• Басты
  • Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы қашан таңдалады
5 Наурыз, 2020 16:38

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы қашан таңдалады

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығында 3 нұсқаның ішінде ыңғайлы  нұсқаны қолдауға сәйкес республикалық ашық талқылау өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы қашан таңдалады

Шарада қазақ әліпбиін жетілдіру туралы отырыста латын негізді қазақ әліпбиінің умлаут нұсқасына  көз жүгірте отырып, артықшылығы мен маңыздылығын талқыланды. Филолог ғалымдардың ұсынылған пікірлері зерделеніп, ұтымды ұсыныстар назарға алынбақ.

 Жиынға филолог ғалымдар, оқытушылар, әдіскерлер қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне негізделген  қазақ әліпбиін жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырмадан кейін 3-4 айдың төңірегінде ғалымдар бірнеше отырыс өткізді. 4 отырыста берілген әліпбидің бірнеше нұсқалары қаралды. Жалпы, 40-тан астам жоба келіп түсті деп айтуға болады. Ешбір жоба назардан тыс қалған жоқ. Әрқайсысын  талдап, талғап, жоба авторларына жауап берілді. Олардың ішіндегі қажетті дүниелер ескерілді», - деді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба.

Сонымен қатар Ә.Қаба  70-ке жуық ғалымнан құралған   4 жұмыс тобында жобалар қаралып, 8 таңдалып алынған.

«Сол  8-дің ішінен 4 жоба талқыланды. Ақпанның 14-де елде республикалық талқылау өтті. Төрт жобаны республиканың филолог ғалымдары, мамандары зерделеп, өз ұсыныстарын жеткізді. Үш айдың ішінде қайсысы уникодқа сай келеді, жазу, оқу кезінде қандай да бір мәселе туындауы бойынша бірнеше сараптамалар өткізілді. Мектептерде  500-ге жуық оқушы мен мұғалімдер арасында сараптама жүргізілді. Осылайша, ол жобалардың тиімділігі іріктелді», - деді ол.

   Ә.Қаба айтып өткендей, умлуат жобасы ең тиімді ретінде таңдалып алынды.

«Бұл жоба бойынша да біраз сынамалар өткіздік. Бүгінгі талқылауда осы жоба ұсынылып отыр. Ондағы әріптер бойынша қорытынды сынамалар шығарылып, осы айдың  13-і күні ғалымдардың кеңейтілген отырысы өтеді. Сол шарада нақты  жетілдірілген әліпби мақұлданып, Үкіметте ұлттық комиссия қарауына беріледі», - деді Ә.Қаба.

Аягөз Құрмаш 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды