Экономика

Елімізде ЭКСПО жобалары қалай енгізілуде

Энергетика министрлігі ЭКСПО көрмесінің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды ҚР-да қолдану мүмкіндігін қарастыруда.Сараптамалық жұмыс тобымен көрмеде ұсынылған 105 шетелдік және 28 отандық технология таңдалған. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы07 Тамыз , 14:20

Министр атап өткендей,  қазіргі уақытта әкімдіктермен және компаниялармен енгізу үшін 115 технология таңдалды, оның ішінде әкімдіктермен 102 технология, компаниялармен 13 технология. Осы ретте, әкімдіктермен 16 технология енгізілді, ал 2018 жылдың соңына дейін әкімдіктермен және компаниялармен 20 технология енгізілетін болады.

«Мұнай және газ саласында қазіргі уақытта Ресей, АҚШ, Қытай және Финляндия елдерінің 9 технологиясы анықталды, оның ішінде әкімдіктермен 7 технология және компаниялармен 2 технология таңдады.«Энергетика» бағыты бойынша 72 технология анықталды, оның ішінде 63 әкімдіктер таңдады.«Ембімұнайгаз» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазТрансОйл»АҚ, «KEGOC»АҚ компаниялары бұрын таңдаған 9 технология бойынша компаниялары өз жұмыстарын жалғастыруда.«Көмір өнеркәсібі» бағыты бойынша 3 технология таңдалды. Бұл технологиялар 2019-2020 жылдары енгізілетін болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, «Экология» бағыты бойынша әкімдіктер мен компаниялар отандық және өнеркәсіптік сарқынды суды тазарту, ауа сапасын бақылау және қалдықтарды басқару саласында 31 технологияны таңдады.

«Қостанай облысы әкімдігімен «Vissmann қазандық қондырғы» неміс технологиясы енгізілді. Осы технологияны енгізумен жылумен жабдықтаудың сапасы жақсарды, ал жылу энергиясының өнімділігі 24 614 Гкалға артты.Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімдігі қытайлық «күн батареялары» технологиясын енгізді. Бұл технология Лисаковск қаласында ұзындығы 1,7 км автономды жарықтандыру желісімен енгізілді. Электр энергиясын төлеу үнемділігі жылына 1 млн. теңгені құрайды», - деді ол.

Бұдан басқа, 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Биомассадағы қазандықтарды орнату» поляк технологиясын енгізді. Бұл технологияның артықшылығы - күлдің және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың болмауы, сондай-ақ көмірлі қазандықтарға қарағанда 2 есе үнемді. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бюджеттік саладағы нысандарда (мектептер, әкімдіктер, мәдениет орталықтарында, тұрғын үйлерде) және шаруашылық нысандарда 73 қазандық орнатылған.

ЭКСПО технологияларын енгізу бойынша бұдан әрі жұмыстар әкімдіктермен және компаниялармен бекітілген жол карталарына сәйкес жалғасатын болады.

Қ. Бозымбаев сондай-ақ отандық технологиялардың енгізілуі туралы баяндады. Олардың қатарындағы ғалым А. Әлімғазиннің «SN-62 маркалы жылу сорғысы» жобасы Қостанай облысының әкімдігімен Әулиекөл ауданында күн энергиясы есебінен суды тікелей жылыту үшін енгізілді. Ғалым А. Болотовтың «Болотовтың жел роторлы турбинасы» жобасы Қостанай облысының әкімдігімен енгізілді.

Ғалым А. Жылқашинованың Экспо көрмесінде көрсетілген «қуаты 500 кВт бөгетсіз тиімді шағын-СЭС» жобасы Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласындағы Кедровка өзенінде іске асырылатын жобалардың тізіміне енгізілді. Ал ғалым Д. Байсейітовтің «Гелиоколлекторлар пайдаланылатын гелиоқазандықтар» жобасын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2018 жылы енгізуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде, БҒМ басшысы Ерлан Сағадиев  ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған қазақстандық ғылымда жаңа идеялар тудыруға, технологиялар трансфертіне және білім беруді дамытуға мықты серпін беретінін айтты.

«ЭКСПО-2017 өткізу еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының әртүрлі бөліктерінде нақты проблемаларды шешу үшін ғылыми ұйымдардың және ЖОО-ның өндіріспен белсенді ынтымақтастығы мен ықпалдастығын ынталандырды. Сонымен бірге, ҒЗИ мен университет ғалымдарының шетелдік әріптестерімен, университеттермен және компаниялармен халықаралық байланысы неғұрлым жанданды.Одан басқа, «Кәсіпқор» холдингі, республиканың ЖОО-лары мен колледждері энергия үнемдеу саласында мамандандырылған шетелдік университеттер мен компаниялар, ұйымдармен бірқатар келісімдерге, меморандумдарға, шарттарға (3 колледж, 20 ЖОО) қол қойды», - деді Е.Сағадиев.

Энергетика министрлігі Білім және ғылым министрлігі мен бірлесіп ЭКСПО-2017-де көрсетілген жаңа технологияларды пайдалану бойынша Жол картасын бекітті. Білім және ғылым министрлігіне белгіленген мерзімге сәйкес орындалатын 8 іс-шара бекітілді.

Ұлттық биотехнологиялар орталығы «Қаланы көгаландыруға арналған  инновациялық технологиялар (Дүниежізілік банктің «Өнімдік инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында)» жобасы бойынша жұмысты жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың маусымында ҰБО мен «Астана – Көгалдандыру» АҚ арасында Недзецский алма ағашының сирек кездесетін түрінің 100 дана көшетін жеткізуге шарт жасалды, көшеттер Астананың қайта ашылған Ботаникалық бағына отырғызылды.Болашақта өсімдіктің отырғызылатын бірнеше түрі (кассеталардағы тұқымдар, шағын көшеттер, ірі көшеттер) өсіріледі және елді мекендерді көгалдандыру саласындағы басқа компаниялар үшін сатылатын болады. Технология ағашты-бұталы, жеміс-жидекті өсімдіктердің экзотикалық, сәндік сұрыптарын өсіру мен сақтау үшін қолданылуы да мүмкін.

Жалпы барлық жобалар мен бағдарламалардың үлкен ғылыми және білім беру әлеуеті бар екенін, жобалардың көпшілік бөлігінің өндіріске пайдалану мен енгізу үшін болашағы бар екенін атап өту қажет.

Аягөз Құрмаш 

 

 

 




Яндекс.Метрика