• Басты
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты

12 Мамыр, 2021 11:40

Бүгін үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді. Оның мәліметінше, биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы 4,8%-ға артқан. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Министрлiктiң мәлiметiнше, ағымдағы жылдың басынан әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасы 4,8%-ға өскен. Аталған өсiм алдыңғы жылы қаңтар-сәуiр айларында тiркелген 5,5%-ды құраған көрсеткiштен төмен. Дегенмен, биылғы сәуiр айында бағалар 1,7%-ға қымбаттаған. 

«Бұл қабылданған шараларға қарамастан бiрнеше себепке байланысты болып отыр. Баға Атырау облысында 6,8%-ға, Нұр-Сұлтанда 6,3%-ға, Шымкентте 5,6%-ға артқан. Ал, бағаның ең төмен өсiмi 4,0%-ға Алматы облысында, 4,3%-ға Қарағанды облысында және 4,4%-ға Қызылорда облысында тiркелдi», - дедi министр. 

Баға өсiмiнiң факторларына тоқталатын болсақ, бәрiнен бұрын импортқа тәуелдi өнiмдер (қант, қарақұмық жармасы), жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар (күнбағыс майы), сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлi түрде бағаның өсуi байқалатын көкөнiстер қымбаттаған. Сақтау шығындарының артуы (көкөнiстердi сақтау шығындары айына 3-6 тг/кг құрайды) және қорлардың қысқаруы көкөнiстер импортының ұлғаюына әкелдi. Бұл ретте, оның мәлiметiнше, бағаның өсуi бүкiл әлемнiң елдерiнде де тiркелген. Мәселен, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымының деректерiне сәйкес, төрт айдың iшiнде бағаның орташа өсiмi 11,4%-ды құраған.

«Жалпы айтылған сыртқы және субъективтiк факторларды еске ала отырып, елiмiздегi әлеуметтiк маңызы бар тауарлары бағаларының себепсiз өсуiне жол бермеу шаралары қолданысқа алынды деп айтуға болады. «Бұл қабылданған шаралардың, атап айтқанда Үкiметтiң отырысында мақұлданған Әлеуметтiк маңызы бар тауарларының бағаларын ұстап тұру жөнiндегi Жол картасының нәтижесi», - дедi Бақыт Сұлтанов. 

Оның дерегiнше, Жол картасының 20 жедел iс-шарасы орындалған. Қалған iс-шаралар жүйелi сипатқа ие және ағымдағы жылдың соңына дейiн орындалады. 

Министрдiң айтуынша, юБағаларды тұрақтандыру шеңберiнде мүдделi мемлекеттiк органдар бiрқатар жедел шараларды қолдануда:

- монополияға қарсы әрекет ету шаралары (77 комплаенс жасалды және 48 хабарлама шығарылды);

- жұмыртқа мен күнбағыс майына шектi бағаларды енгiзуге мәжбүр болдық;

- тұрақтандыру қорларында 7,1 млрд теңге сомасына 57,2 мың тонна азық-түлiк қалыптастырылды;

- «айналым схемасы» аясында жеңiлдетiлген несиеге 27,8 млрд теңге бөлiндi. Жақын арада тағы 4 млрд теңге бөлу көзделiп отыр;

- 3,7 млрд теңге сомасына 36,3 мың тонна азық-түлiктi форвардтық сатып алуға келiсiмшарт жасалды.

«Iшкi нарыққа әлемдiк баға өсiмiнiң әсерiн азайту мақсатында нарықты отандық тауарлармен толықтыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Осылайша, елдiң өндiрiстiк қуатын импортқа тәуелдi 6 негiзгi азық-түлiк өнiмдерiмен (тауық етi, қант, шұжық өнiмдерi, балық, алма) ұлғайту және iшкi нарықтың отандық тауарлар есебiнен қамтамасыз етiлуiн 2024 жылға қарай 100%-ке дейiн жеткiзу жоспарланып отыр», - дедi министр. 

Оның сөзiнше, ұзақмерзiмдi кезеңге бағаларды тұрақтандыру тетiгiн құру және отандық өндiрушiден сөреге дейiн оңтайлы тауар қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында көтерме-тарату орталықтарының желiсi түрiнде ұлттық тауар өткiзу жүйесiн қалыптастыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Бұл инфрақұрылым өнiмдi жеткiзудiң негiзгi бағыттары үшiн тиiмдi көлiк-логистикалық арналарды құруға мүмкiндiк бередi. 

Осы орайда, министр барлық қабылданған шараны ескерiп, мәселенi қатаң бақылау қажеттiгiн атап өттi.  Осыған байланысты, бiрқатар тапсырманы iске асыруды ұсынды. Олар: 

1.Бәсекелестiктi қорғау және реттеу агенттiгiне үстем бизнес субъектiлерiнiң бағалық сөз байласуына жол бермеу мәселесiн тұрақты бақылауда ұстау; 

2.Әкiмдiктерге тұрақтандыру қорларын уақтылы толтыру және дер кезiнде интервенцияларын ұйымдастыруды жүргiзу; 

«Форвардтық сатып алуды 10 млрд теңгеге дейiн және «айналым схемасын» қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейiн кеңейту. Бұл бiр жағынан нарық принциптерiне лайық мемлекеттiк қаржылай көмегiмен бағаларды тұрақтандыруға қатысатын азық-түлiктiң қорын 600 мың тоннаға дейiн жеткiзiп, нарыққа оң әсерiн көрсетуге мүмкiндiк бередi», - дедi Бақыт Сұлтанов. 

Сонымен қоса, оның пайымынша, бұл қаржы ресурстар бүгiнгi коронакризис кезiнде агроөнеркәсiп саласындағы жұмыс iстейтiн өндiрушiлерге үлкен көмек әкеледi. Бұл үшiн Қаржы министрi баяндаған жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнiң артығымен орындалған қаражат қолдану қажет. 

3. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы, қаржы министрлiктерi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп әлеуметтiк маңызы бар тауарларының нақты түрлерi мен көлемдерiн бекiту жұмыстарын жүргiзетiн болады.

Барлық жаңалықтар