлесе отырып Азия құрылығының даму мүмкіндігін беріп отыр. Сондықтан да қазіргі кезде ашық әрі әділ диалог қажет. Ол арқылы біз тәуекелдерді еңсеріп, Үлкен Еуразиядағы жаңа байланыстарды арттыратын боламыз. 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында заманалық оқиғалар көп болды. Оның ішінде, КСРО-ның ыдырап, дағдарысқа ұшырап жатты. Бірақ, сол кезеңде әлем өзіндік оптимистік жағымды іс-шараларға толы болды. Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы - Берлин қабырғасының құлауы еді. Жаңа біртұтас әлемді құруға, дамуға серпін берді. Сол кезеңде өзіндік бір алғажылжу барысында Фрэнсис Фукуяманың «Тарихтың ақыры» деген еңбегі жарияланды. Яғни, әлем тарихы аяқталды. Адамзат дамудың бірыңғай жолына түсті деген өзіндік бір елес пайда болғандай болды. Алайда, үш онжылдық өткеннен кейін біз қарап отырсақ, бұл үміттер ақталмады. Біз қазір әлем бойынша қақтығыстар мен текетірестердің қайта жанданғанын көріп отырмыз. 2019 жыл қаншама жағдайларға толы болды. Сенім мен жаһандық ауқымдағы кооперацияны біршама әлсіретті», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі күні саясаткерлер,әлемдік деңгейдегі сарапшылар өздерінің пікірлерін айтып жүргенін айтты.

«Еуразиядағы геосаяси ахуалға байланысты және ондағы басты тәуекелдер бойынша өзімнің көзқарасымды білдіргім келеді. Біріншіден, бізді әлемдік экономикадағы ахуал алаңдатуда. Себебі, ол өзіндік бір дағдарыстың болатынын көрсетіп жатыр. Сондықтан да, сауда қайшылықтар мен геосаяси тұрақсыздыққа байланысты жаһандық институттар да жағымсыз болжамдар жасауда. Жаһандық өсімнің бәсеңдеуі әлемдік саудаға кері әсерін тигізіп жатыр. Жаһандық мемлекеттік қарыз деңгейі қазір 2007 жылдағы дағдарыс алдындағы кезеңнен жоғары тұр. Қазіргі кезеңде әлемдік ЖІӨ-нің 80 пайызын құрап отыр. Бұл факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылыққа ықпал етіп жатыр. Еуразия елдеріне өзіндік әсерін тигізеді, себебі олар сауда және қаржы ағындарының жаһандық жүйесіне кіріккен болатын. Кеше осы жерде отырған сарапшылармен сұхбаттасу барысында бұл проблемаларды қарастырдық», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы екінші фактор – әлемдік державалар арасындағы текетірестің жаңа деңгейге шығуы екенін атап өтті.

назарб.jpeg

«Қазір экономикалық санкциялар, сауда соғыстары, әсіресе АҚШ пен ҚХР арасындағы қарым-қатынастар көрінісі болды. Сондай-ақ, Батыс пен Ресей арасында экономикалық санкцияларды көріп отырмыз. Коммуникацияның арнайы арналары болмай отыр, оның барлығы стратегиялық тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп жатыр. Алдыңғы қатарлы державалардың арасындағы текетірес Еуразияның белгілі бір шиеленісті нүктелеріне баруда. Мысалы, Сирия және Украинадағы дағдарыс бейбіт шешуді қажет етеді. Ал, ол антиинтеграциялық жағдайдға айналған болатын», - деді Н.Назарбаев.

Үшінші факторды Елбасы жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды жою кезіндегі келісімнің күші жойылғаны 20 ғасырдың екінші жартысындағы қауіпсіздікке өзіндік кері әсерін тигізіп отырғанын жеткізді.

«Осының барлығын көрсетіп отырсақ, Еуразия кеңістігіндегі бақылаусыз милитаризацияны көрсетіп отыр. Мемлекеттер өздерінің қауіпсіздігі мен егемендігінің кепілі деп білетін қарулардан бас тартпай отыр», - деді ол.

Оған қоса, Елбасы төртінші факторға державалар арасындағы жаһандық конфрантация технология саласына өтіп жатқанын жатқызды.

«Мәселен, Huawei қытай компаниясындағы жағдай геосаяси қайшылықтар технология мен электрониканың дамуына да жағымсыз әсер ететінін көрсетіп отыр. АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің артуы жаһандық технологиялық тізбектердің бұзылуына сонымен қатар, жоғары технологиялардың әлемдік нарығын тұрақсыздандыруда. Қазіргі кезде жасанды интеллект өзінің дамуы өте серпінді болып отыр. Оның әртүрлі мүмкіндіктері мен қатерлері бар. Бүгінгі күні жасандық интеллекті тұрақтылық пен жасанды соғыстарды туғызудың тетігі тәріздес», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Ал, бесінші фактор Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделі болуы, жаһандық деңгейдегі энергетикалық қауіпсіздікте үлкен рөл ойнап отырғанын айтты.

«30 пайыз энергия тасымалдаушы осы аймақ бойынша өтетінін білеміз. АҚШ Иран бойынша ядролық мәміледен шығуы, өз кезінде Қазақстан оған өз үлесін қосқан болатын. Өңірдегі жағдайды біршама шиеленістіріп отыр. Бұл үрдістердің барлығын сіздер айттыңыздар. Қазіргі кезеңде Еуразиядағы қауіпсіздік жүйесін қайта жіктеу және оның қайта көзқарастарды тудыруы қажет болып отыр. Дағдарысты ахуалдар мен әртүрлі тәуекелдер диалогты қажет етеді. Үлкен Еуразияда жаңа бір ойын ережелерін анықтауды қажет екенін барлығымыз көріп отырмыз. Оны әртүрлі форумдарда да тілге тиек еттік», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Елбасы тәжірибелік ұсыныстарын айтты.

«Біріншіден, жалпы құрлықтық қауіпсіздік құрылымын қалыптастырудағы негізгі тәсілдерді қайтадан сындарлы түрде қарастыруымыз қажет. Қазіргі таңда толыққанды Еуразиялық қауіпсіздік моделін құру қажет. Ол Еуропалық және Азиялық өңірлік жүйелерді біріктіретін болады. 2020 жылы ЕЫҚҰ дамуының, яғни Астана декларациясының қабылданғанына 10 жыл толады. Мұнда бірыңғай қоғамдастықты Еураатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік құру мәселелер қарастырылған болатын. Бұл мәселелердің барлығы АӨСШК мен Еуропадағы ЕҚЫҰ-ның біріктіру қарастырылып отыр. Бұл екі ұйымның бірігуі Еуразиядағы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін еді. Астана клубы сарапшыларының сауалнамасы да оны дәлелдеді. Өйткені, олардың 65 пайызы осы екі ұйымның біріктіру үшін дауыс берді. Олар Еуразиядағы қауіпсіздік мәселесін тиімд шешуге мүмкіндік береді деп есептейді. Сондықтан да АӨСШК мен ЕҚЫҰ сарапшылары мен дипломаттары Астана клубының тұғырнамасын пайдаланып жаңадан келіссөздерді бастау керек деген пікірдеміз. Ол жоғары деңгейдегі іс-шараларды қабылдауға маңызды», - деді Елбасы.

Екіншіден, Елбасы жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселелерін атап өтті.

«Әлем 21 ғасыр манифесінде БҰҰ сессиясында адамның тіршілігіне қауіп келтіретін соғыстарды болдырмау мәселесі жөнінде ядролық қарусыз әлем құру мәселесін айтқан болатынмын. Иран және Корея елдері раасындағы ядролық бағдарламалардың күшеюіне байланысты болып отыр. Қазір жаһандық платформалар қажет. Ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды дамытпау мәселесін дамытуымыз керек. Осыған орай, ядролық қарусыз әлем үшін әлемдік көшбасшылар альянсын құру қажет деген ойдамын. Ғалымдар, беделді саясеткерлер, дипломаттар өздерінің күш-жігерін ядролық қаруды таратпауға жұмылдыруы тиіс деп ойлаймын. Біздің клуб мүшелерін халықаралық бірлестікті құру мәселесін ойластыруды ұсынамын», - деді ол.

Үшіншіден, Елбасы ядролық қарусыздануға байланысты келісімдердің тоқтап жатқанын көріп жатқанын атап өтті.

«Келесі жылы шолу конференциясында тағы да негізгі құжаттың ережелерін әмбебап етуіміз керек. Сондықтан да, осы шарттан шыққандарға халықаралық жауаптылықты күшейту керек. Оны БҰҰ ҚК қарарлары деңгейінде  шешу керек деп ойлаймын. Сондай-ақ, ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт, ядролық сынақтарды жүргізуге тыйым салу шарттарына мемлекеттердің қосылуы үшін жұмыс істеу керек. Ядролық қауіпсіздік бойынша әрбір  екі жылда жаһандық саммит өткізу өте маңызды деп ойлаймын. Қазақстан осындай мңызды саммиті  өзінің елордасында қабылдай алады. Қазақстанның оған моральдық құқығы бар. Себебі, біз ең ірі ядролық полигонды жауып, өз еркімізбен төртінші ядролық арсеналдан бас тарттық», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы, төртіншіден, Азиялық кеңістіктегі милитаризациялау үрдісі алаңдатып отырғанын айтты.

«Солтүстік Кореяға байланысты жағдай, бұл жерде БҰҰ ҚК мүшелері тарапынан пәрменді кепілдіктер жасау керек деген ойдамын. Ол Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға мүмкіндік берер еді. Пхенян  мен Сеул арасында өзара сенім каталогын қалыптастыру қажет деген ойдамын. Осы мәселелердің барлығын қарастыру үшін АӨСШК тұғырнамасын пайдалану керек», - деді Елбасы.

Бесінші ұсыныс бойынша Н.Назарбаев Еуразияның болашағын қарастыратын шағын қоғамдастықты құру қажеттігін тілге тиек етті.

«Құрлықаралық ықпалдастықты дамытатын экономикалық диалогты дамыту өте маңызды деген ойдамын. ЕАЭО, ЕО және ШЫҰ, АСЕАН бастамалары Үлкен Еуразияның қалыптасуына серпін беріп, әлемнің ірі құрлығында саяси кеңістікті тұрақтандырар еді деген ойдамын. Сондықтан да, ЕО мен ЕАЭО арасында толыққанды диалог әлі қалыптаспағанын  айтып кету керек. Бұл екі бірлестік тарихи тұрғыда болсын, географиялық тұрғыда болсын, бір-бірін толықтыруда. Ағымдағы  саяси келіспеушіліктер бізді бөлмеуі тиіс. Бұл сұрақ  оңай емес. Алайда, барлық тараптар үшін өте пайдалы. Бүгінгі күні ЕО мен Ресей арасындюағы қайшылықтарды тоқтату мәселесі айтып отырмыз. Бұл экономикаға қандай зардап шектіріп отырғанын барлығы көріп отыр. Миссия басшыларының жыл сайынғы саммитін өткізуді ұсынамын. ЕАЭО Құрметті төрағасы ретінде бұл  үрдіске жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын. Экономикалық кооперациялар барлық тараптарға жәрдемдеседі деген пікірдемін», - деді Елбасы.

Қорытындылай келе, Елбасы Қазақстан бүкіл Еуразиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздіксізешқандай тарап өзінің орнықты және ұзақмерзімді  дамуын қамтамасыз ете алмайтынын түсінетінін атап өтті.

«Бүгінгі күні барлық құрлық елдері  бір  аймақтық деңгейде  қалып қоймауы қажет. Жаппылама, бір категориялар бойынша ойлануы тиіс. Біз осы арқылы еуразиялық суперқұрлықтың  әлеуетін пайдалана аламыз. Клубымыз жаңа геосаяси  құрылымның, яғни Үлкен Еуразияның  идеялық платформасы болып отырғанын атап өту керек. Тарихшы, ойшыл Арнольд Тойнбидің айтуы бойынша, әрбір қоғам тарихи сын-тегеуріндерге қаншалықты жауап бергеніне  байланысты дамыған болатын. Тарих-күрделі сыншы. Дұрыс емес немесе жауаптарды таппау өте қиын жағдайларды алып келеді. Біз бүгінгі күнді қалай еңсереміз, жекелеген аймақтардың емес, бүкіл  адамзаттың тағдырымен байланысты. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз жаңа сын-тегеуріндерге төтеп бере аламыз», - деп түйіндеді Елбасы. 

   Айта кетейік, 2015 жылы құрылған «Астана Клубы» қазақстандық пікіріталас алаңы қысқа мерзімде Еуразияның барлық маңызды ойыншыларын біріктірген нағыз жаһандық алаңға айналып, халықаралық қызығушылыққа ие болды. Клуб тараптарды бір үстелдің басына жинау арқылы түрлі геосаяси аймақтарда қақтығыс құрсауына ілінген мәселелер бойынша ортақ шешім шығаруға мүмкіндік береді. Клуб ұйымдастырған жылсайынғы жиналыстарға әлемнің 40 елінен 200-ден астам спикер қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Ресей, Иран, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің меймандары бар.

Аягөз Құрмаш

Фото: Артем Чурсинов 


  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды