- Басты
- Жаңалықтар
- Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстанда балалар арасында вирустың таралу деңгейі қандай
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстанда балалар арасында вирустың таралу деңгейі қандай
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова елдегі коронавирустың таралу жағдайына есеп берді. Толығырақ Stratrgy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Дәл қазір әлем елдері коронавирустың екінші толқынын бастан өткеріп жатыр. Дүние жүзінің 216 елінде КВИ-дың 48 млн астам жағдайы тіркелген. 1,2 млн адам қайтыс болды. Мысалы, соңғы айда Германияда ауру өскен. Бұл елде өсім 0,9-дан 3,0-ге дейін артқан, соңғы тәулікте 16545 жағдай тіркелген. Ресейде – 18 648 жағдай, Испанияда да осыншама адам КВИ жұқтырған, Италияда КВИ 28 244 адамда расталды.
Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесі бар 432 адам тіркелді, ПТР нәтижесі теріс – 269 жағдай. Сондай-ақ, соңғы екі аптада ел өңірлерінде COVID-бен сырқаттанудың өсуі байқалады.
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймағында аурудың өсімі байқалады. Осы аптада салыстырмалы түрде вирустың таралуы 2,6 есе көбейіп отыр. Ал Шығыс Қазақстан облысында 6,6 есеге өсті. Мұнда өткен аптада 193 жағдай орын алса, осы аптада 1283 жағдайға дейін өсті. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай облыстарында 3 есеге артқан. Бүгінгі күні 14 өңірдің – Солтүстік Қазақстан облысының, Батыс Қазақстан облысының, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері күшейтілген шаралар қабылдады, - деді вице-министр.
Күн сайын жүргізіліп отырған мониторингке сәйкес 4 қарашадағы жағдай бойынша Республикада 19 903 төсек орын (инфекциялық - 12 767, карантиндік-7 136), ал реанимациялық төсек - 1245.Республика бойынша инфекциялық стационарларда 20% (2 572 төсек) құрайды, өңірлер бөлінісінде бос болмаудың ең көп пайызы СҚО - да 37%, БҚО-да 30%, Нұр-Сұлтан қаласында 30% байқалады.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан бойынша инфекциялық стационарлардағы төсек-орындардың қамтылуы 20%-ды құрайды. Өңірлер бойынша қамтудың ең көп пайызы СҚО-да - 37%, БҚО және Нұр-Сұлтанда 30%-ды құрайды. Реанимациялық төсек-орындарды пайдалану 17% (213 төсек-орын) құрайды, пайдаланудың ең көп пайызы СҚО-да – 38%, ШҚО-да - 29%, Нұр-Сұлтан қаласында - 28%. Карантиндік стационарларда төсек-орындардың 5,2% (372 төсек) пайдаланылуда, ең көп пайызы БҚО-да 20%, СҚО-да - 18%, ШҚО-да - 15,5% құрайды, - деді ол.
Ажар Ғиният балалар арасында ауру өсімі бойынша есепке көшті. Оның айтуынша, балалардың денсаулығын қорғау Қазақстанның денсаулық сақтау –жүйесі үшін басты бағыт. Балалар арасында коронавирустан өлім-жітім жоқ. Күн сайын жаңа туған нәрестелер мен КВИ бар балалардың денсаулығына мониторинг жүргізіледі. Қазақстанда осы к.нге дейін 3164 балада COVID-19 анықталды, бұл елдегі барлық КВИ жұқтырғандардың 3%-ы. Жаңа туылған 114 нәрестеде сынамалар нәтижесінде ковид анықталған. Ал 7 балада коронавирус асқынып, вирустық пневмонияға ұласқан. Үш науқаста пневмония салдарынан бактериялық сипаттағы пневмония анықталды.
COVID-19 диагнозы зертханалық расталмаған КВИ 1810 бала тіркелді. Коронавирустық инфекцияның ағымы балалардың 2697-де симптомсыз және жеңіл болды, ал 19 балада ауыр өтті. Ауырған барлық бала стационарларда емделді. Дәл қазір COVID-19 бар 340 бала бақылауға алынды, оның ішінде үшеуі - жаңа туған нәресте, 337-сі - 18 жасқа дейінгі балалар, ауруханаға жатқызылғандар – 55, 285 бала амбулаториялық ем қабылдауда, - деді Ажар Ғиният.
Ажар Ғинияттың дерегінше, 200 оқушы дәрігерлердің бақылауында, сондай-ақ бала-бақшалардың кезекші топтарынан 18 бала, интернаттан 21 бала бар. Оның ішінде 14 бала ШҚО девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатынан, СҚО Мамлют орта мектеп-интернатының 7 тәрбиеленушісі бар. COVID-19 жеңіл түрде өтуде. Тамыз айынан бастап 42 балада кавасакиға ұқсас синдром байқалды. Қазіргі уақытта мұндай диагнозы бар науқас жоқ. Жалпы, негізгі статистикалық деректер бойынша, бала туу артты, балалардың аурушаңдығы мен өлім-жітімінің деңгейін төмендеді, оң өзгерістер байқалады. Нәресте өлімінің көрсеткіші 2,5%-ға төмендеп, 2020 жылғы 9 айда 1000 тірі туғандарға шаққанда (2505 бала) 7,9-ды құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда балалар өлімінің көрсеткіші 8%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 9,0-ді құрады.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пандемия кезінде балалардың денсаулығын сақтау шаралары туралы айтты.
Бірінші шара – амбулаториялық, стационарлық және жедел медициналық көмек деңгейінде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық көмек көрсету тәртібі бекітілді. Еліміздің педиатрия саласындағы жетекші мамандары «Балаларда COVID-19 коронавирустық инфекциясын» диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын әзірлеп, бекітті.
Екінші шара – диагностика және консультациялық-практикалық көмек көрсету үшін республикалық орталықтар мен жетекші медициналық ЖОО сарапшыларының жұмыс тобы құрылды, олар онлайн режимде және телемедицина бойынша мультижүйелік қабыну синдромына (Кавасаки-ұқсас синдром) күдігі бар барлық балаларға жетекшілік етеді, жеке емдеуді таңдап, әрбір бала бойынша консультациялар, консилиумдар өткізеді. Амбулаторияларда «лас» және «таза» аймақтар қарастырылған. Барлық емханалар балаларды амбулаториялық деңгейде емдеу үшін дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, инфекциялық стационарлар дайындалды. Медициналық персонал оқудан өтті. Санитарлық авиация желісі бойынша өңірлерге 665 ұшу ұйымдастырылды және 1099 балаға, оның ішінде 283 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді. Республикалық орталықтарға 917 бала тасымалданды, 72 балаға консультация берілді, 23 балаға ота жасалды. Республикалық орталықтардың мамандары онлайн-режимде үздіксіз консультациялар өткізді.
Үшінші шара – пандемия кезеңінде балаларға амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық көмекті ұйымдастыру шеңберінде «лас» және «таза» аймақтарға бөлу қағидаты бойынша жұмыс көзделген. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) медициналық ұйымдарына барған кезде балалар және олармен бірге жүретін адамдар (ата-аналар, заңды өкілдер) дене қызуы жоғары науқастарды анықтау мақсатында байланыссыз термометрия және сұрау жүргізілетін «сүзгі» арқылы өтеді. COVID-19-ны жоққа шығармайтын белгілері анықталған балалар уақытша оқшаулағышқа орналастырылады. Дәрігер қарағаннан кейін пациент амбулаториялық емделуге жіберіледі немесе провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.
Төртінші шара - стационар деңгейінде COVID-19 ықтимал немесе расталған жағдайы және қатар жүретін созылмалы (тұқым қуалайтын, туа біткен) ауруы бар балаларға медициналық көмек көрсету жүзеге асырылады. COVID-19 (ЖРВИ, пневмония, диарея) жоққа шығармайтын қауіп тобындағы балалар COVID-19 короновирустық инфекциясы бойынша мәртебесі анықталғанға дейін шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның оқшауланған бөлімшесіне емдеуге жатқызылады. Стационарлық емдеу шеңберінде балалар клиникалық хаттамада толық көлемде көзделген препараттармен (оның ішінде вена ішіне енгізілетін иммуноглобулиндер (ВІЕИ), ацетилсалицил қышқылы (АСК), глюкокортикостероидтар, Тоцилизумаб, Анакинра, Инфликсимаб, антибиотиктер) қамтамасыз етіледі.
Бесінші шара – санитариялық авиация желісі бойынша өңірлерге 665 ұшу ұйымдастырылды және 1099 балаға, оның ішінде 283 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді. Республикалық орталықтарға 917 бала тасымалданды, 72 бала кеңес алды, 23 бала ота жасалды. Республикалық орталықтардың мамандары онлайн-режимде үздіксіз консультациялар өткізді. Пандемия кезеңінде барлығы 855 телеконсультация өткізілді. Өңірлерге дені сау адамға, жіті респираторлық вирустық инфекциясы бар пациентке, COVID-19 үшін оң тесті бар үйдегі пациентке, емделуден кейін стационардан шығарылған пациентке арналған жадынамалар жіберілді. Сондай-ақ, симптомсыз, жеңіл COVID-19, пневмониясы бар науқастарды амбулаториялық бақылаудың чек-парақтары, ата-аналарға COVID-19 бар баланың жағдайын бақылау бойынша чек-парағы жасалды.
Аймақтарға дені сау адамдарға, жіті респираторлық вирустық инфекциясы бар пациентке, COVID-19 тестінің оң нәтижесімен үйде отырған пациентке, емделуден кейін стационардан шығарылған пациентке арналған жадынамалар жолданды. Ата–аналарыңыздан, жақындарыңыздан өз балаларын қорғауды, COVID-19-ға қарсы күрес бойынша профилактикалық іс-шаралар туралы хабардар болуды, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, қорғаныс құралдарын пайдалануды, пандемия кезеңінде басқа да инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында жоспарлы екпелерді алу үшін емханаға уақтылы баруды сұраймыз, - деп өтініш жасады Ажар Ғиният.
Айжан Есмағамбетова брифинг барысында осы күнге дейін 3 655 616 зерттеу жүргізгені туралы айтты. Шілде айында тестілеу қуаты тәулігіне 40 мыңнан сәл артық болған. Қазір 70 мың. Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан қаласы карантиндік аймаққа жатпайтынын, шектеу шаралары енгізілмейтінін айтты.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

