• Басты
  • Әлемдегі эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2% -ға артты

Әлемдегі эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2% -ға артты

10 Наурыз, 2021 13:00

Қытай әлемде бірінші болып вакцина паспорты деп аталатын бағдарламаны бастады, мамандар бұл Пекинге өз азаматтарын толық бақылауға мүмкіндік беретінін айтады. Франция үкіметі Париж бен оның айналасындағы аумақтарда коронавирустың жаңа түрлерінің таралуына тоқтау сала алмай отыр, бірақ билік локдаун енгізуге асығар емес. Әлемдегі коронавирус жағдайы туралы толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде бүкіл пандемия кезеңінде 117,2 миллион адам ауырып, 2,6 миллион адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сәрсенбіге қараған түні Женевада шыққан эпидемиологиялық бюллетенінде көрсетілген мәліметке сәйкес, өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны саны оның алдындағы жеті күндегі мәліметтерден 2% -ға артып, өлім саны 6% -ға төмендеген.

«Өткен аптада 2,7 миллионнан астам жаңа инфекция тіркелген, бұл алдыңғы аптадан 2%-ға артық», - деп хабарлады аталмыш ұйым. «Дүниежүзі елдерінің шамамен жартысында жаңа жағдайлардың саны азайды, ал екінші жартысында олардың артқаны тіркелді», - деді ДДҰ.

Эпидемиологиялық бюллетеньге сәйкес, 1-7 наурыз аралығында әлемде 2 734 381 жұқтырған және 60 323 өлім тіркелген. 7 наурыздағы жағдай бойынша, 116 166 652 инфекция және 2 582 528 науқас қайтыс болды.

Өткен аптада сырқаттанушылықтың өсуі әсіресе Африкада (10% -ға) және Шығыс Жерорта теңізінде (10% -ға), сондай-ақ Еуропада (4% -ға) байқалды. Шығыс Жерорта теңізінде өлім көрсеткіші артқан(9%), бірақ барлық қалған аймақтарда азайған.

Америкада жеті күнде 1,1 миллионнан астам адам ауруды жұқтырып, 32 мыңнан астамы қайтыс болды. Еуропада 1,1 миллионнан астам жаңадан инфекция жұқтырғандар мен 20 мыңнан астам өлім тіркелді. Шығыс Жерорта теңізінде дәрігерлер 228 мыңнан астам ауруды анықтады, сонымен қоса 2,7 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Америка Құрама Штаттарында бір апта ішінде жұқтырған адамдар саны 427 мыңнан астамға өсті, содан кейін Бразилия (413 мыңнан астам жаңа жағдай), Франция (143 мыңнан астам), Италия (138 мыңнан астам), Үндістан (115 мыңнан астам), Польша (87 мыңнан астам), Чехия (85 мыңнан астам), Ресей (76 мыңнан астам), Түркия (76 мыңнан астам), Иран (58 мыңнан астам) елдері тұр.

Эпидемиологиялық ахуал ең ауыр болып саналатын АҚШ-та вакцинаның екі дозасын алған адамдарға үй ішінде бірқатар адаммен кездесуге рұқсат етілді. Ал, қоғамдық орындарда маска кию міндетті болып қала береді.

Бұл Джо Байден әкімшілігі мақұлдаған алғашқы жеңілдетулер. Бұрын бірқатар штаттар шектеулердің көп бөлігін алып тастаған, бірақ шешімдер жергілікті деңгейде қабылданды. 

Сонымен бірге Техас медициналық университетінің ғалымдары зертханалық зерттеулерге сүйене отырып, Pfizer вакцинасы коронавирустың «бразилиялық» штамын бейтараптандырады деп мәлімдейді.

Pfizer-мен вакцинацияланған адамдардан алынған қан вирустың бразилиялық деп аталатын P.1 штаммымен бірдей мутациясы бар вирустың құрастырылған нұсқасын бейтараптандырды.

Ресей Еуропалық Одақта Sputnik V вакцинасын өндіру туралы алғашқы келісімге қол қойды. Шілдеден бастап Италияның солтүстігіндегі Ломбардияда орналасқан Adienne итальян-швейцарлық фармацевтикалық компаниясы айналысатын болады.

Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі Sputnik V вакцинасын ЕО-да қолдануға рұқсат берген жоқ, бірақ кейбір елдер ресейлік вакцинаны қолдана бастады.

Француз денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Жером Саломон Париждегі және оның маңайындағы ауруханалар вирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты өз деңгейінде жұмыс істеп жатқанын айтты. Сонымен қатар, билік аймақтық локдаунды енгізбейді.

Парижде және оның аумағында Францияның барлық тұрғындарының шамамен алтыдан бір бөлігі тұрады. Жақында Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларға ауыр халдегі науқастарға арналған орын мен персоналды орналастыру үшін жоспарланған емдеу курстары мен процедураларын 40%-ға қысқартуға тапсырма берді.

Швецияның ауылдық жерлерінде азық-түлік дүкендері жұмысын жандандыра бастады, олардың көпшілігі пандемияға байланысты жабылуға мәжбүр болды, бірақ олар мүлдем жаңа принцип бойынша жұмыс істейтін болады.

Сатушылар мен қызмет көрсететін персонал мүлдем жоқ, ал кейбір бөлшек сауда нүктелері құрылыс вагонының көлеміндей. Тиісінше, ассортимент тек маңызды тауарлардан тұрады. Азаматтар компанияның арнайы қосымшасы арқылы дүкенге тәулігіне 24 сағат кіре алады. Әрі қарай сатып алушы сатып алған штрих-кодтарын сканерлейді, ал ақша несие картасынан алынады. Оны алдын-ала тіркеу керек.

Бұл стартап Стокгольмде 2018 жылы пайда болған, өйткені көптеген ауылдық дүкендер жабыла бастаған кезде қолға алынған. Коронавирус пандемиясы мұның авторларына дамуды тезірек аяқтауға себеп болды. Келесі кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендері Азияның шалғай аудандарында сынақтан өтпек.

Қытай вакцинаның паспорты деп аталатын бағдарламаны бастаған әлемдегі алғашқы ел болды. Бұл кез-келген вакцинацияланған қытайлық арнайы цифрлы платформадан жүктеп, шетелге саяхаттауға ұсынатын құжат. Мұндай төлқұжатты енгізу туралы әңгімелер әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан бар.

Бастаманы қолдаушылар оның халықаралық шекараларды ашуға және әлемдік экономиканы тезірек қалпына келтіруге көмектесетініне сенімді. Ал, бұл идеяны қолдамайтындап мұндай төлқұжаттар өз азаматтарына биліктің толық бақылауын орнатуға алғашқы қадам болмақ деп болжайды.

Израиль ел аумағында жұмыс істеуге құқы бар палестиналықтарға вакцинациялау бағдарламасын бастады. Әртүрлі құқық қорғау ұйымдарының пікірінше, бұл жеткіліксіз және Израиль билігі Палестина автономиясының тұрғындарын вакцинациялау мәселесін толығымен қолға алуы керек.

BioNTech және Pfizer 3 млрд дозаға шығаруды жоспарлап отыр

Өндірілетін дәрі-дәрмектердің саны сұранысқа және вакцинациялау бойынша қосымша науқан өткізу қажеттілігіне байланысты болатыны атап өтілген.

BioNTech неміс компаниясы өзінің американдық серіктесі Pfizer-мен бірге 2022 жылы 3 миллиард дозаға дейін коронавирусқа қарсы вакцинасын өндіре алу үшін өндіріс қуатын арттыруға ниетті. Бұл туралы сейсенбі күні Bloomberg TV-ге берген сұхбатында BioNTech компаниясының бас директоры және тең құрылтайшысы Угур Шахин мәлімдеді.

«Негізінде біз өндірістік қуаттылықты одан әрі арттыра аламыз», - деді Шахин.

Ол өндірілген дәрі-дәрмектердің саны сұранысқа және вакцинациялау бойынша қосымша науқан өткізу қажеттілігіне байланысты болатынын атап өтті. Шахин BioNTech және Pfizer консорциумы жалпы 1,3 миллиард вакцина жеткізу туралы келісім жасасқанын қосты. Bloomberg хабарлағандай, Pfizer вакцинаның кірісі 2021 жылы 15 миллиард доллар болады деп болжанған.

BioNTech басшысы сонымен қатар, компания вакцинаның үшінші дозасының коронавирустың жаңа штамдарына әсерін зерттеп жатқанын айтты. Шахиннің айтуынша, компания қазірдің өзінде осындай вакциналарға қосымша дозалар жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Оңтүстік-Африка мутациясына қарсы консорциумның препаратын зерттеудің жаңа деректері алты-сегіз апта ішінде пайда болады деп күтілуде.

1 ақпанда BioNTech корпорациясы биыл 2 миллион доза коронавирус вакцинасын өндіруге ниетті екенін жариялап, бұрын күтілетін өндірісті 50% -дан астамға арттырды.

Барлық жаңалықтар