• Басты
  • Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды
30 Қазан, 2020 11:53

Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды

Бүгінге дейін коронавирус пандемиясы 216 елге таралды. COVID-19 вирусы жетпеген аз ғана аралды мемлекеттер қалған еді. Бірақ өткен тәулікте олардың да саны азайды. Коронавирус алғаш рет Маршалл аралдарында анықталды. Ал ғалымдар коронавирустың жаңа түрі Еуропада таралуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды

Әлемде ауырғандар саны 45 миллионға жақындады. Күніне жарты миллионнан астам адам ауырады. Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, 1 миллион 181 мың адам қайтыс болды, 81,5 мың адамның жағдайы ауыр.

Вирус мутацияға ұшырап жатыр

Ұлыбританияда жаңа жағдайлардың 80 пайызы, Ирландияда 60 пайызы және Франция мен Швейцарияда 40 пайызы көктемде басталған вирустан өзгеше мутацияланған вирустың әсерінен болғаны анықталып отыр.

Гендік мутация маусым айында Испанияда басталды деп болжануда. Ол жердегі фермалардың жұмысшыларының бірінен алғаш рет табылып, Еуропаға оралған демалушылармен бірге таралып кеткен. 

Бұл туралы коронавирустың гендік мутациясын бақылайтын швейцариялық және испандық зерттеушілер тобының есебінде айтылған.

Вирустың мутацияланған жаңа түріне 20А.ЕУ1 деген атау берілді. Оның гендік құрылымында «классикалық» SARS-CoV-2-ден алты айырмашылық бар. Ғалымдар оның шыққан жерін «генетикалық қолжазбамен» есептеп шығарды.

Қазір бүкіл Еуропа бойынша көптеген пациенттерде анықталған вирус жазда Испанияда пайда болған дәл осы түрге жататынын швейцариялық профессор Таня Стадлер Financial Times газетіне айтты.

Жазда әуежайларда жолаушыларды жедел тексеру және басқа да шаралар жеткіліксіз болды, дейді топ жетекшісі, Базель университетінің эволюциялық генетик маманы Эмма Нодкрофт. Тағы бір автор, испандық генетик Иньаки Комас 20А.ЕУ1 вирусының таралуы бұқаралық іс-шарадан басталды деп болжап отыр. Ғалым оның одан әрі тез таралуының себебін Испанияда демалып келген туристердің үйінде карантин шараларын дұрыс сақтамағанынан көреді. Жаңа мутацияның қаншалықты жұқпалы және қаншалықты қауіпті екендігі әлі күнге белгісіз.

«Біз коронавирустың мұндай түрін әлі көрген жоқпыз. Бірақ әзірге гендік өзгерістер вирустың таралу жылдамдығына немесе аурудың нәтижесіне әсер ететіндігі туралы ешқандай дәлел жоқ», - деді доктор Ходкрофт.

Оның айтуынша, қазір вирусологтар мутациялардың «ақуыз шиптеріне» әсер еткендігін анықтап жатыр, оның көмегімен вирус адам ағзасының жасушасына енеді.

Бұған дейін айта кету керек, АҚШ-та тағы SARS-CoV-2 вирусының тағы бір жаңа мутациясы - D614G анықталған еді. Бұл коронавирустан да қауіпті болуы мүмкін дейді ғалымдар.

Ұлыбритания

Лондон империал колледжі зерттеу нәтижелерін жариялады, оған сәйкес Англияда күніне 100 мың адам Covid-19 жұқтырады. Эпидемияның таралуы күшейіп келеді. Әр тоғыз күн сайын ауру саны екі есеге артып отыр. Биліктің қандай нақты шараларды қолданатыны әлі белгісіз, дегенмен, шенеуніктердің пікірінше, Англия «маңызды кезеңге аяқ басты» және «бірдеңе өзгерту керек».

Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен ауру санына және инфекцияның таралу жылдамдығына сәйкес аймақтарды бөліп, жаңа ережелер енгізілетіндігін хабарлады. Ол Еуропадағы жағдай өте күрделі болып қалатынын, эпидемия күшейіп келе жатқанын, сондықтан тағы бір қатаң карантинге жол берілмейтінін атап өтті.

Польша

Польшадағы жағдайлардың жалпы саны 300 мың адамнан асты.

Үкімет қызметкерлері инфекцияның таралу жылдамдығы Конституциялық Соттың түсік жасатуға толықтай тыйым салу туралы шешімінен кейін бүкіл елде болған жаппай наразылықтарға байланысты үдей түсетіндігін айтады.

АҚШ

Ең қатты зардап шеккен АҚШ-та пандемия бұрын-соңды болмаған қараша айының 3-індегі президенттік сайлауда пошта арқылы дауыс беруге мәжбүр етті. Қазірдің өзінде 50 миллионнан астам адам дауыс берген.

Маршалл аралы

Бүгінге дейін Маршалл аралдарында коронавирус жоқ еді. Енді бұл аралдан аурудың алғашқы екі жағдайы анықталды.

Гонолулудан америкалық әскери ұшақпен ұшып келген 35 жастағы әйел мен 46 жастағы ер адам, Кваджейн атоллдағы АҚШ әскери-әуе базасының қызметкерлері коронавирус вирусына оң нәтижес көрсетіп, карантинге жатқызылған. Алайда, жергілікті билік халықтың вирусты жұқтыру қаупі жоқ деп мәлімдеді.

Тынық мұхитындағы арал мемлекеттер - Маршалл аралдары, Кирибати, Микронезия, Науру, Палау, Самоа, Тонга, Тувалу және Вануату сыртқы әлемнен толығымен оқшауланған.

Маусымда Маршалл аралдары үкіметі Кваджейн атоллдағы американдық базаның қызметкерлеріне ерекше жағдай жасап, барлық келушілер өз аумағында үш күндік карантинге жатқызылатынын айтқан еді.

Франция мен Германия

Франция мен Германияда келесі дүйсенбіден бастап жеңілдетілген локдаун енгізіледі. Еуропаның екі ірі мемлекетінде мейрамханалар, барлар және барлық ойын-сауық және спорт нысандары қарашаның соңына дейін жабық. Француздар, сонымен қатар, үйден шығу үшін дәлелді себепті көрсететін арнайы электронды форманы толтыруы керек. 

Францияда өткен тәулікте 36 437 адам ауырып, 244 адам қайтыс болды, Германияда 16 744 адам инфекцияны жұқтырды (пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш), 89 қайтыс болған.

«Коронавирустың екінші толқыны, ол біріншімен салыстырғанда өте қауіпті», - деді Макрон сәрсенбіде теледидар арқылы сөйлеген сөзінде шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар Меркель де бейсенбіде Бундестагта сөйлеген сөзінде қыста аурудың күшею ықтималдығы жоғары екенін атап өтті.

Канцлер шағын бизнесті қолдауға 10 миллиард еуро бөлінетінін мәлімдеді және коронавирустың барына сенбейтіндер скептиктерді сынға алды. Оның айтуынша, «өтірік, жалған ақпарат, қастандық пен жеккөрушілік демократияға ғана емес, сонымен бірге вируспен күреске де зиян тигізеді».

Италия

Италия үкіметі қосымша шектеулер қабылданғанын мәлімдеді. Қараша айының соңына дейін барлық тамақтандыру орындары жұмысты 18: 00-де жабуы керек. Театрлар, кинотеатрлар, спорт залдары мен бассейндер толығымен жабылуда. Адамдар көп болатын той, шоқыну және жерлеу рәсімдерін өткізуге тыйым салынды.

Бельгия

Бельгиядағы ауруханаларда Covid-19 жұқтырған пациенттерінің саны 5924-ке дейін өсті, бұл 6 сәуірден бастап ең жоғары көрсеткіш. 99 адамның жағдайы ауыр.

Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясы 1 қарашадан Меккеге кіші қажылық деп аталатын умраға рұқсат беретіндігін мәлімдеді. Еске салайық, Сауд Арабиясы қаңтарда шетелдік қажылар үшін, ал шілде айында өзінің азаматтары үшін шекараларын жауып тастаған еді.

Канада

Соңғы тәулікте Канадада анықталған коронавирус инфекциян жұқтырғандар саны 2 956-ға көбейіп, 228 мыңнан асты.

Елдің денсаулық министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елде 11187 SARS-CoV-2 вирусын жаңадан жұқтырғандар анықталды, нәтижесінде олардың жалпы саны 327 850-ге жетті.

Сондай-ақ, көрсетілген мерзімде Колумбияда COVID-19-дан 173 пациент қайтыс болды, ал қазір қайтыс болғандардың жалпы саны 30 926-ға дейін өсті. Сонымен бірге, қазіргі уақытта елде 950 348 адам аурудан емделіп шыққан. Ал бір күн бұрын Колумбияда тәулігіне 8717 коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы анықталған еді.

Бразилия 

Бразилияда SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырғандардың жалпы саны 5 494 376-ға дейін өсті.

Ал бір күн ішінде Бразилияның денсаулық сақтау қызметі 26 106 адам жұқтырғанын мәлім етті. Сондай-ақ COVID-19-дың асқынуынан 513 адам қайтыс болған. Бразилияда бұл аурудан барлығы 158 969 науқас қайтыс болды. Алайда, 4 954 159 адам коронавирустық инфекциядан емделіп шыққан.

Бұдан бөлек 28 қазанда бразилиялық мамандар елде SARS-CoV-2 вирусын қайта жұқтырудың мүмкін жағдайын зерттеп жатқаны белгілі болды. Олар пациенттің екінші реттік инфекциясы вирустың мутациясымен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтады.

Ресей

Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 366 науқас қайтыс болды. Бұл пандемия кезіндегі рекордтық көрсеткіш болып отыр. Жаңадан инфекция жұқтырғандардың саны да рекордтық деңгейге жетіп отыр.

Ковид-19 инфекцисының тәуліктік өсімі үшінші рет 17 мыңнан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұған дейін ең көп жаңа ауру 29 қазан, дүйсенбіде тіркеліп, 17 347-ге жетті. Ал 23 қазанда, жұмада 17 340 жағдай тіркелді.

Македония

Солтүстік Македонияның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбіде өткен тәулікте елде 2699 сынаманы зерттеу нәтижесінде 862 коронавирусты тасымалдаушы анықталғанын хабарлады. Тағы 292 науқас емделуде деп хабарланды.

Соңғы үш аптада инфекцияның тәуліктік деңгейі төрт еседен астамға артқан. Дабыл қағатын көрсеткіш өлімнің жоғары деңгейі тәулігіне COVID-19-дан 14 науқас қайтыс болды. Алайда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жағдайдың одан әрі нашарлауы тәулігіне 100 адам өліміне әкелуі мүмкін деп ескертеді.

Министрліктің мәліметінше, эпидемия басталғаннан бері елде инфекцияның 29 558 жағдайы анықталды, 977 адам COVID-19 туындаған асқынулардан қайтыс болды. 8587 адам емделуден өтіп жатыр. Қазірдің өзінде 19 994 науқас сауығып кеткен.

Еуропадағы вакцина қашан дайын болады

ЕО жетекшілері 29 қазанда бейнеконференция форматында өткен саммитте батыста жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакциналардың нәтижелерін өңдеуге фармакологиялық сектордың еуропалық реттеушілерін тарту арқылы клиникалық сынақтарды жеделдету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен журналистерге саммит соңында айтты.

«Біз вакцинаның клиникалық сынақтары туралы мәліметтерді өңдеу процесін жылдамдатуға шешім қабылдадық, олар барлық сынақтар жиынтығының нәтижелері бойынша өңделмейді, бірақ мәліметтер қолжетімді болған кезде бірден өңделеді. Бұл вакциналардың қауіпсіздікті жоғалтпай тезірек нарыққа шығуына мүмкіндік береді», - деді ол.

Еске салайық, Оксфорд университетінде британдық-шведтік фармацевтикалық AstraZeneca компаниясымен бірлесіп жасалған коронавирустық вакцина қазір Ұлыбритания, Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка мен Жапонияда сынақтың үшінші кезеңінен өтуде.

Ал Ұлыбритания үкіметінің вакциналар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Кит Бингэм коронавирусқа қарсы вакциналардың бірінші буыны барлық адамдар үшін тиімді бола бермейтінін айтты.

Барлық жаңалықтар
100.24.113.182, 192.168.88.100