• Басты
  • Короновирус: Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды бірқатар елге саяхаттамауға шақырды
24 Ақпан, 2020 17:19

Короновирус: Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды бірқатар елге саяхаттамауға шақырды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Ортылық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Короновирус: Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды бірқатар елге саяхаттамауға шақырды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронивирус инфекцияның таралуына алаңдаушылық білдірді. 

"Кейінгі кезде короновирус инфекциясы басқа елдерде де бас көтеріп жатыр. Ақпанның 22-і күні өсуі 24 пайыз болса, кеше - 21 пайыз болды. Енді бұл елдер қолайсыз елдер қатарына еніп жатыр. Оның қатарында Оңтүстік Корея Республикасы бар, қазір бұл ел ауру таралуы жөнінен екінші орында тұр. Көбінесе екі провинциясында тіркеліп жатыр. Ал басқа провинцияларында 18 жағдай тіркелген. Бізді бұл жағдай қатты алаңдатады. Себебі екі елдің қарым-қатынасы жақсы, сондай-ақ онда 23 мың Қазақстан азаматы бар",- деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, соңғы уақытта короновирус инфекциясы әлемнің бірқатар елін жайлап кетті. Сол себепті ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бірқатар елге саяхат жасауды тоқтата тұруға кеңес берді.

"Ресми ақпарат бойынша Италияда 144 жағдай тіркелді. Ал Жапонияда 132 жағдай тіркеліп отыр. Сонымен қатар тағы алаңдатып отырған елдер қатарында Сингапур (89), Иран (43), Тайланд (35), Малайзия (22), Вьетнам (16) бар. Сол себепті аса қатта қажеті болмаса, жоғарыда аталған елдерге баруды уақытша тоқтата тұру керек. Неге десеңіз, жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Мәселен, Оңтүстік Корея екі күн ішінде екінші орынға шығып отыр. Сол себепті жағдай қиындап кететін назарда ұстау керек. Қазіргі таңда бұлар өте қауіпті елдер қатарында", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен бірге ол елдегі жағдайдың тұрақты екендігін атап өтті.  

Қазір елімізде жағдай тұрақты. Өткен аптада ҚХР шекарасын аралап шықтым. Автомобиль, теміржол секілді өткелдерді қарадым. Ол жер нақты бақылауға алынған. Сонымен қатар дәрігерлер санын да көбейттік. Қазір санитарлық дәрігерлер, эпидемиологдәрігерлер бар ол жақта. Біздің шекарамыз тәулік бойы тексерісте тұр. Қазіргі таңда Қытаймен әуе жол, теміржол және автобус арқылы байланыс жоқ. Бұл жағдай бақа елдерден де шығуы себепті, біз қатты бақылауға алып отырмыз, әсіресе жоғарыда аталған елдерді. 
   

Бұдан басқа жиынға қатысқан Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Диас Ахмешәріп коронавирусты жұқтырғандар Қазақстандағы ауруханаларда орналастырылған деген әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың жалған екендігін атап өтті.

"Бүгінгі күні біз барлық қалалармен және облыс орталықтарымен жұмыс істеп жатырмыз. Еліміздегі ауруханаларда коронавирус жұқтырған адамдар бар деген ақпарат жалған. Бәрі біздің бақылауымызда. Медициналық мекемелерде жақында шетелден оралған адамдар бар, олардың барлығы тексеруге немесе карантинге жіберілді", - деді Диас Ахметшаріп.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды