• Басты
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкпені КТ- дан ақысыз өткізу неге қиын екенін түсіндірді
8 Шілде, 2020 09:25

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкпені КТ- дан ақысыз өткізу неге қиын екенін түсіндірді

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қоғаммен байланыс департаментінің өкілі хабарлады. 
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкпені КТ- дан ақысыз өткізу неге  қиын екенін түсіндірді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КС және МРТ қызметтері кіретін бекітілген тарифтер бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландырады.

Бүгінгі күні Қорда КТ бойынша 140-қа жуық өнім беруші және МРТ қызметі бойынша 100-ге жуық өнім беруші бар. Бұл ретте КТ өнім берушілерінің ең көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, МРТ өнім берушілері Алматы, Шымкент, Нұр – Сұлтан қалаларында, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Алайда бұл жағдайда аурушаңдықтың өсуіне байланысты КТ-аппараттарының жетіспеушілігі байқалады. Бұл ретте жеке клиникаларда халықтың қалта шығындарына әсер ететін өкпенің компьютерлік томографиясына баға айтарлықтай өсті. Тиісінше МӘМС шеңберінде осы қызметті көрсету көлемі төмендеді, өйткені өнім берушілер оларды ақылы негізде ұсынуға мүдделі.

"Шынында да, өңірлерде инфрақұрылымдық мүмкіндіктерге қатысты проблемалар бар. Бұл мәселелер Қордың құзыретінде емес, бірақ жабдықтардың қымбаттығына байланысты компьютерлік томография аппараттары көбінесе орталық қалаларда орналасатынын түсінеміз. Азаматтар үшін дәрігерлер балама ұсынады – бұл аймақтарда қолжетімді рентген-зерттеу", - деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында.

Қор компьютерлік томография қызметтері сақтандырылған пациенттерге МӘМС жүйесі аясында амбулаториялық деңгейде тегін көрсетілетінін нақтылады. Ол үшін тиісті симптомдар болған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну керек. Учаскелік дәрігер айғақтарды анықтаған кезде, КТ-ның тегін қызметіне жолдама береді. Бұл жағдайда ол МӘМС арқылы өтеді және Қор қаражатты төлейді.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша КТ және МРТ көрсетілген қызметтер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 есе, ал қаржыландыру көлемі – 7 есе (269 млн теңгеден 2 млрд теңгеге дейін) өсті.

Фото: ашық дереккөзден



Барлық жаңалықтар