• Басты
  • Ләззат Ақтаева вирус өршіп тұрған аймақтарды атады
18 Маусым, 2020 18:02

Ләззат Ақтаева вирус өршіп тұрған аймақтарды атады

Бүгін еліміздегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдаймен таныстырған ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева вирус өршіп тұрған аймақтарды атады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ләззат Ақтаева вирус өршіп тұрған аймақтарды атады

Ләззат Ақтаеваның мәліметінше, қазіргі таңда республиканың 15 аймағында ауру тез таралып жатыр.

"Бүгінде жалпы 15 аймақта аурудың өсуі байқалуда. Ақмола, Түркістан, Павлодар, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтанда вирус өршіп тұр. Сонымен қатара айта кету керек, эпидемия кезеңінде 97 науқас қайтыс болды, ал 9 902 науқас емделіп шықты. қалпына келтірілді. Сондай-ақ өткен тәулікте 255 науқас жазылып шықты.  Ал 12 709 адам емделуді жалғастыруда, оның ішінде 237-сі бала. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Реанимация бөлімшесінде 125 адам бар", - деді Ләззат Ақтаева.

Сонымен қатар министрдің міндетін атқарушының сөзіне сүйенсек, өткен тәуліктегі өсім 2,2 пайыздан артқан.

"Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясын 15 877 адам жұқтырған. Сонымен қатар 3 маусымнан бастап ауру белгілері жоқ науқастарға зерттеу жүргізілді. Осы кезеңде 6 831 асимптоматикалық науқас тіркелді. Ал соңғы бір тәулік ішінде республикада 335 жаңа жағдай тіркеліп, өсім 2,2 пайызға артып отыр", - деді ол.


Бұдан бөлек Ләззат Ақтаева қазіргі таңда сынақ жүргізу үшін 400 мыңға жуық тест барын атап өтті. 

"Қазір қолымызда 390 мыңнан астам тест бар. Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында 200 мыңға жуық тест қолжетімді. Егер біз күніне адамдарды сынақтан өткізу санын көбейтетін болсақ, мәселен, егер қазір 28 мыңға жуық тестілеу жүргізілсе, онда біз мемлекет басшысының тестілеуді кеңейту туралы тапсырмасын орындау үшін күніне 30 мыңға дейін адамға тест тапсыртығу мүмкіндігіміз болады", - деді ол.

Сондай-ақ ол алдағы 10 күнде 1 млн-нан астам ПЦР тесті сатып алынатынын тілге тиек етті.

"Бүгін Премьер-Министрдің төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне медициналық ұйымдарда қосымша ПЦР зертханаларын орналастыруды, яғни инфрақұрылым бар болса, зертханалық диагностиканы қолжетімді етуді тапсырды. Алдағы 10 күнде 1 миллион 200 мың ПЦР сынақтары сатып алынатын болады", - деді Ләззат Ақтаева.

Бұдан бөлек министрдің міндетін атқарушы  коронавирус жұқтырғандар аурудың жеңіл және ауырлығына байланысты екі топқа бөлінетінін атап өтті.

"Науқастар асимптоматикалық және симптоматикалық болып екі бөлінеді. Клиникалық көріністердің болмауы біріншісіне жатады. ПЦР тесті оң нәтиже көрсеткен, бірақ клиникалық көрінісі жоқ науқастар мен орташа түрімен ауыратындар алғашқы медициналық көмек дәрігерінің бақылауымен амбулаториялық емдеуде болады", - деді Ләззат Ақтаева. 


Сонымен қоса ол қандай кезде науқастардың жедел жәрдем шақырып, қай уақытта ауруханаға жатқызылу керегін түсіндіріп өтті.

"Халық коронавирустың қайсысы жеңіл түріне жататынын  түсінуі керек. Негізгі критерийлердің бірі - бұл тыныс алу кезінде ешқандай қиындықтың болмауы. Тыныс алу қозғалысының саны минутына 24-тен аз болуға тиіс. Температура қалыпты немесе 38 градустан төмен болуы керек. Тамақтың қызаруы, мұрынның бітелуі, сәл жөтел сияқты құбылыстарды оңай байқауға болады. Пульстің жиілігі минутына 60 - 80 болады. Бірақ егер науқаста интоксикация белгілері болса, мәселен, бас ауруы, бұлшық еттің ауыруы, дене қызуы, температура 38 градустан жоғары, тыныс алу қиындығы, кез келген қозғалысқа ентігіп қалу пайда болса, онда бұл коронавирустық инфекцияның ауыр түрі екенінің белгісі. Мұндай науқастарды ауруханаға жатқызу керек", - деп толықтырды ол. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды