• Басты
  • Әлемде жарты миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмды
29 Маусым, 2020 10:45

Әлемде жарты миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Әлемде жарты миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Жексенбі күні дүние жүзінде коронавирус фактілерінің жалпы саны 10 миллионнан асты. Бұл жөнінде Джонс Хопкинс университетінің мәліметінен белгілі болды. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 500 мыңнан асып кетті. Осы уақытта 5 млн астам адам аурудан айыққан.

Статистика бойынша, бірінші орында АҚШ тұр. Онда жалпы 2,5 млн адам коронавирусқа шалдыққан, яғни әлемдегі әрбір төртінші науқас - Америкада. Күн сайын шамамен 40 мың адамға осындай диагноз қойылады.

Одан кейін - 1,3 млн сырқатпен Бразилия, ал үшінші орында - Ресей тұр. Мұнда 600 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Бестіктен Үндістан (500 мың) мен Ұлыбританияны (300 мың) да көруге болады.

АҚШ көз жұмған науқастар саны бойынша да көш бастады. Мұнда 128 мыңнан астам коронавирустан қайтыс болған.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды