• Басты
  • ҰКП 6 жылда кәсіпкерлердің 31 мың өтініміне жауап берді
24 Қазан, 2019 10:53

ҰКП 6 жылда кәсіпкерлердің 31 мың өтініміне жауап берді


Нұр-Сұлтанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезі басталады. Съезд барысында Палатаның атқарылған жұмысы туралы есебі, «Атамекен» ҚР ҰКП дамуының жаңа мақсатты моделі және бизнестің түйткілді мәселелері қаралады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
ҰКП 6 жылда кәсіпкерлердің 31 мың өтініміне жауап берді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезінде қандай мәселелер талқыланатыны туралы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтып берді.

«Жылына бір рет өткізілетін шара жұмысымыздың қорытындысын шығаруға бағытталған. Келер жылға мақсаттар қойып, ең өзекті мәселелерді талқылаймыз. Сондықан да, бүгін талқыланатын сұрақтар көп болады. Бизнеспен жұмыс істедік, ауыл шаруашылығы саласында сұрақтар бар. Оның ішінде субсидияға қатысты сұрақтар, мемлекеттік органдардың жергілікті деңгейдегі жұмыстары мен әкімшілік кедергілерге қатысты сұрақтар бар. Тарифтерге қатысты сұрақтар да талқыланады. Есептен бұрын Премьер-Министр және министрлермен бизнесті алаңдататын сұрақтарды талқылайтын боламыз», - деді ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ, ол субсидияға қатысты мәселелерді де қаузап өтті.

20191024_102542.jpg

«Импортты алмастыру мен экспортқа шығу мәселелері де талқыланатын болады. Бизнеске қалай көмек көрсету қажеттігі де талқыланады. Қазіргі таңда процедуралар санын қысқарту, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар бизнестің уақытша және қаржылық шығындарын төмендетуге бағытталған түзетулердің 8-ші пакетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді О.Ордабаев.

ҚР ҰКП төрағасының орынбасары айтып өткендей, 6 жылда 31 мың өтінім кәсіпкерлерден келіп түскен.

«Осы өтінімдердің ішінде 43 пайызын біз оңтайлы шештік. 2,5 есе мемлекеттің реттеуі қысқартылды. Жаңа кәсіпкерлерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. «Бастау» жобасы бойынша 88 мың адам білім алды. Оның ішінде 30 мың адам өз істерін ашып, жұмыс істеп жатыр. Шағын бизнес артып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасы да бар, ол шағын бизнестің үлесі ЖІӨ бойынша 50 пайызға жеткізу», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Съезде мақсатты моделі таныстырылатынын атап өтті.

«Біз цифрландыру бойынша бірқатар ауқымды жұмыстарды атқарамыз. Бүгін өте қызықты таныстырылым болады деген ойдамын. Цифрландыру қызметтерді жедел алуға мүмкіндік береді. Ешқайда бармай-ақ, қызметті смартфон не кеңседе отырып алуға болады. Офлайн алатын мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады», - деді ол.

Ал Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры Нұрлыбек Мұқанов ауылшаруашылық саласының драйверге айналуы туралы айтып берді.

20191024_103117.jpg

«Ауыл шаруашылығы саласы бұрыннан маңызды салалардың бірі болып есептеледі. Осы саланың дамуына «Атамекен» ҰКП өз тарапынан біраз жұмыстар атқарып келеді. «Атамекен» кәсіпкерліктің ауыл шаруашылыққа жұмыс жасайтын фермерлердің, шаруа қожалықтарының жұмысын жаңғыртуға барынша ықпал етіп келеді.Өткен жылдары ауыл шаруашылығы техникасының салық мәселесі бар. Кей техникаларға қатысты салықты алып тастау ережелері құқықтық-нормативтік актілерге енгізілді. 100 млн-нан арттық қаражат көзі шынжыр табанды тракторларға ие. Ол кәссіпкерлердің өз қалтасында қалды», - деді Н.Мұқанов.

20191024_101245.jpg

Айта кетейік, Съез жұмысына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, мемлекеттік органдар және еліміздің 17 өңірінен бизнес-қоғамдастықтар атынан делегаттар қатысады.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды