• Басты
  • Әлеуметтік төлемдерге табыс салығы салына ма
6 Сәуір, 2020 10:49

Әлеуметтік төлемдерге табыс салығы салына ма

Еліміздегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалған, деп хабарлады Strategy2050.kz  Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасай отырып. 
Әлеуметтік төлемдерге табыс салығы салына  ма

Бұл әлеуметтік төлемдер салықтандырылады ма?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №110 (2020 жылғы 29 наурыздағы №114 бұйрығын ескере отырып) бұйрығымен бекітілген, Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және жеке тұлғаларға, алатын кірістері жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар болып табылатын, олар үшін салық агенттері төтенше жағдай кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын төленген, әлеуметтік төлемді төлеу жүзеге асыру туралы Ережесіне сәйкес аталған тұлғаларға әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу  туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI ҚРЗ Заңының 33-бабында баяндалған редакциясында қолданылатын Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері алынып тасталады.

Демек, осы әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  асырылатындықтан, жеке тұлғаның кiрiсiнен алынып тасталады.

Сәйкесінше, аталмыш әлеуметтік төлемдерге жеке табыс салығы салынбайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды