- Басты
- Жаңалықтар
- Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шараларды күшейтудің қосымша шаралары қабылданғанын мәлімдеді. Қазақстанда ауру таралған "қызыл аймақтар" мен "жасыл аймақтар", вакцина, оқушылардың вирус жұқтыруы, коронавирустан болған өлімнің басқа да себептері туралы ресми ақпаратты Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.

Қазақстанның бірнеше қаласына кіру және шығуды шектеу үшін санитарлық бекеттер орнатылады. Бірқатар елді мекенде санитарлық блок посттар орнатылды, әуе және теміржол қатынастары қысқартылды, теміржол құрамдары облысының ішінде тоқтауға тыйым салынды.
Санитарлық дәрігер қол қойған қаулы бойынша, ауру таралуы көп қауіпті аймақтарда сауда үйлерінің, жалпы тамақтану орындарының, орталықтардың және ауданы 800 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің жұмыс уақыты шектелді. Жиналыстар онлайн форматта өткізілуде. Демалыс және мереке күндері шаралар күшейтілді. Шығыс Қазақстан облысында маршруттарға шығатын автобустар көбейтілді, ал кіре берістерде, лифтілер мен паркингтерде дезинфекциялау жүргізіледі. Ал ШҚО және СҚО темір жол және авто вокзалдарына билет болған жағдайда ғана жіберіледі, жолаушыларды ғимараттың сыртында шығарып салып, қарсы алады. Санитариялық бекеттер орнатылып, Петропавл мен Көкшетау қалаларына кіру, шығу шектелді. Бұл өңірлерге кіруге және шығуға әуе қатынасы, теміржол қатынастарының саны қысқартылды. Теміржол құрамын облыс ішінде тоқтатуға тыйым салынды.
Қазір әлемнің 217 елінде COVID-19 инфекциясын 52 418 640 адам жұқтырған. Өлім көрсеткіші – 2,5 % құрады. Инфекцияның өсуі Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде дендеп барады. Соңғы айда Германия, Украина, Ресей, Франция, Италия елдерінде вирус жұқтырғандар саны артты.
Оның айтуынша, 39 545 COVID-19 (ПЦР-) жағдайы тіркелген. Соңғы тәулікте 188 жағдай анықталған.
Сонымен қатар, соңғы 2 аптада өңірлерде ковидпен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Аурудың өсуі барлық аймақтарда тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 1,7 есе өсті.
Қазақстанда қазіргі уақытта дерттің таралуы көбейіп жатқан облыстар саны көбейді. Қиясов «қызыл аймаққа» Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан және Қостанай облысы кіргенін айтты. Ал «сары аймаққа» Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласын жатқызды. Қалған өңірлер «жасыл аймаққа» жатады
Соңғы 2 аптада Қазақстанның барлық аймағында коронавируспен аурудың күрт өсуі байқалды. Ел бойынша ауру жұқтырудың 45 пайызы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қостанай облысында 4 есеге өссе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есеге артты. Ал Павлодар өңірінде 2,7 есеге айтарлықтай өсім байқалуда.
Оқушылар арасында күн сайын сырқаттанушылық мониторингі жүргізіледі. Оқу жылының басынан бері оқушылардың 825-і ковид жұқтырды. Кезекші сыныпта оқитын балалар арасында - 261. Қашықтықтан оқитын 564 баладан вирус анықталды.
Соңғы аптада 9 өңірде кезекші сыныптарда оқитын оқушылар арасында тіркелген жағдай саны – 62. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан (32), Павлодар облысында (12), Батыс Қазақстан облысында (5), қалған 4 өңірде індетті жұқтырудың бір жағдайы тіркелді. Қарағанды, Ақмола облыстарын, Нұр-Сұлтан қаласын атап өтіп, оларда 3 жағдай және Қостанай облысында - 2 жағдай анықталды. Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында бір-бір оқушыдан КВИ тіркелді.
Бас санитардың айтуынша, ектеу шараларын бұзушылардың қарасы көбейді. Бизнес өкілдері де сақтық шаралан сақтамайды.
Карантиндік шектеу шараларының сақталуын бақылау мақсатында мобильді мониторингтік топтар рейдтік тексерістер жүріп жатыр. Нәтижесінде жалпы республика бойынша карантиндік шараларды бұзу жағдайлары анықталған объектілердің үлес салмағы 9,7%-ды құрады. Алматыда және Шығыс қазақстан облысында індеттен сақтану шараларының сақталмайтыны әлі байқалады. Сондықтан бұл аймақта аурудың таралу көрсеткіші жоғары болып тұр, - деді ол.
Алматы облысында 5%-дан 12,3%-ға дейін артқан, ал Шығыс Қазақстан облысында ереже бұзушылықтар анықталған нысандардың үлес салмағы 12,6%-дан 33%-ға дейін өсті. Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық және шектеу шаралары талаптарын бұзғаны үшін ӘҚБтК - нің 425-бабы бойынша бір апта ішінде 1 329 адамға әкімшілік айыппұл салынады. Осы кезге дейін айыппұл ең көп салынған аймақ Түркістан облысы болып отыр. Мұнда 237 айыппұл салынған оқиға тіркелді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы, мұнда тіркелген жағдай саны – 260, Алматы облысында – 106, Ақмола облысында - 101 адам.
Брифингте мемлекеттік бас санитар дәрігер ПТР-зертханалар қуаттылығы туралы айтты. Оның хабарлауынша, Қазақстанда ПТр зертханалар тәулігіне 76 мың зерттеуге дейін жүргізе алады. ПТр зерттеу Қазақстан бойынша 139 зертханада жүргізіледі. Қуаттылық арта бермек.
ПТР зертханаларды көбейту жұмысына басымдылық берілді. Шалғай аймақтарда мобильді зертханалық кешендер дайындалып жатыр. Жалпы, ПТР-тестілеуге деген қажеттілік бүгінгі күні талаптарға сай. Бұл тәуліктік қуат болғанына қарамастан, көрсеткіштер күніне 35 000- 36 000 зерттеуге жетеді, - деді Ерлан Қиясов.
Қиясов врусқа қарсы вакцина туралы да хабар берді. Оның айтуынша, коронавирустан вакцинаны таңдауға қатысты нақты шешім жоқ. Қазір дүние жүзіне белгілі және тиімділігі дәлелденген 198 кандидат-вакцина әзірленіп жатыр. Оның 42-сі клиникалық тестілеуден өтіп жатыр. Тестілеуге көптеген адам қатысқан.
Клиникалық сынақтың барлық кезеңінен өткен вакцинаның перспективасы бар деп айта аламыз. Бұл Оксфордтық, сондай-ақ Ресейдегі Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология Ұлттық зерттеу орталығының «Спутник-5» вакцинасы. Қазақстанда да вакцина әзірленіп жатыр және ол екпе клиникалық зерттеудің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Қазір екінші кезеңінен өтіп жатыр. Келер жылдың басында бұл вакцинаны сынаудың үшінші кезеңіне көшеміз деп үміттенемін, - деді ол.
Отандық вакцинаға қатысты соңғы деректерге сүйенсек, коронавирусқа қарсы әзірленген отандық «QаzCovid-in» атты вакцина шетелдік ғалымдар әзірлеген вакцинадан кем түспейді. Алдағы 29 қарашада клиникалық зерттеудің 2-ші кезеңі аяқталады. Зерттеу 200 ерікті адамға жүргізіліп жатыр. Желтоқсан айында еліміз бойынша тағы 3 мың еріктіге клиникалық зерттеу жүргізу жоспарланған. Айтпақшы, Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы да басқа вакцина әзірлеу жарияланды. Ол шетелдік мамандардың қатысуымен дайындалып жатыр.
Коронавирустан қайтыс болғандардың көпшілігінің өліміне олардың бұрыннан бері келе жатқан ілеспе әрі созылмалы аурулары себеп болды. Мұндай жағдайға тап болған науқастардың саны – 709. Мұндай өлім көрсеткіші осы жылдың 1 наурызы мен 31 қазан аралығында тіркелген. Мұндай деректі ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.
Қайтыс болғандардың диагноздары келесі сыныптар бойынша бөлінеді: тыныс алу жүйесі аурулары – 332, қан айналымы жүйесі аурулары 235, эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және алмасудың бұзылуы – 34 жағдай, жаңа өскіндер – 32 жағдай, т.б. 76 жағдай тіркелген, - деді Ержан Байтанаев.
Көрші елдерден әкелінген КВИ жағдайларына байланысты ҚР Мемлекеттік шекарасында шаралар күшейтілді. 6 қазаннан бастап 196 000 адам шекараны автомобиль өткізу пункттері арқылы кесіп өтті, олардың 364-інде оң нәтиже анықталды (соңғы аптада - 98 жағдай). Халықаралық авиарейстермен 69 953 жолаушы келді, 8 827 адам тестіленді, оң нәтижемен – 48 адам анықталды,. Олардың ішінде Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктер, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясынан келген азаматтар.
2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру ұзартылды. 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болуы тоқтатылды. Қазақстан аумағына келген барлық адамдарда ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесі туралы анықтама болуы тиіс.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараты бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекциямен 118 491 науқас тіркелді, 108 632 адам сауығып, 7 941 – ем алуда, 1 899 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 587 адам оң нәтижемен анықталды.
Сондай-ақ, елде COVID-19 белгілері бар пневмонияның 39 545 жағдайы тіркелді, 29 351 адам сауығып кетті, 9782 науқас емделуде, 412 – қайтыс болды. Соңғы тәулікте 188 жаңа жағдай тіркелді. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: жалпы науқастар саны – 39 545 болса, өлім жағдайлары - 412, ал 29 351 адам коронавирустан айығып шыққан.

-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары

