• Басты
  • Әлем бойынша бір тәулікте 230 мың адам коронавирус жұқтырды
13 Шілде, 2020 17:41

Әлем бойынша бір тәулікте 230 мың адам коронавирус жұқтырды

«РИА Новости» ақпарат агенттігінің 12 шілдедегі хабарламасына сәйкес, соңғы тәулікте дүние жүзінде 230 370 адамнан коронавирус анықталған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны әлем бойынша 13 миллионға жетті, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Әлем бойынша бір тәулікте 230 мың адам коронавирус жұқтырды

Ұйымның соңғы мәліметтері бойынша, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 230 370 адам анықталған, 5285 адам қайтыс болған.

ДДҰ таратқан мәлімет бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 12 552 765-ке, ал қайтыс болғандар - 561 617-ге жеткен.

Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері жұқпалы ауру таралуынан алдыңғы орында. 6 540 222 адам ауру жұқтырған. Бір тәулікте бұл көрсеткіш тағы 142 992-ге өсті. Қайтыс болғандардың саны 3500 адамға көбейіп, барлығы 283 357 адамға жетті.

Еуропада 2 907 654 адам ауру жұқтырған, оның 203 285 – і көз жұмды. Еуропа ауру жайылу жағынан екінші орында. Соңғы тәулікте аурулардың саны 18 804 адамға өсіп, қайтыс болғандардың саны 448-ге өсті.

Қауіпті аурудың таралуы бойынша әлемде үшінші орынды Шығыс-Жерорта теңізі аймағы алады. Бұл аймақта 1 271 338 ауру анықталды, олардың 30 652 – сі көз жұмған. Соңғы тәулікте ауру жұқтырғандардың саны 15 361 адамға көбейсе, қайтыс болғандар саны 510   адамға өсті.

Айта кетейік, Қазақстанда осы күнге дейін 59 899 адам жұқпалы коронавирус ауруын жұқтырған.

Барлық жаңалықтар