• Басты
  • Әлемнің және Қазақстанның киелі жерлерін виртуалды тамашалауға болады

Әлемнің және Қазақстанның киелі жерлерін виртуалды тамашалауға болады

4 Сәуір, 2020 10:19

Дүниежүзі бойынша орын алып отырған індеттің таралу жағдайында халық оқшауланып, сақтық үшін карантин талаптарын сақтауға мәжбүрлі. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы бұл жағдайды пайдалы әрі рухани тұрғыдан білімді кеңейтудің жолын ұсынып отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 


Орталық  мәдениеттер мен діндердің өркениеттік бай мұрасы мен тарихын көрсету мақсатында «Әлемдік және дәстүрлі діндердің киелі әрі қасиетті жерлерінің виртуалды турларын» жинақтап, оқырман назарына ұсынады. 

ЗD форматындағы Киелі жерлердің турлары арқылы әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихи ескерткіштерімен, оның ішінде ислам дінінің киелі мекені – Меккедегі Қағбамен, Иерусалимдегі – Акшардхам храмымен, Бодхая буддалық қасиетті орталықпен, Синтоистік Ицукусимамен танысуға мүмкіндік бар.

Қазақстанда әйгілі «Әзірет Сұлтан» мұражай кешенінің де виртуалды көрінісін тамашалауға болады, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи, Рабиға Бегім Сұлтан, Есім Хан, Гаухар Ана мазарлары мен Қылует жер асты мешітінің көрінісі ұсынылған.

 Сондықтан, еліміздің қай аймағында болмасын барлық қызығушылық танытушы оқырмандар діни және мәдени ескерткіштердің бай мұрасымен танысып, рухани кемелденуге қадам жасай алады.

Ұсынылған виртуалды турлармен Орталықтың ресми  әлеуметтік желілерінен танысуға болады.  

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар