- Басты
- Жаңалықтар
- Коронавирустың «британдық» штамының белгілері қандай
Коронавирустың «британдық» штамының белгілері қандай
Коронавирустың британдық штамының белгілері белгілі болды. Ұлыбританияның Ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, жөтел, қатты шаршау, тамақ пен бұлшық еттің ауыруы сияқты белгілер тән, бірақ «қытайлық» нұсқадағы иіс сезбеу белгісі бұл британдық штамда сирек кездеседі. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
Аталмыш мекеменің хабарлауынша, Англияда кездейсоқ таңдалған осыған дейін вирус жұқтырғаны анықталған 6 мың адамның мәліметтерін өңдегеннен кейін қосындай қорытынды жасалған.
Иіс пен дәмді сезбеу сияқты белгілер коронавирустың жаңа штамында аз кездеседі. Бірақ олар әлі де аурудың негізгі үш белгілерінің бірі болып отыр: жоғары температура, жақында пайда болған тұрақты жөтел және дәм сезімталдығының өзгеруі. Жұқтырған адамдардың көпшілігінен осы үш белгінің кем дегенде біреуін табылған.
Кент округында алғаш рет 2020 жылдың қыркүйегінде анықталған жаңа штамның бастапқы вирусқа қарағанда тезірек таралу мүмкіндігі бар екені бұған дейін де айтылды. Ол Ұлыбританияның барлық аймағынан шыққан және жаңа инфекциялар санының күрт өсуіне себеп болып, ақыр соңында билікті елде локдаун енгізуге мәжбүр етті.
Сарашылардың пікірінше, бұл штамм өлімге әкеледі деп айтуға негіз бар, бірақ мұны растайтын ғылыми негіз әлі жоқ.
Сонымен бірге, Ұлыбританияда тағы екі штамм анықталған, Оңтүстік Африка мен Бразилиядан, алайда жекелеген жағдайлар ғана тіркелген.
Статистика ведомство қызметкерлері жаңа Covid-19 штамынның нәтижесі оң нәтиже көрсеткенненге дейінгі бір апта бойында болған белгілерді талдады. Оларды «бастапқы» штамммен ауыратындардың белгілерімен салыстырған. 2020 жылдың қараша айының ортасынан бастап 2021 жылдың қаңтар айының ортасына дейін ауырған адамдардың нәтижелері ескерілді. Деректер жаңа штамның бірінші жағдайда сияқты үш емес, екі генмен үйлесетіндігін көрсетеді.
Мәселен, жаңа штамды жұқтырған 3,5 мың адамның 35% жөтелді, 32% -ы шаршағанын, 25%-ы бұлшықет пен дененің ауырсынуына шағымданған, 21,8%-ы тамағы ауырғанын айтқан.
Ал, алдыңғы штамды жұқтырған 2,5 мың адамның 28%-ы жөтелді, 29% -ы шаршағанын сезген, 21%-ы бұлшық ет пен дененің ауырсынуына шағымданса, 19% -ында тамақ ауруы болған.
Жаңа штамды жұқтырғандардың 16% -ы дәм сезгіштігін, ал 15% -ы иіс сезу қабілетін жоғалтқан екен. Бұл ескі штамы бар адамдарға қарағанда аз (екі жағдайда да 18%).
Бас ауруы, тыныс алудың қиындауы немесе диарея мен құсу кездескен жағдайлар көп емес.
Уорвик университетінің вирусологы және молекулярлық онкология профессоры Лоуренс Янг жаңа штамда Уханьда анықталғанмен салыстырғанда 23 өзгеріс табылғанын айтады.
«Вирус құрылымындағы белгілі бір өзгерістер организмнің иммундық реакциясына, инфекция тудыратын белгілерге әсер етуі мүмкін», - дейді ғалым.
Оның айтуынша, жаңа штамды жұқтырғандардың денесінде вирус қарқынды көбейетін сияқты, бұл инфекцияның бүкіл денеге кең таралуына әкелуі мүмкін.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі