• Басты
  • Әлеуметтік желіде отандық әншілер Елбасыға денсаулық тілеп, жақсы көретінін жеткізді
19 Маусым, 2020 17:35

Әлеуметтік желіде отандық әншілер Елбасыға денсаулық тілеп, жақсы көретінін жеткізді

Бірнеше отандық әнші Елбасының сауығып кетуіне қатысты тілектерін әлеуметтік желідегі парақшаларында жазып жатыр, деп хабарлады Strtategy2050.kz.

Әлеуметтік желіде отандық әншілер Елбасыға денсаулық тілеп, жақсы көретінін жеткізді
"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз - қуатты әрі сарқылмайтын қозғаушы күшсіз. Елбасыға және осы індетті жұқтырған барша адамға тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Дендеріңіз сау болсын. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар", - деп жазды әнші Рано Умарова. 

Ал "Бірлік болсын әлемде" деп ән салып жүрген "Кентал", яғни Талғат Кенжеболатов індет адамның әлеуметтік мәртебесіне қарамайтынын айтты. 

"Бұл індет сенің әлеуметтік мәртебеңе, қоғамдағы орның мен танымалдылығыңа қарамайды. Біз бұл вирустың алдында теңбіз. Елбасы мен өзге адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Алла шипасын берсін", - деді ол. 

Әлішер Кәрімов те Елбасыны халық жақсы көретінін айтып, ұзақ ғұмыр тіледі. 

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз сізді қатты жақсы көреміз. Тезірек сауығып кетіңіз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын", - деді әнші.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды