• Басты
  • Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді
2 Қараша, 2020 12:08

Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді

Жаңартылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі 2 қарашадағы жағдай бойынша, әлемде коронавирус инфекциясын 46 754 294 адам жұқтырғаны белгілі болды. Ал 33 658 187 емделіп шыққан. Дүние жүзінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 1 204 121-ге жетіп отыр. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді

Ұлыбритания

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 5 қарашадан 2 желтоқсанға дейін Англияда COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты жаңа шектеу шараларын енгізетіндігін мәлімдеді. Джонсонның бұйрығына сәйкес, бейсенбіден бастап Англия тұрғындары жұмысқа немесе мектепке, дәрігерге, дүкенге немесе жақындарына көмектескеннен басқа уаықтта үйде отыруы керек. Ашық ауада спортпен айналысуға және серуендеуге де рұқсат етіледі. Мектептер, колледждер мен университеттер өз жұмысын жалғастырады. Барлар мен мейрамханалар клиенттерге алып кету үшін ғана қызмет етеді. Дүкендер (азық-түлік дүкендерінен басқа), шаштараздар, сұлулық салондары, спорт залдары, сондай-ақ демалыс және ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтайды. Жұмысшылардан басқасына шетелге шығуға уақытша тыйым салынады.

Германия

Германияда елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты көктемдегіден де біршама қатаң жаңа карантин шаралары дүйсенбіден, яғни бүгіннен бастап күшіне енбек. Бұл туралы ГФР үкіметі мен федералды штаттардың басшылары арасында 28 қарашаға дейін деп келісім жасалды.

Франция

Бейсенбі күні кешке Париж маңындағы барлық тас жолда жалпы ұзындығы 700 км-ге жуық үлкен кептеліс пайда болды. Француз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оған мүмкіндігі бар париждіктер провинциядағы карантинге қатысты бүкілхалықтық локдаун басталғанға дейін қаладан кетуге асыққан.

Еске салайық, өткен сейсенбіде президент Эммануэль Макрон жариялаған қатаң шектеу шаралары бейсенбі мен жұма аралығындағы түн ортасында күшіне енді.

Жұмысқа, сондай-ақ басқа да маңызды шаралар үшін болмаса, басқа жағдайда үйден шығуға тыйым салынды. Әр сыртқа шыққан сайын азаматтар арнайы электронды анкета толтыруы керек. Бұл режим бүкіл қараша бойына жалғаспақ.

Бейсенбіде Францияда 47 637 адам ауырып, 250 науқас қайтыс болды. Президент Макрон сейсенбі күнгі теледидардан жасаған үндеуінде коронавирустың екінші толқыны, біріншімен салыстарғанда қатты болатынын айтты.

Испания

Пандемияға қарсы шараларға қарсы сенбіге қараған түні Испанияның түрлі қалаларында наразылықтар ұйымдастырылып, соңы полициямен қақтығыстарға ұласты. EFE агенттігі жексенбідегі мәліметінше, осындай шерулердің бірі Мадридте өткен. Испания астанасының орталығындағы шектеулерге наразылық білдіргеннен кейін, бір топ наразылық білдірушілер қоқыс контейнерлерін өртеп, баррикадалар орнатып, қаланың маңызды көшелерінің біріндегі көлік қозғалысын тоқтатуға тырысқан. Көрермендер дүкен терезелеріне де тас лақтырды. Салдарынан 32 адам ұсталып, үш полицей жарақат алған.

Австрия

Австрия канцлері Себастьян Курц 3 қарашадан бастап елде COVID-19 коронавирусының таралуын тоқтату үшін өзін-өзі оқшаулау режимі енгізілетінін мәлімдеді. Шектеу шаралары 30 қарашаға дейін енгізілмек. Австрия тұрғындарына 20:00-ден 6:00-ге дейін үйлерінен шығуға тыйым салынады. Бұл тыйым ерекше жағдайларды қарастырады. Сондықтан, Курцтың пікірінше, коменданттық сағат кезінде азаматтардың жұмыспен айналысуына, серуендеуіне болады. Мейрамханаларға тек тамақтануға рұқсат етіледі. Қонақ үйлер өте шектеулі негізде жұмыс істей береді. Мұражайлар, театрлар, хайуанаттар бағы, спорт залдары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Мектептер әзірге жұмысын жалғастырады, бірақ билік бұл шешімді қайта қарайды.

Чехия

Чехия премьер-министрі Андрей Бабис республикада 5 қазанда 30 қазанға дейін енгізілген төтенше жағдай тағы да ұзартылды. Ұлттық парламенттің төменгі палатасымен карантин шаралары 20 қарашаға дейін ұзартылмақ.

Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясы Умра (кіші қажылық) жасағысы келетін шетелдік қажылар үшін жексенбіде өз шекараларын ашты. 1 қарашада Мекке мен Мединадағы исламның қасиетті жерлеріне кіші қажылықты жүзеге асырудың үшінші кезеңі іске асырылады.

Автралия

Австралияда бес айда алғаш рет коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, жұқтырған адамдардың жалпы саны 27,5 мыңнан асады.

Ресей

Осы аптада Ресейде тәулігіне анықталған коронавирус инфекциясының статистикасы төрт рет жаңарды, бірақ жалпы алғанда, соңғы жеті күнде елде алдыңғы аптаға қарағанда жұқтырғандар саны аз болды. Тәулігіне сырқаттанғандар санының максималды өсуі дүйсенбі мен бейсенбіде (сәйкесінше 17 347 және 17 717), жұмада (18 283) және жексенбіде тіркелген. Сол кезде күнделікті көрсеткіш 18 665-ке жетті.

Инфекцияның таралу деңгейі, ТАСС бағалауы бойынша, бір апта ішінде 1,05-тен 1,09-ға дейін өсті, бірақ ол қыркүйектің аяғы - қазан айының басындағы көрсеткіштен 1,2-ден асқан кездегіден айтарлықтай төмен.

Ресейде коронавирустан емделіп шыққандардың да саны артуда. Өткен аптада ол 67 946 болса, осы аптада ол 87 151-ге жеткен. Ал коронавирустың салдарынан қайтыс болғандар саны өсуде. Өткен аптада штаб алдыңғы жеті күнде 2185 адам қайтыс болғаны хабарланды. Ал тәулігіне өлім саны бес есе 300-ден асып отыр.

Греция

Грецияда коменданттық сағат түн ортасынан таңғы беске дейін болмақ. Көшеде маска кию міндетті. Мұнда қонақ үйлер мен шаштараздар жабылған жоқ. Жұқтыру қаупі бойынша ел аумағы төрт түсті аймаққа бөлінді. «Көктемнен айырмашылығы, бұл жолы біз вирустың таралуының екі негізгі көзі - ойын-сауық пен азаматтардың қозғалысына тоқталамыз. Сонымен бірге біз дүкендерді, өндірістік кәсіпорындар мен мектептерді ашық қалдырамыз», деді Греция премьер-министрі Кириакос Митсотакис.

Ливан

Басқа континенттердегі де коронавирустың таралу деңгейі үкіметті алаңдатып отыр. Мәселен, Ливан билігі кешкі сағат 9-дан таңғы 5-ке дейін, ал кейбір аймақтарда тіпті кешкі 5-тен бастап коменданттық сағат енгізді. Алты адамнан асатын кез-келген шараға тыйым салынды.

Бразилия

Рио-де-Жанейро билігі әлемге әйгілі карнавалынан бас тартты. Оның үстіне, қазіргі уақытта спонтанды мерекелердің алдын алу мақсатында полиция күшейтілетін болады. Еске салайық, 2019 жылы Бразилия карнавалына 10,5 миллионнан астам адам қатысты.

Covid-19-ды ұзақмерзімді салдары болуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебресиес ұйымның инфекцияны жұқтырған адамдардағы Covid-19 инфекциясының ұзақ мерзімді салдары туралы алаңдаушылық бар екенін жеткізді.

«Шындығында, уақыт өте келе өзгеретін, жиі қабаттасатын және организмдегі кез-келген жүйеге әсер етуі мүмкін белгілердің кең ауқымы алаңдатады. Шаршаудан, жөтелуден және ентігуден басқа ішкі органдардың, атап айтқанда, өкпе мен жүректің жұмысына кері әсер етеді», - деді ол.

Ол организмнің қалпына келу уақыты бірнеше аптаға, тіпті бірнеше айға созылатынын, ауруы онша қиын болмаған адамдарда асқынулар пайда болатынын атап өтті.

Тедрос Адханом Гебресиес ДДҰ қалпына келтіру уақытын жеделдету және осындай асқынулардың алдын алу үшін қосымша зерттеулерді жалғастыратынын айтты.

«Үкіметтердің коронавирустың ұзақ мерзімді салдары туралы білуі, сондай-ақ осы науқастардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуі өте маңызды. Бұған алғашқы медициналық-санитарлық көмек, қажет болған жағдайда мамандандырылған көмек пен оңалту кіреді», - деді ДДҰ басшысы екі күн бұрынғы өткен баспасөз мәжілісінде.

ДДСҰ бас директоры өзін-өзі оқшаулады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебресиес COVID-19 жұқтырған адаммен байланысқа түскендіктен өзін-өзі оқшаулауға көшті. Ода аурудың белгілері жоқ.

«Менің COVID-19 жұқтырған азаматепн байланыста болғаным анықталды. Денсаулығым жақсы, ауру белгілері жоқ, бірақ мен жақын күндері ДДҰ хаттамаларына сәйкес өзімді оқшаулап, үйде жұмыс істеймін», - деп жазды ол Twitter парақшасына. 

Ұлыбритания Covid-19-ды бірнеше секундта анықтайтын тест ойлап тапты

Жаңа коронавирус тестінің алғашқы сынақтары жақын арада инфекцияны бірнеше сағат ішінде емес, бірнеше секундта анықтайтын әдіс пайда болатындығы хабарланды. Толық тесттен өту бірнеше минутты ғана алады. Уэльсте тыныс алу арқылы жасалатын тест Covid-19-ды анықтап, оны басқа тыныс алу жолдары ауруларынан бірден ажыратады.

Шотландия мен Германияда өткізілген жаңа сынақтың нәтижелері беделді Lancet медициналық журналында жарияланған. Оны жасаушы Imspex Diagnostics, егер қаржы табылса, сынақ құрылғысы алты айда пайдалануға дайын екенін жеткізді олар.

Хабарланғандай, құрылғы бастапқыда өкпенің қатерлі ісігі сияқты ауруларды диагностикалау және бактерияларды вирустық инфекциялардан тез ажырату үшін тесттер әзірлеу кезінде қолданылатын технологияға негізделген. Алайда, әлемдік Covid-19 пандемиясы басталғаннан кейін, фирма өзінің күш-жігерін коронавирусты диагностикалауға бағыттауға шешім қабылдаған.

Осы технологияға негізделген екі сынақ Эдинбург пен Дортмундт ауруханаларындағы пациенттерге жасалған. Зерттеушілер мұндай құрылғы Covid-19-ны басқа инфекциядан ажырата алатынын айтады. Құрылғы тыныс алу кезіндегі процесті талдайды, сонымен қоса респираторлық аурудың түрін анықтайтын тұрақсыз химиялық элементтерді іздейді. Тесттер осы элементтердегі Covid-19-ды анықтай алды. Ал ол кейінірек басқа инвазиялық тестілеу әдістерімен расталған.

Өткізілген тесттер коронавирусты 80 пайыз жағдайда анықтаған. Сондай-ақ астма және бактериялық пневмония сияқты басқа ауруларды ажыратқан. 

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100