• Басты
  • Әлеуметтік кәсіпкерлер қиындықты қалай жеңеді
6 Ақпан, 2020 12:22

Әлеуметтік кәсіпкерлер қиындықты қалай жеңеді

Елордада "Әрекет" гранттар байқауының грант алушыларына елдің әлеуметтік кәсіпкерлеріне арналған қиындықтарды жеңу бойынша кездесуі өтті.Алғашқы 4 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлер көптеген тәжірибе жинақтады, бірақ сонда да жобаларды іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіретін кейбір қиындықтарға тап болды.Осы мақсатпен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры коммерциялық емес ұйымдарда туындаған қиындықтарды шешуге көмектесу мақсатында қаржы, тауар сапасын басқару және ықпалды бағалау, сондай-ақ PR және маркетинг саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен үш күндік оқу семинарын ұйымдастырды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Әлеуметтік кәсіпкерлер қиындықты қалай жеңеді

"Білім беру семинары – «Әрекет» жобасының кезеңдерінің бірі. Біз үшін грант алушыларды қолдау және оларға өз жобаларын іске асыруда қиындықтарды жеңуге көмектесу маңызды. Біз оларға барынша практикалық білім беріп, сарапшылардан тікелей кеңес алуына мүмкіндік бергіміз келеді. Осындай воркшоптан кейін кейбіреулер мәселені басқа қырынан зерделеп, өз тәсілін қайта қарауы олар үшін жобаларды іске асыруда жаңа серпіліс болады», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Мәселен, КЕҰ-ның кейбір өкілдері фандрайзинг саласында білім жетіспейтінін айтса, басқалары - стратегиялық жоспарлау және қаржыны басқару саласында тәжірибе жинақтағысы келетінін айтты.

"«Әрекет» жобасы 2019 жылдың мамыр басталды. Мақсаты – коммерциялық емес ұйымдардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту. Жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірін қамтиды. Неліктен бұл жобаны бастадық десеңіз... көбіне коммерциялық емес ұйымдар түрлі халықаралық ұйымға, грант бөлетін ұйымның гранттарына, мемлекеттік тапсырысқа байлаулы балып қалады. Міне, олар гранттан келесі грантқа дейін қызмет етеді. Ал, кейде грант болмай қалған кезде олар жұмысын уақытша тоқтатады не болмаса басқа да қиындықтарға тап болады. Осы жерде әлеуметтік кәсіпкерлік оларға қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етуге көмектеседі. Себебі олар ақылы қызмет көрсете отырып, өзінің кей шығындарын өтей алады, жалақы төлейді. Қызметке ақы төлей алмайтын адамдарға тегін қызмет көрсетеді",-«Samruk-Kazyna Trust»  менеджері Жанар Жақсылықова. 
 
Ол  жалпы грантқа қатысуға Қазақстан бойынша 290 өтініш түскенін айтты. 

photo_2020-02-06_12-20-25.jpg

"Осылардың ішінен екінші кезеңге 67 адам өтті. Комиссияның құрамында түрлі саланың өкілі болды. Сөйтіп үшінші кезеңге 51 ұйым өтті. Оларды тамыз айында Нұр-Сұлтанда жинап, үшкіндік оқу ұйымдастырдық. Содан соң 51 ұйым тағы да жобаларын қорғады. Содан грантқа 25 ұйым ие болды. Әрқайсына 3 млн теңгеге дейін грант берілді. Осы ұйымдар 9 ай бойы бізбен әлеуметтік кәсіпкерлікті үйренеді және жобаларын практика жүзінде іске асырады. Жобалардың түрі көп. Бір жоба егде жастағы адамдарға арналса, екінші біреуі мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтиды не болмаса отбасында мүмкіндігі шектеулі ата-аналарға жұмыс ұсынады.Тамызда біз жобаны қорғатып, істі бастауға көмектестік. Дегенмен коммерциялық емес ұйымдар көбіне қайырымдылық қызмет атқарғандықтан, олар кәсіпкерліктен «алыстау» болады. Сондықтан бүгінгі практикалық ворк-шоп барысында олар жұмыс барысында кездесетін қаржылық, салықтық, заңнамалық, құқықтық сұрақтарға жауап алады. Бұған дейін тренинг түрінде өтіп жүрсе, енді нақты іс жүзіндегі мәселелерді талқылап, үйренеді. Өздерінің білмей келген сұрақтарына жауап алады. Грант қайтарымсыз беріледі. Дегенмен нақты мақсатқа орай бөлінгендіктен, олардың беретін есебі бар. Мысалға, олар әлеуметтік мәселелерді шешеді, сандық көрсеткіштерге қалай қол жеткізіп жатыр және бөлінген ақшаны қалай жұмсап жатқанына есеп береді",-деді ол.

Сондай-ақ, елордада "Дос” тәуелсіз өмір сүру орталығының жобасы бар.  Олар арбаларды жөндеу және бейімдеу жұмыстарын жүзеге асырады.
 
"Мәселен,жеткіншек 18 жаста оған мемлекет арба береді. Алайда,ол бала 7 жасар бала сияқты болып  көрінуі мүмкін. Яғни,берілген арба оған үлкен болады. Осындай жағдайдағы адамдар орталыққа келеді, ондағы шеберлер арбаны тұтынушыға сай етіп бейімдейді. Сондай-ақ, олар құрылымдық бюроны ашты. Арбадағы адамдарға тиімді әрі жайлы болуы үшін жағдай жасайды. Сондай-ақ,Паралимпиада орталығына барған кезде ауа райының алуындығынан арбадағы адамдар оның ішін ластап кетуі әбден мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін бюро арбаның доңғалағын тазалап беретін құрылғыны орнатып қойды",-деді ол.

Оған қоса, ол Ағабек Қарабековтың қоғамдық қоры гүл сататын орталық ашқанын айтты. 

"Ол жерде мүмкіндігі шектеулі әйелдер жұмыс істейді. Түсетін табыс олардың жалақысы мен балаларға арналған арт сабақтарды өткізуге жұмсалады",-деді ол. 

Сонымен қатар, ол бүгінгі оқыту курсына 13 өңірлік ұйымның  өкілдері келгенін айтты. 

 "Бүгін Қарағынды,Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері ғана жоқ. Себебі, ол өңірлерден өтініш аз келіп түсті. Көшбасшы өңір Алматы облысының Талдықорған қаласы болып отыр", - деді ол.
 
Аталған шараға Қызылорда облысынан келген "Розалия және  Эмир" аутизм және тіл түзету орталығының дефектолог  Гүлнұр Бодықова өңірде айналысатын жұмысы туралы айтып берді.

photo_2020-02-06_12-20-31.jpg

"Орталық аутизм,сөйлеу мен іс-қимылдары ауытқыған балаларды бейімдеу бойынша жұмыс істейді. Сөйлеу мәнері бұзылған ғана емес, ортада өздерін қалай ұстау керектігін де үйретеміз. Тілдің де бөліктеріне қатысты жұмыс істейміз. Мәселен,кейбір балалар мүлдем сөйлей алмаса,кейбіреуі "р" әрпін айта алмайды. Сөйлемнің басын не аяғын жеп қоюы мүмкін. Осындай кемшіліктерді түзетумен айналысамыз. Логопедия қызметі де бар. Барлық мамандар үнемі қосымша шыңдалып, тағылымдамадан өтіп тұрады",-деді Г.Бодықова.

Ол айтып өткендей, 1-13 жас аралығындағы балалар қабылданады.

"Алайда,жастары 13-тен асқан балалар да келеді. Ғимаратты кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Балалар жеке қабылдаудан өтеді. Қазан айынан бастап 60-қа жуық баланы қабылдадық",-деді ол.

Сонымен қатар, ол осы сынды оқытулардың көмегі бар екенін айтты.

"Біз тек орталықты қалай жүргізу қажеттігі туралы ғанаемес,біліктілігімізді арттырып жатырмыз. Тәжірибесі мол адамдардан тыныс алу, коммункация әдістерін оқып,үйрендік", - деді ол.

Г.Бодықова инулюзивтік салада бірқатар жақсартуы қажет дүниелер бар екенін атап өтті.

"Қарапайым дүкенге барған кезде көп бейімделмеген ғимараттар кездеседі. Біз мысалы балалармен жұмыс істейміз. Тек үлкен ғимараттар мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген. Ал шағын ғимараттар бұдан тыс қалып қояды. Осы сынды олқылықтармен күресу жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймын",-деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, «Әрекет» жобасының кезекті маусымы 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында басталды. Бұл жоба Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға, оларды бизнес жүргізу дағдыларына оқытуға және кәсіпкерлік тәсіл арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған. 2019 жылы Қазақстанның 25 КЕҰ 3 миллион теңгеге дейінгі көлемде грант алды.

Бүгінде «Әрекет» жобасы өз нәтижелерін көрсетіп отыр. Кейбір жобаларда мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылды, ерекше қажеттіліктері бар балалар түзету және спорт орталықтарына баруға мүмкіндік алды, инсульт алған әйелдерге арналған бірегей оңалту орталығы ашылды.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды