• Басты
  • Коронавирустың екінші толқыны: Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме
10 Қараша, 2020 12:00

Коронавирустың екінші толқыны: Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» басшысы Ерхат Есқалиев коронавирустың екінші толқынына әзірленген дәрі-дәрмек қорлары туралы есеп берді. Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін қандай шаралар қолданылып жатыр, дәрігерлердің қорғаныш құралдары және шалғай аймақтардағы халықтың дәрі-дәрмекке қолжетімділігі туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


Коронавирустың екінші толқыны: Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме

Ведомствоаралық комиссияның тапсырмасымен коронавирустың жаңа толқынына дайындық мақсатында «СҚ-Фармаця» нақты шаралар қабылдады. ЖШС басшысы Есқалиевтің мәліметінше, еліміздің барлық медициналық ұйымында бір айлық қорды қалыптастыру үшін жұмыстар жасалып жатыр.

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор 20 млрд теңгеге 91 дәрілік зат көлемін жеткізді. Ол тез қалпына келтіріліп отырады. Сонымен қатар пневмония мен коронавирусы бар науқастарды антибиотиктермен және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекпен (5 атауы – дене қызуын түсіретін парацетамол және Ибупрофен препараттары, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран антикоагулянттары) тегін амбулаторлық қамтамасыз ету ұйымдастырылды. 2 млрд теңгеге 1 млн адамды қамту жоспарланған. Тағы бір шара – «қауіпсіздік жастығы» деп аталатын екі айлық дәрі-дәрмектер қоры құрылды. Стационарларда айына 60 мың пациент болады деген болжаммен коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің 44 атауы сатып алынады. Егер бұл дәрі-дәрмек бір-бірін алмастыра алатын болса, ол науқастың жағдайына қарай дәрігердің шешімімен жүзеге асады, - деді спикер.

Бірыңғай дистрибьютор 44 атаудан дәрі-дәрмектің 39 түрі сатып алған. Гуманитарлық көмек шеңберінде қажетті дәрі-дәрмекті жеткізу мәселесі қосымша пысықталуда. Төмендемейтін қор көлемі бекітілген кестеге сәйкес Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабына дәрілік заттарға пайыздық арақатынаста қажеттілік фактісі бойынша жеткізіледі. Яғни, Алматыда-35%, Нұр – Сұлтанда – 30%, Ақтөбеде – 15%, Шымкентте-20%.

Коронавирустың екінші толқынына дайындық шараларының бірі – өңірлерде ұйымдастырылған тұрақтандыру қорлары. Соның аясында сұранысқа ие дәрілік препараттарды сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлінді. ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтуынша, қазіргі таңда өңірлерге 17,9 млрд. теңге бөлінді. Бұдан басқа Комитет өңірлердегі көтерме дистрибьюторларда, бөлшек саудада неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттардың медициналық ұйымдарда болуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Осы жылдың 15 шілде - 9 қараша аралығында көтерме сауда мен дәріханаларда антибиотиктер 3,9 есе, вирусқа қарсы препараттар 3,2 есе, антикоагулянттар 32 еседен астам, маскалар 2,3 есе және т.б. дәрілік заттар қорының өскені анықталды. Қазіргі кезде дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар жеткілікті, - деді Асылбеков.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтеруін болдырмау тапсырмасын орындау мақсатында дәрілік заттардың бағасын бақылау қамтамасыз етілді. Осы мақсатта мониторингтік топтар құрылып, топ құрамына облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда комитет, аумақтық бөлімшелер, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары қызметкерлері кірген. Олар 1640-тан астам дәріхананы тексеріп, шекті бағадан асырылып, сатылған дәрілік заттардың 199 атауын анықтаған.

 Мониторинг жұмыстары көрсеткендей, 174 млн. теңге көлемінде шекті бағаның артуының 876 фактісі, 39,4 млн. теңге сомасында дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 347 фактісі анықталды. Сондай-ақ, 1223 әкімшілік хаттама толтырылып, 213 млн. аса айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 10 млн. астам дәрлік зат алынды, - деді Н.Асылбеков.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі брифингте елімізде коронавиустың екінші толқынына арналған дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін айтты.

Дәрі-дәрмектің жеткілікті болуы және бағаының көтеріліп кетпеуі Үкіметтің ерекше бақылауында. Өздеріңіз білетіндей, маусым-шілде айларында еліміздің ауруханалары мен провизорлық орталықтарында дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Бұл тапшылық жеке дәріханаларда да болды. Осы мақсатта нарықты дәрілік заттармен толықтыру үшін ҚР Үкіметі басқа елдерден 10 млн-нан астам қаптама көлемінде ұшақ борттарымен дәрілік заттардың 50-ден астам атауын жеткізуді ұйымдастырды. Бұл дәрі-дәрмектер аймақтар арасында біркелкі бөлінді, - деді ол.

 Маусым-шілде айларында індет асқанған уақытта дәрі-дәрмек тапшылығын қайта болдырмау мақсатында «СҚ-Фармация» аса қажетті дәрі-дәрмекті көтерме сатып алып, бөлшек сауда желісіне өткізе алады. Алайда бұл өкілеттілік бірыңғай дистрибьюторға тек індет туындаса және қажетті препараттарға қатысты беріледі. «СҚ-Фармация» басшысы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, жергілікті әкімдіктер 33 тапшы дәрі-дәрмек бойынша тізімдер беріпті. Сол тізім бойынша 3,1 млрд. Теңге қаржы бөлініп, екі айлық қор жасалған.

17 өңірдегі Бірыңғай дистрибьютордың операциялық қоймаларында дәрі қоры жасалды. Шалғай аудандарда филиалдары бар 1163 дәріхана анықталды, олар арқылы интервенция жүргізіледі. Осылайша, дәріханалардың бөлшек сауда желісінде тауарлар тапшы болған жағдайда өңірлердің тәртіптемесі негізінде тиісті жеткізу басталады. Сонымен қатар отандық өнім болып саналатын 10 млн медициналық бетпердені «СҚ Фармация» сатып алды, - деді Есқалиев.

Есқалиев желтоқсан айында қоймаларға келесі жылға сақталатын дәрі-дәрмектердің алғашқы партиясы келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар дәрігерлер үшін жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры құрылғанын да айтты. Медицина қызметкерлерінің қорғаныш киімдері мен құралдары әкімдіктер үкіметтік резервтен бөлген ақшаға сатып алады. Сатып алынған көлем 3 айлық жұмыс үшін жеткілікті

Үкімет қосымша гуманитарлық көмек шеңберінде алынған 400 мың бір реттік қорғаныс костюмдері көлемінен ЖҚҚ резервін құру мәселесін пысықтады, олар да Бірыңғай дистрибьютордың коронавирустың жаңа толқыны жағдайында пайдалану үшін қосымша резерв ретінде 4 хабында сақталатын болады, - деді ол.

Спикер осы тұста гуманитарлыққ көмек туралы айта кетті. Оның сөзінше, Қазақстанға жіберілетін гуманитарлық жүктің құжаттары алдын ала жіберілген кезде алдын ала ақпараттандыру моделі әзірленіп, енгізілді.

Гуманитарлық жүк салынған ұшақ Қазақстанға қонғанда, кеден қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірленген құжаттар пакеті арқылы қабылдайды. Сосын бөлу туралы тапсырыстар болады. Осыған байланысты кеденде, әуежайларда, әкімдіктерде гуманитарлық көмек мәселелеріне жетекшілік ететін барлық құрылымдарда жауапты тұлғалар бекітілді. Сондай-ақ, қоғам мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен дәрі-дәрмекті бөлудің ашық мониторингі қамтамасыз етілді, - деді.
Гуманитарлық жүктің келетіні туралы ақпарат күн сайын «СҚ-Фармация» сайтында жаңартылып отырады.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 564 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 117 336 жетті. Қазіргі уақытта  7262 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 384 бала бар. Стационарларда 2 891 науқас жатыр. 4 371 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 194 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Барлық жаңалықтар
66.249.70.94, 192.168.88.100