• Басты
  • Л.Сүлеймен елордалық әйелдердің арызын тыңдады
20 Қыркүйек, 2019 17:35

Л.Сүлеймен елордалық әйелдердің арызын тыңдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Министрліктер үйінің жанында наразылық шарасына жиналған әйелдермен кездесті,деп хабарлады Strategy2050.kz.
Л.Сүлеймен елордалық әйелдердің арызын тыңдады

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлағандай, олар сенаторға тұрғын үй мәселесін шешуге және көп балалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алуға байланысты өз проблемалары туралы айтып берді.

Л.Сүлеймен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етіп, Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау жөнінде мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстары жайында айтты. 

«Әйелдер көтерген әр мәселе жеке қаралып, тиісті мемлекеттік органдардың құзырына жеткізіледі және олардың осы мәселелер бойынша нақты шешім қабылдауын назарда ұстайтын боламын»,-деді сенатор.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды