• Басты
  • KTZ Express TХКМ маршрутында жаңа контейнерлік пойызды іске қосты
15 Сәуір, 2020 18:02

KTZ Express TХКМ маршрутында жаңа контейнерлік пойызды іске қосты

Алғаш рет Сиань (Қытай) - Измит (Түркия) бағытындағы контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы Транскаспий халықаралық көлік маршрутымен (ТХКМ) жүріп өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
KTZ Express TХКМ маршрутында жаңа контейнерлік пойызды іске қосты

Пойыз Республика аумағына Алтынкөл шекара бекеті арқылы келді.  Кейін пойыз TХКМ маршрутымен Ақтау портына өтіп, Баку портына фидерлік кемемен жеткізіледі. Одан әрі жүк Әзірбайжан мен Грузия аумақтары арқылы Түркияға жеткізіледі.

Әртүрлі тұтыну тауарлары тиелген 41 қырықфуттық контейнерлерден тұратын контейнерлік пойыз жөнелту пунктінен межелі жерге дейінгі қашықтықты 16 күн ішінде жүріп өтеді.

«Транзитттік хабарламада 2020 жылдың үш айында Транскаспий маршруты арқылы 1,1 мың ЖФЭ тасымалданды», - дейді «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев.

Оның айтуынша, маршрут қазақстандық экспорттаушыларға өз өнімдерін Әзірбайжанға, Грузияға, Түркияға, сондай-ақ Қара және Жерорта теңіздерінің порттарына жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар компания қолайлы тарифтік жағдайларды жасау мен трансқазақстандық бағытқа жүк көлемін тарту бойынша тұрақты жұмыс істейді.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды