• Басты
  • КВИ анықталған науқастарды госпитализациялау жүктемесі артты
25 Маусым, 2020 12:30

КВИ анықталған науқастарды госпитализациялау жүктемесі артты

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары «КВИ анықталған науқастарды госпитализациялау санының өсуіне байланысты стационарлық қызметтің жұмысын ұйымдастыру туралы» мәлімет берді, деп хабарлайды «Strategy2050.kz» AA тілшісі.

КВИ анықталған науқастарды госпитализациялау жүктемесі артты

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме артқанын аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келгенін айтты.

«Соның ішінде күніне коронавирус инфекциясы және пневмониямен 350-400-ге жуық адам ауруханаға түседі. Инфекциялық аурулар және провизорлық ауруханаларда адамдардың саны бүгінде екі жарым мыңға дейін өсіп отыр. 91 пайызының жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. 9 пайызының жағдайы өте ауыр болғандықтан жедел реанимация бөліміне бірден апарылады. Соңы аптада науқастардығ саны бірден үш есеге артып отырғанын көрсетті. Қазіргі таңдап осы тәулікте реанимация бөлімінде 103 адам жатса, оның 55-інен коронавирус инфекциясы табылды. 22 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылыпғанын атап өтейін. Қаламызда бүгінге дейін, өкінішке орай 38 өлім жағдайы тіркелген. Қайтыс болғандардың 70 пайызы - 60 жастан асқан науқастар. Күн сайын пневмониямен ауыратын науқастардың саны артып отыр. Тәулігіне 600 жағдайға дейін өсіп отыр. Пандемиядан бұрын күніне пневмониямен 80 науқас шағымданып келетін. Төсек орын саны ұлғайтылып жатыр. 12 маусымнан бастап жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы төсек орны саны Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың төсек орны қорын қайта құруға байланысты 1351 орынға ұлғайтылып, тек соңғы үш күнде қосымша 830 төсек берілді. Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек дайын болады. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясымен күресуге 3 135 төсек орындық 12 денсаулық сақтау ұйымы қоса жұмылдырылып жатыр. Ауруханаларда жұмыс жүктемесі артып, 79 пайызды құрап отыр. Жедел жәрдем қызметіне жүктеме де артып отыр», - деді басқарма басшысы.

Елордада жедел жәрдемге аптасына коронавирус індетіне байланысты 4 438 қоңырау шалынды. Соның ішінде Кеше 1300 шақырту коронавирус індетіне шалдыққан науқастар екен. Жалпы жедел жәрдемде күн сайын шамамен 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

«Күні кешеге дейін елордада инфекцияның 3546 жағдайы тіркеліп, жеті күнде тәулігіне орташа есеппен коронавирус инфекциясының 150 жаңа оқиғасы тіркеліп жатыр.оның жартысында симптом жоқ. Осы уақытқа дейінгі статиска 2577 пациент емделіп шықты. Бұл ауырғандардың 73 пайызы», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы уақытқа дейін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирус инфекциясымен ауырғаны хабарланған. Басқарма басшысы журналистерге аурумен қалай күрескенін айтып берді.

«Өте қатты ауырдым, ауыр болды. Сол классикалық сценарий бойынша өтті деп айтуға болады. Өкпем қабынып, Нұр-сұлтан қаласындағы стационарлардың бірінде емделдім. Бекітілген диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сай ем қабылдадым. Стационарда 15 күн жаттым. Осы тұста міндетін адал атқарып жүрген әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын. Қызметкерлер тәулік бойы стационарларда жұмыс істеуде», - деді К. Надыров Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз қызметінде.

 

Барлық жаңалықтар
66.249.70.92, 192.168.88.100