- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады
Бүгін үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 7 айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты туралы баяндады. Оның дерегінше, шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%-ға өсіп, 10,4 млрд. долларды құраған. Сондай-ақ, министр жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының қымбаттағанын тілге тиек етті. Оның мәліметінше, азық-түлік бағасы еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда оңтүстік өңірде қымбаттай түскен. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ға өсті.Жалпы өсудегі үлесі 5,9 %-дық тармақты құрап отырған көкөністер едәуір қымбаттады», - деді министр
Шикізаттық емес тауарлар экспорты
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың дерегінше, биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%-ға өсіп, 10,4 млрд. долларды құраған. Соның ішінде, өсу драйверлері мыс пен катодтардың экспорты 40%-ға, ферроқорытпалар жеткізу 26,7%-ға, сондай-ақ болат прокатын жеткізу 95,4%-ға өскен. Сонымен бірге, оның сөзінше COVID-19 негізінен қызмет көрсету нарығына әсер еткен.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қызметтер экспорты 21,2%-ға немесе 1,5 млрд. доллардан 1,2 млрд. долларға дейін қысқарды», - деді министр.Сондай-ақ, ол шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайту мақсатында экспортқа бағдарланған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қажеттігін атап өтті. Инвестициялық жобаларды келісу кезінде шарттардың бірі шикізаттық емес тауарлардың экспортқа бағдарлануы тиіс.
Ішкі сауда саласы
Оның сөзінше, ішкі сауда саласында да оң динамика байқалады. Мәселен, саудадағы жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 109,1%-ды құраған.
«Бұл іс жүзінде 2020 жылы саланың даму шығындарын өтейді. Электрондық коммерцияның белсенді дамуы жалғасуда. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесі 12,2%-ды құрады, бұл 2020 жылдан 2,5 %-дық тармаққа жоғары», - деді Бақыт Сұлтанов.Сондай-ақ, оның сөзінше ішкі сауданың даму көрсеткіштері бизнестің қазіргі жағдайларға бейімделгенін және одан әрі дамып келе жатқанын көрсетеді.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар
-
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы

