• Басты
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік мақсаты - әлеуметтік интеграцияны жақсарту – Б.Құдияров
7 Ақпан, 2020 16:00

Әлеуметтік кәсіпкерлік мақсаты - әлеуметтік интеграцияны жақсарту – Б.Құдияров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлеермен кездескен болатын.  Оның ішінде "Қамқор отау" әлеуметтік жобасының директоры, "Тренинг-Кафе" әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Бақытжан Құдияров та бар. Strategy2050.kz тілшісіне әлеуметтік кәсіпкерліктің жұмысы туралы айтып берді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік мақсаты - әлеуметтік интеграцияны жақсарту – Б.Құдияров

««Тренинг- кафе» әлеуметтік жобасының мақсаты - әлеуметтік интеграцияны жақсарту және психоәлеуметтік бұзылулары бар жастардың еңбек ету құқығын қамтамасыз ету.Алматыда Алатау және Алмалы аудандарында екі "Тренинг кафе" жұмыс істейді. Қазір жобада 29 адам бар.Қазіргі уақытта жобаны Алматы қаласының қаржы басқармасы, "Нұр-Отан" Алматы филиалы, Трафигура (Швейцария) қолдап отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, Б.Құдияров   жоба аясында жабық арнайы мекемелерден 22 жас шығарылғанын айтты.

«Олар сыйымдылығы аз 4 үйде орналастырылды.Жоба қатысушылары өз бетінше үй шаруашылығын жүргізуге, Тренинг кафеде жұмысты жалғастыруға, медициналық көмек алуға, педагогикалық және психологиялық қолдау алуға мүмкіндік алды», - деді Б.ҚҰдияров.

Ол айтып өткендей, жобаның міндеттерінің бірі  жобаға қатысушылардың ресми іс-әрекетке, құқықтық қабілеттілігін қайтаруы.

«Тренинг кафе арқылы жоба қатысушыларының еңбек ету қабілетін қалпына келтіру және оларды кәсіби ортаға қосу ,гуманистік психологияны, менталдық денсаулығы бұзылған адамдарды оңалту үшін психодинамикалық тәсілді қолдану, қоғамды ақпараттандыру, даму және мінез-құлық ерекшеліктері бар адамдарға қатысты қоғамның санасын дестигматизациялауға және жаңғыртуға жәрдемдесу сынды міндеттері бар», - деді ол.

Айта кетейік, Президентпен кездесу кезінде кәсіпкерлер Президентке еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен  оны әрі қарай дамыту перспективалары жайында айтты. Сонымен қатар олар аталған саладағы өзекті проблемалар жөніндегі ойларымен бөлісіп, оның ішінде қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы туралы жеткізді.

   Аягөз Құрмаш

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды