ҚР Президентінің Жолдауы

Елбасы елдің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуының бағыт-бағ­дарын көрсетті – сенатор

Елбасы елдің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуының бағыт-бағ­дарын көрсетті, деп пікір білдірді сенатор Бақытжан Жұмағұлов.
Астана қаласы12 Қазан , 09:15

Б.Жұмағұловтың айтуынша, Жолдау ел­дің әл-ауқаты, тұрмысын жақсартуға ба­ғытталды.

« Елбасы жан-жақты, нақты тап­сырмалар берді. Әлеуметтік сала қыз­мет­керлерінің жалақысын жоғарылатуды тап­­сырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­­тап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге кө­бей­­туді тапсырды. Ең аз жалақы 28 мың тең­­геден 42 мың теңгеге көбейеді. Келер жыл­­дан бастап 1 миллион 300 мың адам­ның еңбекақысы көбейеді», - деді ол.

Бақытжан Жұмағұлов айтып өткендей,  Елбасы осы мақсатқа 2019-2021 жылдарда республикалық бюд­жеттен жыл сайын 96 миллиард теңге қар­жы бөлуды тапсырды.

«Сонымен қатар, сапалы кадр дайындауды айрықша тапсырды. Ауыл шаруашылығын субсидиялау мәсе­лесі де оң шешімін табатынын айтты. Осы жолғы Жолдау – экономиканы өркен­де­ту­дің, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақ­сартудың бірден-бір тетігі», - деді Б.Жұмағұлов.

 




Яндекс.Метрика