• Басты
  • Жаңалықтар
  • Коронавирустың екінші толқыны: тұмаудың таралуы жылдағыдан аз, жағдай тұрақты

Коронавирустың екінші толқыны: тұмаудың таралуы жылдағыдан аз, жағдай тұрақты

2 Қазан, 2020 08:38

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният еліміздің денсаулық сақтау саласының екінші толқынға дайындығы, дәрі-дәрмек алып дайындала беру туралы, әуе қатынастары туралы тоығырақ мәлімдеме берді. Денсаулық сақтау саласының басшыларының ескертулері мен жоспары Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалында.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың хабарлауынша, күзгі маусымда келеді деп жоспарланып отырған екінші толқынды болдырмау үшін немесе жеңіл түрде өтуін қамтамасыз ету үшін барлық амал қарастырылып жатыр. Еліміздің барлық ауруханалары мен емханалары штатты режимде жұмыс істейді.

Егер күзгі маусымда инфекцияның таралуы орын алған жағдайда Қазақстан бойынша 70 мыңнан астам жатын орындары беріледі. Оның 51 мыңы стационарларда дайын тұр. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары бойынша арнайы комиссия құрылып, қаражат бөлініп тиісті шаралар орындалып жатыр. Көктемгі қателік орын алмауы тиіс. 11,4 млрд теңгеге қосымша екі айлық төмендемейтін дәрілік заттар қоры қалыптастырылды. Барлық облыста сұранысқа ие дәрілік заттар бойынша жалпы сомасы шамамен 13 млрд.теңгені құрайтын дәрі-дәрмек қоймасы дайын. Сонымен қатар, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді. Дәрілік заттардың 5 атауын қамтитын COVID-19 нозологиясы енгізілді. Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 2 619 бірлік, оның ішінде 1 500 отандық өндіріс аппараты сатып алынуда. 21 мыңнан астам төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген, қазан айының соңына дейін қосымша 9 мыңға жуық төсек-орын қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Ал үйде емделетін 1 млн адамға тегін дәрі-дәрмек те дайын екен. Тұрмысы төмен отбасылар мен жүкті әйелдер, көпбалалы отбасыларға тұмаудан вакцина тегін беріліп жатыр.2,2 млн доза вакцина берілген. Қазіргі көрсеткіш бойынша шамамен 1 млн.адам немесе жоспарланғанның 44% егілді. Елде 2,8 млн.адам немесе барлық халықтың 15% - ы тегін вакцинациялауға жатады.

Біз коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық әдіс-тәсілді ұтымды пайдалануға тырысып жатырмыз. Біз көмек беруден, дәрі-дәрмек беруден бас тартпаймыз. Барлық медециналық мекемелер жұмыс істеп тұр және штаттық режимді үздіксіз жұмыс істеуін жалғастыра бермек, - деп сендірді Бас дәрігер.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуы бойынша дәл қазіргі жағдай бойынша жедел-жәрдем қызметіне түсетін қоңырау саны азайған. Нақтырақ айтсақ, шілде айымен салыстырғанда, жедел-жәрдем қызметіне түсетін жүктеме 6 есеге азайған. Сонымен қоса тұмау ауруымен ауырып жатқандар былтырғымен салыстырғанда аз.

Коронавирус күдігімен жедел жәрдем қоңырауларының саны шілде айында тәулігіне орта есеппен 3 мың болса, тамызда – 1 мың, қыркүйекте – 500-700 құрады. 2020 жылдың 8 айында жалпы шақырулар саны 7,8% азайып, 5 050 472 құрады. 2020 жылы 807 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды, қосымша 360 бірлік сатып алынады, - деді вице-министр.

Қазір елде жедел жәрдем деңгейінде 1400 бригада жұмыс істейді, олардың үштен бірінен астамы елді-мекендерде. Еліміз бойынша күн сайын орта есеппен 17 мың шақыртуға барады, оның 3,6% жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық инфекциялары белгілерімен. Ал тұрғылықты жер бойынша дәрігерлік қызмет көрсететін елімізде 577 емхана бар. Оның 12,3 мыңы учаске бар. Президенттің тапсырмасымен 100 жылжымалы медициналық емхана сатып алынады. Онда терапевт, педиатр дәрігерлер пациенттерді қабылдайды, және толық тексеруден өткізеді. Олар шалғай ауылдарға беріледі.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ЖРВИ-дің тіркелген жағдайларының саны 35,9%-ға артып, 2 953 511 жағдайды құрады. Биылғы жылдың тамыз айында тіркелген жағдайлардың саны 30%-ға азайды. Қыркүйектің 4 аптасында ЖРВИ тіркелген жағдайлардың саны 263 775 жағдайды құрады, ал 2019 жылдың қыркүйегінде 378 267 жағдай тіркелген.

Әдетте жыл сайын күз бен қыста вирустық инфекция мен тұмау ауруының көрсеткіші бірден көтерілетіні байқалатын. Биыл жылдағыдан төмен.

Емханаларда дәрігерлер, санитарлар, техникалық қызметкерлер мен емханаға қаралушылардың санитарлық-гигиеналық талаптарын сақтау үшін барлық жағдай қарастырылған: әлеуметтік қашықтықты сақтау шартымен, көрсеткіштері бар лас және таза аймақтарға бөлінген. Медицина қызметкерлері термометрлермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Пациенттерге арналған санитайзерлер орнатылған, қызбаға шалдыққандарға, жүкті әйелдер мен балаларға арналған жеке сүзгілер, сондай-ақ коронавирусқа күдікті пациенттерге арналған карантиндік үй-жайлар ұйымдастырылған, - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда кезекші сыныптарда оқып жүрген оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 36 бала тіркелді. Олармен байланыста болған 575 оқушы анықталды. Соның ішінде 10 баланың талдауы оң нәтиже берген. Қашықтан оқитын 73 балада коронавирус тіркелген. Олармен байланыста болған 242 адам тіркелді. Оның ішінде 15 жағдай расталды.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған - 13, Солтүстік Қазақстан облысында – 12, өзге өңірлерде 1-2 баладан тіркелді. Жағдайы ауыр, өкпе аппаратына қосылған науқас жоқ, бәрі симптомсыз жеңіл өтіп жатыр.

Алексей Цойдың мәлімдеуінше, мектептердегі онлайн оқу форматынан дәстүрлі оқу форматына ауысу қашан болары 1 тоқсан аяқталған соң белгілі болады. Егер күзгі толқын шынымен болып, вирустың таралу көрсеткіші күрт ұлғайса, қашықтан оқу сақталады.

Коронавируспен немесе пневмониямен жұмыс барысында ауырып қалған медицина қызметкерлері аймақтық комиссиялардың деректерді сапасыз енгізуіне байланысты өтемақы ала алмады. Бұл мәселені журналистер Цой мырзаға сауал етіп қойды. Министр нақты сандармен жауап берді:

Бүгінгі таңда COVID-19 және пневмониямен барлығы 12 830 медицина қызметкері ауырды, оның ішінде кәсіптік қызметке байланысты медицина қызметкерлерінің саны – 8339. Өңірлік комиссиялар 8265 өтінімді қарады, инфекциялардың жалпы санының тек 67% - ы расталды. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі 570 өтінімді қабылдай алмады, ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 60 өтінімді өңірлердің сапасыз толтыруына байланысты қабылдамады. Осылайша, бүгінде өңірлік комиссиялардың қарауында 100-ге жуық өтінім жатыр, олар бойынша шешімдер қабылданады. Жалпы, медициналық қызметкерлердің 88% - ы немесе олардың жалпы санының 3421-і өтемақы алды. Жалпы Қазақстанда коронавирус және пневмониядан 182 медицина қызметкері қайтыс болды. Алайда, өңірлік комиссиялар 54 өтінімді мақұлдады, олар бойынша өлім-жітім кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты. Жалпы, бүгінде 42 адамның 34-і өтемақы алды, бұл қайтыс болғандардың жалпы санының 79 пайызын құрады,- деді А.Цой.

 

 

Барлық жаңалықтар