Ә.Смайылов: Көтерме-тарату орталықтар желісі бағаның өсуін тежейді

28 Сәуір, 2020 10:03

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, көтерме-тарату орталықтарының желісін құру қажеттігін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттің өзін-өзі қамтамасыз ету мәселелері шиеленіскен кезде азық-түлік қауіпсіздігі өзекті болып отыр. 

"Тәуелсіздік алғаннан бері жеміс, көкөніс өнімдерін сақтау бойынша қуаттардың жетіспеу проблемасы тұр. Олардың тапшылығы бүгінде 70 пайызды немесе 4,7 млн тоннаны құрайды. Жыл сайын маусымаралық уақытта жемістер мен көкністердің бағасы өсуде. Осыған байланысты көтерме тарату орталықтарының желісін құру сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобаны іске асыру басты мәселе болып отыр. Мұндай желіні құру әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін төмен бағамен жинап сақтауды және жыл бойы нарыққа шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Қаржы министрі үкімет отырысында. 

Әлихан Смайыловтың сөзінше, бұл желі халықты отандық өнімммен қамтамасыз етіп, бағаның өсуіне тосқауыл бомақ.

"Бір жағынан бұл фермерлерге өз өнімін толық кепілді тасуға мүмкіндік беруді,  екінші жағынан нарықты отандық өніммен қамтамасыз етеді және бағаның өсуін тежейді. Жобаны бастау үшін бірінші кезекте республикалық бюдджеттен қаражат бөлу міселесі қаралатын болады. Сонымен қатар Сауда және интеграция министрлігі және әкімдер жобаларды тиімді іске асыру үшін инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік жекешелік әріптестік тетіктерін пысықтауы тиіс", - деп түйіндеді ол. 

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар