• Басты
  • Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр
19 Қараша, 2020 13:47

Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр

Strategy2050.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Арнау» дамыту орталығының жетекшісі Ұлан Әбішевпен сұхбаттасты.


Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр

Ұлан Серікұлы, «Арнау» дамыту орталығы туралы айтып берсеңіз. Қоғамдық ұйым ба? Мақсаты қандай?

«Арнау» дамыту орталығы – бұл қоғамдық бірлестік. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жергілікті ұйым болып тіркелген. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден 2016 жылдың 6 тамызында Әділет департаментінде өтті.

Бірлестікті құрудағы басты мақсат – азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыру, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ мемлекеттік және әр саланың бағдарламаларына қатысу және оларды іске асыруға атсалысу. Аталған мақсаттарға байланысты бірлестік әеуметтік желілерде түрлі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын, аудио, видео өнімдер жасап, оның таралуы үшін жұмыс істейді. Неге бұл бағытта деген сұрақ туындайды. Мен өзім әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы болам. Өзімнің аудиториям 10 мың адамнан тұрады. YouTube желісінде авторлық арнам бар, онда 5000 адам бар. Сонымен қатар Facebook желісінде «Қазақстан шенеуніктері» атты тобым бар, онда 5,8 мыңнан аса қолданушы тіркелген. Қоғамдық жұмыспен айналыса жүріп өзімнің тәжірибем мен мүмкіндіктерімді пайдаланып қарапайым азаматтар үшін кеңестер беріп, қоғамға пайдамды тигізуді жөн санадым.

«Арнау» дамыту орталығы өткізген форумдарда көтерген мәселелер қандай нәтижелерге қол жеткізді?

Жақында ғана елордада Нұр-Сұлтан қаласының ІХ азаматтық форумы өтті. Осы шараны қала әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысымен біз өткіздік. Азаматтық форум екі жылда бір өткізіліп тұрады. Алдыңғы форум 2018 жылы өткізілген. Мұндай форумдарды өткізудегі мақсат – азаматтық сектор, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдары, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы ашық диалогты дамытуды ынталандыру. ҮЕҰ өкілдері белгілі тақырыптарды талқылауға қатысуға, өз ұсыныстарын енгізуге, қоғамның мәселелерін шешуге көмектесуге мүмкіндік алды. Азаматтық бастамаларды дамытуға, ҮЕҰ-ны қолдауға және халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы үшін жағдай жасауға әрқашан үлкен көңіл бөлініп келеді. Қазіргі уақытта бізде осы саланы реттейтін нормативтік құжаттардың кең пакеті, өзара әрекеттесу мен қолдаудың түрлі механизмдері бар. Сонымен қатар қазіргі кезеңде үшінші сектордың дамуы азаматтық қызметтің әртүрлі формаларының пайда болуымен және күшеюімен сипатталады. Форумның алдында азаматтық бастамалар орталығыныңң ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында тақырыптық сессиялар өтті. Онда мемлекеттік емес ұйымдар және мемлекеттік орган өкілдері қатысып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жағдайы, жергілікті басқару, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс құру, қоғамдық мониторинг және «Халық қатысатын бюджет» жобасы туралы ашық әңгіместі. Осы жылғы форум пандемияға байланысты онлайн форматта өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

Елімізде бұл бағдарлама аясында ірі жобалар жасалып, үлкен істер атқарып жатыр. Біз де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырдық. «Ата Заң: «Жеті жарғыдан» ҚР Конституциясының 25 жылдыңғына дейін» атты дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өткен 25 жылда ҚР Конституциясында болған өзгерістерді талқылады. Қатысушылар сонымен бірге Конституция барлық заңдардың негізін қалайтын саяси және құқықтық жүйенің өзегіне айналғанын атап өтті. Ата заңның арқасында қазіргі заманғы құқықтық мемлекет қалыптасты. Ел бірлігі әрқашан басты назарда болуы тиіс.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында бас редакторлар клубымен бірлесіп дөңгелек үстел өткіздік. Осы шарада «Аңсаған сәби» жобасының іске асырылуы үшін қандай шаралар өткізілетіні туралы айтылды.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірігіп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың – үш жылдық белесі» атты дөңгелек үстел өткіздік. Кездесуге елорданың зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік, филология, философия ғылымдарының докторлары, кандидаттары және қоғам белсенділері, меценаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде «Рухани жағыру» бағдарламасы бойынша үш жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері айтылды.

Қайырымдылық жасауға немесе көмек алуға арналған «Амал» сайттарыңыз жұмыс істеп тұұр ма? Қанша адам көмек алды?

 Қазіргі уақытта көмек көрсететін қор, ұйым көп, бірақ ол туралы ақпараттар жүйеленіп тұратын алаң жоқ. Біз арнайы сайт ашып, қайырымдылық шаралары туралы ақпараттарды жинап, әр санат бойынша жүйелеп орналастырамыз. Бұл қайырымдылық жасайтындар мен көмекке мұқтаж адамдар үшін өте ыңғайлы болады. Ол жерде көмек көрсетілген адамдардың және көмекке мұқтаж адамдардың байланыс нөмірі бар. Бұл жобаның мерзімі 2020 жылдың 1 шілде мен 30 қараша аралығы. Жобаның мақсаты: Қазақстандағы қайырымдылық жұмыстарын стандарттау мен жүйелеу. Біз қайырымдылық жасау мәдениетін дәріптеп, аға буынның жастармен тәжірибе бөліскенін қалаймыз. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл тіптен өзекті мәселеге айналды. Қазіргі уақытта Facebook, Instagram, Vkontakte сияқты әртүрлі әлеуметтік желі бар. Ол жерде жастарға, балаларға бағытталған видеожазбалар қоямыз, соның ішінде жобамызды Tik-Tok платформасында да жүзеге асырамыз. Біздің әдістемелік құрал аясында мазмұнды толтыру жағын арнайы қарастырдық. Яғни әдістемелік құралды біз «қайырымдылық жасаушылар» деп атадық. Онлайн-режимде және мүмкіндігінше офлайн-режимде бірқатар практикалық іс-шара өткіздік. Жастарға арналған ашық дәрістер сериясын жасадық. Біз бірқатар университеттермен келіссөз жүргізіп, университеттердің базасында дәрістер өткіздік. Жетекші спикерлерді шақырдық, олар қайырымдылықты өткізу тәжірибесімен бөліседі

Ұлан Серікұлы, сұхбаттасқаныңыз үшін рақмет!


Барлық жаңалықтар
104.168.118.160, 192.168.88.100