• Басты
  • COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды

COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды

18 Ақпан, 2021 16:08

Итальяндық жұқпалы аурулар институты «Sputnik V» туралы оң пікір білдірді, Нидерландыдағы сот коменданттық сағатты алып тастау туралы шешім қабылдады, ал Солтүстік Корея американдық Pfizer компаниясынан вакцина технологиясын ұрламақ болды деп айыпталуда. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Италия "Спутник V" вакцинасын жоғары бағалады

Италия Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Жоғары Денсаулық сақтау кеңесінің президенті Франко Локателли Ресейлік "Спутник V" вакцинасын клиникалық сынақтардың үшінші кезеңін оң бағалап және осыған байланысты қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтерді басшылыққа ала отырып, қолдануға шақырды. «Спутник V» тиімділігін, иммуногенді және қауіпсіз екенін көрсетті.
Вакцинаның тиімділігі бірінші және екінші вакцина немесе плацебо инъекциясын алған 19 866 еріктінің мәліметтерін талдау негізінде 91,6%-ды құрады.

Сондай-ақ, "Спутник V" қауіпсіздік бойынша жоғарғы нәтиже көрсетті. Жағымсыз құбылыстардың басым бөлігі жеңіл түрде өткен. Ауыр аллегиялық реакциялар және анафилактикалық шок болмаған. Сонымен қатар, вакцина қабылдаған топтағы жағымсыз құбылыстардың деңгейі басқа вакциналарға қарағанда айтарлықтай төмен көрсеткіш көрсетті.

Нидерланды

Гаага апелляциялық соты Нидерландыда коменданттық сағаттың қолданылуын мақұлдады, оны жою туралы шешімді сейсенбі күні қалалық сот қабылдаған болатын. Апелляциялық сот шешімі жарияланғаннан кейін бірден елдің премьер-министрі Марк Рютте халықты коменданттық сағатты ұстануға шақырды. "Бұл мақсат емес, тек құрал", - деді ол. - "Біздің мақсатымыз – қалыпты өмір салтына қайта оралу үшін коронавирустың таралуын тоқтату".

Айта кетейік, Нидерландта коронавирусқа байланысты коменданттық сағат қаңтардың ортасында енгізіліп, 3 наурызға дейін ұзартылған. Соған сәйкес, тұрғындар кешкі 21:00-ден таңғы 04:30-ға дейін дәлелді себептерсіз сыртқа шыға алмайды. Алайда биліктің бұл шешіміне қарсы болған халық ереуілдер өткізіп, мұның соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Осы ретте жергілікті қоғамдық ұйымдардың бірі Гаагадағы сотқа жүгінген. Бірақ Нидерланд Әділет министрлігінің өкілдері сот үкімі мұқият қаралатынын айтады. «Коменданттық сағатты алып тастауға қатысты нақты шешім тек осыдан кейін ғана қабылданады», - дейді.

Ұлыбританияда короновирустың жаңа бір вариациясы табылды

Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың тағы бір алаңдаушылық тудыратын нұсқасы Ұлыбританиядан табылған. Сондай-ақ Дания, АҚШ және Аустралия сияқты елдерде COVID-19 корновирусының В1525 деп аталатын жаңа нұсқасы анықталды.

COVID-19 инфекциясының бұл түрі Ұлыбритания, Дания, АҚШ және Аустралияны қоса есептегенде 10 елде геномды ретке келтіру нәтижесінде анықталып отыр. Зерттеушілердің айтуынша, тек Ұлыбританияда 32 жағдай тіркелген.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл нұсқа өзінің геномындағы В117 нұсқасына ұқсас және көптеген алаңдаушылық тудыратын мутацияларды, соның ішінде E484K ақуыз мутациясын қамтиды. Ғалымдар B1525-тің құрамында «мазасыз мутация жиынтығы» бар деп есептейді, оның ішінде Е484К тікенек ақуызында вирусты антиденелерге төзімді келетін өзгерістер пайда болған.

Коронавирус мутацияланып, өткен жылдың күзінен бастап едәуір өзгеріске ұшырды. Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа, жұқпалы және түбі өлімге алып келетін штамының пайда болғаны белгілі. Көп ұзамай «британиялық» вирусқа ұқсас коронавирустың Оңтүстік Африка және бразилиялық нұсқалары туралы мәліметтер пайда болды.

Сондай-ақ, 80 жастан асқан британдықтарда коронавирусқа антиденелері жиі дамитыны белгілі болды деп хабарлайды елдің Ұлттық статистика бюросы.

Осы жас тобындағы адамдардың 41%-ы Covid-19 антиденелеріне оң тест алды. Екі апта бұрын бұл көрсеткіш 26% болды. Сарапшылар мұны осы топтағы вакцинациялаудың жоғары деңгейімен байланыстырады.

Бұл тізімдегі адамдарға кем дегенде 31 наурызға дейін физикалық жаттығу және дәрігерге барудан басқа үйден шықпауға кеңес беріледі. Олар осы уақыт ішінде ақысыз аурухана қызметін тұтынуға, сондай-ақ азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізу қызметін тегін алуға құқылы.

  Жедел covid-19 сынақтары адамдарға пандемиядан кейін тез қалпына келуге көмектеседі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарроның айтуынша, жедел коронавирустық сынақтар кейбір жаппай іс-шараларға жолдама ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге, сарапшының пікірінше, жақын арада шетелге саяхаттау үшін тесттер жеткіліксіз және "вакцина төлқұжаттары" қажет болуы мүмкін деп санайды.

Британдық вакцинация Министрінің орынбасары Надим Захави өз кезегінде карантиндік шектеулерді алып тастау үшін жедел сынақтар мен жаппай вакцинация бағдарламасының тиімді үйлесімі қажет деп санайды.

Би-Би-си радиосына берген сұхбатында Бүгін Захави үкімет коронавирусты тексеруге көп көңіл бөлетінін атап өтті, өйткені вакцинацияланған адам Covid-19 тасымалдаушысы бола ала ма, жоқ па, қазіргі таңда әлі толық белгілі емес.

Ресей мен Ұлыбритания арасындағы әуе қозғалысы тоқтайды

Ресей мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасына тыйым салу 16 наурызға дейін ұзартылады, деп хабарлады коронавирусқа қарсы жедел штаб журналистері.

Мұндай шешімді Ресей аумағына инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қабылдаған.

Айта кетейік, Мәскеу коронавирустың жаңа штамы анықталғаннан кейін 22 желтоқсанда Ұлыбританиямен әуе қатынасын ресми түрде тоқтатқан болатын.

Солтүстік Корея американдық Pfizer компаниясынан вакцина өндіру технологиясын ұрламақ болған

Оңтүстік Кореяның барлау қызметінің мәліметінше Солтүстік Корея американдық Pfizer фармацевтикалық компаниясынан вакцина өндіру технологиясын ұрламақ болған. Әзірге қандай да бір деректердің ұрланғаны туралы ресми хабарланған жоқ. Ренхап ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның ұлттық барлау агенттігі заң шығарушыларға Солтүстік Кореяның хакерлік әрекеті туралы жеке хабарланғанын мәлімдеді.

Ғалымдар Ұлыбританияда коронавирустың жаңа вариациясын анықтаған, ол бірқатар алаңдаушылық тудыратын мутацияларға ие болған, атап айтқанда адам ағзасының жасушаларына енетін шыбықтары өзгерген. B.1.525 нұсқасы оңтүстік африкалық түріне ұқсас екендігі анықталған. Public Health England -Англияның бас эпидемиологиялық органы - мемлекетте осы мутацияның 38 жағдайын тіркеген. Жаңа нұсқа басқа елдерде, оның ішінде Данияда, Нигерияда және АҚШ-та табылған.

Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар