- Басты
- Коронавирустың «екінші толқыны» болуы мүмкін бе
Коронавирустың «екінші толқыны» болуы мүмкін бе
Strategy2050.kz аналитикалық-шолу порталы тілшісінің ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойған "екінші толқынның" болмау мүмкіндігі туралы сауалына министр жауап берді. Оның айтуынша, күз бен қыста екінші толқын болмауы да мүмкін. Министрдің толық жауабы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалда.

РИА НОВОСТИ ақпарат агенттігі хабарлағандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік директоры Дорит Ницан коронавирустың қазіргі түрлері мен формалары COVID-19 екінші толқының болмайтынын көрсеткенін жариялады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, коронавирустың екінші толқыны болмауы мүмкін, егер де:
Пессимистік сценарий болса, маска режимі 60% ғана қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамды құрайды, ал 65 мың адам ауруханаға жатуға мәжбүр болады. Локдаунды енгізу желтоқсан айының ортасына жоспарланған.
Екінші реалистік сценарий бойынша әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары мен маска режимі 70% қамтамасыз етілсе 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 90 мың адамды құрайды, ауруханада ем алуды 30 мың адам қажет етеді. Бұл жағдайда локдаунды енгізу қаңтар айына болжанады.
Егер біз қашықтықты сақтау ережелерін ескеріп, маска режимінің 100% сақталуын қамтамасыз етсек, төсек-орынның максималды сыйымдылығының 70% жеткенде енгізілетін қатаң карантинге жүгінудің қажеті жоқ.
Осы оптимистік сценарий бойынша 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 40 мың адамды құрайды, 15 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді.
Сондай-ақ Strategy2050.kz тілшісі Бас дәрігерге келесі сұрақты жолдаған болатын:Әлеуметтік желілерде көрініп жүр, топтасып той өткізу тоқтамаған. Неге шара қабылданбай жатыр?
Алексей Цойдың айтуынша, бүгінгі таңда ең көп кездесетін бұзушылықтар тамақтану орындары мен ойын-сауық орындарында кездеседі.
Мысалы, түнгі және компьютерлік клубтардың қызметіне тыйым салынады, бірақ олар өз қызметін жалғастыруда. Айыппұл түріндегі сомасы 83 мың теңгеден (ең төменгі мөлшері) 4 млн.теңгеге дейінгі әкімшілік шараларға қарамастан, субъектілер әлі де карантин режимін бұзуды жалғастыруда. Мысалы, Нұр-сұлтан қаласында бір түнгі клубқа 8 рет айыппұл салынды. Сондай - ақ, жаппай іс-шараларды шектеу бойынша бұзушылықтар жиі кездеседі, олар: үйлену тойлары, тойлар, банкеттер, еске алу. Халық covid-19 бойынша жағдайды жеңіл қабылдайды, бұл карантин режимінің бұзылуына әкеледі, - деп жауап берді ол.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың 159 жағдайы тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 82 адам жазылып шыққан. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 789 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Елдегі жағдай тұрақты деп бағалануда. Әйтсе де, әлем елдерінде жағдай қиын. Мәселен, Францияда 17 қазан мен 1 желтоқсан аралығында коменданттық сағат енгізілді. Арнайы режимді бұзған франциялықтар үлкен айыппұл салынады.
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды

