• Басты
  • Әлемдегі эпиджағдай: Еуропада вирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр
26 Қазан, 2020 17:20

Әлемдегі эпиджағдай: Еуропада вирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, үшінші күн қатарынан Еуропада вирус жұқтырғандардың саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Осы жексенбіде Еуропа елдерінде жалпы 465,3 мың дертке шалдыққан. Испания мен Италия бірқатар аймағында локдаун енгізді. Ал Болгарияның премьер-министрі коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Швейцариядағы ауруханалар зейнетке шыққан дәрігерлерден жұмысқа қайта оралуын сұрап отыр, Франкфурт дәстүрлі Рождество шараларын өткізуден бас тартты. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Әлемдегі эпиджағдай: Еуропада вирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта әлемде 42,8 миллион адам коронавируспен ауырып, 1,1 миллионнан астамы қайтыс болды.

Испания

Испания билігі елде төтенше жағдай жариялап, жексенбіден бастап сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін барлық жерде коменданттық сағат енгізуде. Бұл талап тек Канар аралдарына қатысы жоқ. Премьер-министр Педро Санчестің айтуынша, бұл Covid-19 жұқтырғандардың күрт өсуінің алдын алу үшін қажет.

Сонымен қатар, аймақтар арасында жүруге шектеулер енгізіп не енгізбеуді шешуді жергілікті биліктің еркіне берді. Әзірге жаңа ереже бойынша, 15 күнгешектеулер енгізілген. Алайда ел премьер-министрі Санчес парламенттен оларды алты айға дейін ұзартуды сұрамақ.

Осы көктемде эпидемияның алғашқы толқыны кезінде Испания әлемдегі ең ауыр соққыға ұшыраған елдердің біріне айналды және ең қатаң карантин шараларын енгізген еді. Педро Санчес жексенбіде теледидарда сөйлеген сөзінде: «Біз соңғы жарты ғасырда ең ауыр жағдайға тап болып отырмыз», - деді.

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Испанияда миллионнан астам адам Ковид-19-мен ауырып, 34,7 мың адам қайтыс болды.

Италия

Сондай-ақ жексенбі күні Италия премьер-министрі Джузеппе Конте де аймақ басшыларымен шектеу шаралары туралы келісімге келді, олар дүйсенбіден, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Елде кинотеатрлар, бассейндер мен спорт залдары толығымен жабылуда. Барлар, мейрамханалар мен балмұздақ стендтері сағат 18:00-де жабылады, дегенмен көптеген дүкендер мен кәсіпорындар одан да уақыт жұмыс істеуі мүмкін.

Елде жоғары сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға қайта көшуде.

«Біз бұл ай бәріміз үшін қиын болады деп ойлаймыз, бірақ егер шектеу шараларын сақтап, барлық талаптарды орындасақ, желтоқсан айында қайтадан еркін тыныс ала аламыз», - деді Конте жексенбідегі баспасөз мәслихаты кезінде.

Оның айтуынша, билік наурыз-сәуір айларында Италияға экономика жағынан көп зиян келтірген локдаунды қайта болдырмауға бар күшін салуда.

Еске салайық, Италия осы жылдың ақпан айында эпидемияның соққысына ұшыраған алғашқы еуропалық ел болды. Тіпті ең көп зардап шеккен аудандарда коронавирустан қайтыс болғандар үшін табыт табу да бірқатар қиындық туғызған. Пандемия басталғаннан бері Италияда 525,7 мың адам ауырып, 37,3 мың адам қайтыс болды.

Болгария

Жексенбіде Болгария премьер-министрі Бойко Борисов өзінің Facebook парағында коронавирус жұқтырғанын растады. Ол өзінде жеңіл симптомдары ғана барын, сонымен қоса өзін-өзі оқшаулағанын хабарлады. Бұдан бөлек жуырда Польша президенті Анджей Дуданың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Чехия

Чехиядағы жағдайдың нашарлауы жалғасуда: осы жексенбіде шамамен 12,5 мың іс. Ел билігі қазан айының басында жаңа шектеу шараларын енгізе бастады, ал бірқатар облыстарда жергілікті демонстрация осы демалыс күндері күшіне енді.

Нидерланд

Нидерланд билігі бір айға жуық уақыт бұрын енгізілген шектеулер жағдайды бақылауға алуға әлі де көмектеспегенін айтып отыр. Соңғы тәулікте бүкіл елде 10 мыңнан астам адам ауруға шалдықты, дегенмен ірі қалалардағы қоғамдық орындардың көпшілігі, атап айтқанда, барлар мен мейрамханалар екі аптадан астам уақыт бойы толық жабылған.

Германия

Германияда вандалдар Роберт Кох институтының ғимаратына зиян келтірді, оның қабырғаларында коронавирустың елде таралуы туралы статистика сақталады. Бірнеше терезе сындырылып, қасақана өрт қойылды. Бірнеше адамнан тұратын топ жұмыста болған, дейді полиция.

Чехия

Елде эпидемияның екінші толқыны басталды. Бірнеше қала биыл дәстүрлі Рождество мерекелерін тойлауды тоқтататындығын жариялады. Жексенбіде Франкфурт билігі осындай мәлімдеме жасады.

Швейцария

Швейцария билігі соңғы күндері бірқатар қаладағы ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастармен толыққанын хабарлады. Женевадағы дәрігерлер зейнетке шыққан әріптестеріне, сондай-ақ медициналық білімі бар еріктілерге көмектесуге шақырып отыр, өйткені олар науқастарды өздері емдеуге дәрігерлер санының аз екенін айтуда.

Ресей

Ресейде коронавирус жұқтырған тағы 17 347 жағдайы анықталды. Бұл бүкіл пандемия үшін күн сайынғы рекордтық өсімді көрсетуде. Билік Covid-19 құрбандарының мәйітін сақтау үшін орын жеткіліксіз екенін айтып отыр.

Жедел штабтың мәліметінше, тағы 219 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Тәуліктік өлім коэффициенті жетінші күн қатарынан 200-ден асып отыр.

Осыдан бір күн бұрын 16 710 жаңа жағдай тіркелді (және 229 өлім), сенбіде - 16 521, бейсенбіде - 15 971 жаңа жағдай тіркелді, ал жұмада 17 000-ға жетті. Ресейдегі пандемия кезінде қазірдің өзінде Ковид-19 жұқтырған 1 531 224 жағдай анықталды, 1 146 096 емделіп шықса, коронавирустан 26 269 науқас қайтыс болды.

Барлық жаңалықтар
18.213.192.104, 192.168.88.100