- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Қазан айының басында жас кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жоба авторларының әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жетінші маусымына өтінім қабылдау басталған еді. Қатысушылар оқытудың мазмұнды инкубациялық бағдарламасынан өтеді, содан кейін үздік идея авторлары өз бастамаларын іске асыруға грант алу мүмкіндігіне ие болады. Бүгін елордада өткен «ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) іске асырудағы жастардың үлесі» атты дөңгелек үстелде жоғарыда аталған мәселелер талқыға түсті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жоба авторлары БҰҰ-ның тұрақты дамуының 5 жаһандық мақсатының біріне қол жеткізуге өз үлесін қосуы керек. Атап айтсақ, сапалы білім, таза су және санитария, арзан және таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелерін шешетін жоба болуы керек.
Жиынға қатысқан Coca-Cola Icecek Kazakhstan корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Алима Исембаева жастарды жоба ұсынып, грант алуға шақырды.
«Әлеуметтік салаға бей-жай қарамайтын жастар өздерінің шығармашылық идеяларын ұсына отырып, әлеуметтік жобаларға белсенді түрде қатыса алады. Ондай жастар біздің еліміздің дамуын ілгерілетіп, жақсы бағыттарға өзгерте алады», - деді ол.
Сонымен бірге, ол алты жылдан астам уақыт бойы CCI компаниясы Қазақстандағы жастарды әлеуметтік кәсіпкерлікке тарту, оқыту және оларға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуға көмектесіп келе жатқанын атап өтті.
Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов мемлекет, қоғамдастық және бизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеген кезде тепе-теңдікті сақтап отырса, жұмыстың жанданатынын баса айтты.
«Сондықтан бизнеске өз үлесін қосу, әлеуметтік жобаларға инвестиция салу, жастардың дамуына мүмкіндік беру керек деп санаймын», - деді Елдос Абақанов.
Бұдан басқа, «Атамекен» ҰКП сауда және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры Әсет Айтбаев кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін барлық гранттық бағдарламаларды бақылап отыратынын жеткізді.
«Жобаны қолдай отырып, одан жастар өз бастамаларын жетілдіруде. Жоба туралы ақпараттандыру және кеңес беру жұмыстары 190 ауылдық елді мекендердегі және 19 облыс орталықтарындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады», – деді депутат.
Жалпы, Coca-Cola Icecek Қазақстан компаниясының мақсаты - Қазақстанның белсенді жастары үшін «3.2.1. Старт!» жобасын одан әрі дамыту және кеңейту. Өтінімдерді жинау кезеңі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін жүргізілетін болады. Өтінімді www.321start.kz сайтында және @321_start Instagram парақшасында да беруге болады.
Айта кетейік, «3.2.1. Старт!» жобасы» – CCI Қазақстан компаниясының бастамасы бұл ел мәселесіне бей-жай қарамайтын жастар үшін, өз ұстанымы мен мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдер туралы мәлімдеуге, сондай-ақ ұлттық мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік болды.

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері

