- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасы 3,2%-ға артты
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасы 3,2%-ға артты
Биыл жыл басынан берi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасы 3,2%-ға артқан. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрi Бақыт Сұлтанов үкiмет отырысында айтты.
«Өсiмнiң 4,1 пайыздық пунктi карантиндiк дүрлiкпе салдарынан наурыз айында байқалды. Қабылданған жедел iс-шаралардың нәтижесiнде бағалардың өзгеруi тұрақтанды. Соңғы үш аптада өсiм 0,2%-тi құрады», - дедi министр.Оның дерегiнше, өткен жылы дәл осы кезеңде баға 3,5%-ға қымбаттаған. Еске салайық, сол күндерi алғашқы карантин шараларын қабылдануына байланысты бағалардың тез өсiмi тiркелген едi.
Баға өсуiн тоқтату шаралары
«Бағаның одан әрi өсуiне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң отырысында 45 iс-шарадан құрайтын Бағаны тұрақтандыру жөнiндегi жол картасы мақұлданды», - дедi ведомство басшысы.
Жол картасын орындау аясында наурызда қабылданған жедел шаралар:
- монополияға қарсы ден қою шаралары iске асырылды;
- шектi бағалар енгiзiлдi (жұмыртқаға Алматы қ., Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысында және күнбағыс майына Батыс Қазақстан облысында);
- әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру туралы меморандумдар жасалды;
- ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерi өткiзiлдi;
- сауда объектiлерiнде әлеуметтiк сөрелер орнатылды;
- күнделiктi мониторинг және атқарылып жатқан жұмыс жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi жарияланды
«Айналым схемасы» жыл басынан 30%-ға ұлғайтылып, қаржыландыру 24,3 млрд теңгенi құрады. Қосымша 8,3 млрд теңгенi бөлу жоспарланып отыр», - дедi Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, кейбiр өңiрлерде әлi күнге дейiн жоғары өсiм байқалады. 6 сәуiрдегi жағдай бойынша, ең жоғарғы баға өсiмi Жамбыл облысында 4,2% және Атырау облысында 3,8% байқалған. Ал, ең аз 2,9%-ға өсiм Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тiркелген.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, бағаның өсуiне жол бермеу атқарушы органдардың жұмысы болып табылады. Жоғарғы өсiм – қабылданған шаралардың жеткiлiксiздiгiн көрсетiп отыр», - дедi министр.
Осы орайда, Бақыт Сұлтанов бiрқатар шара қабылдауды ұсынды:
- Бағаның ең жоғарғы өсiмiне жол берген жетекшiлiк ететiн әкiмдердiң орынбасарларына тәртiптiк шараларды қолдану.
- Бәсекелестiктi қорғау және реттеу агенттiгiне үстем бизнес субъектiлерiнiң бағалық сөз байласуына жол бермеу мәселесiн тұрақты бақылауда ұстау.
- Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға карантиндiк шараларды ескере отырып, әлеуметтiк маңызы бар тауарларының, әсiресе импортқа тәуелдi және экспортқа бағдарланған өнiмдерiнiң бағаларының өсуiне жол бермеу бойынша бақылауды күшейтiп, тиiстi әрекет ету.
- Бағаны ұстап тұрудың ең тиiмдi механизмi екенiн ескере отырып, «айналым схемасын» 50 млрд. теңгеге дейiн жеткiзу шараларын қабылдау.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша