• Басты
  • Коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар бақылауда болады
27 Наурыз, 2020 11:40

Коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар бақылауда болады

Коронавирус инфекциясын жұқтырып, салдарынан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар бақылауда болады. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауiпсiздігiн бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар бақылауда болады

"Қайтыс болған әйелмен байланыста болғандар анықталды. Олар оның туыстары және №2 көп профильді облыстық аурухан. Байланысқан адамдар ауруханаға жатқызылып, тексеруден өтті. Олар медициналық бақылауда болады", - деді Серік Омарханов.

Оның сөзінше, қайтыс болған әйелдің үйі де толықтай дезинфекцияланады.

"Қазіргі таңда эпидемияға қарсы iс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Бүгін жерлеу рәсімінен кейiн марқұмның үйi толықтай дезинфекцияланады. Дезинфекцияны Нұр-Сұлтан Ұлттық сараптама орталығы жүргізетін болады", - деді ол.

Айта кетейік, коронвирус инфекциясын жұқтырып қайтыс болған әйел туралы ақпаратты кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлаған болатын. Бұл Қазақстандағы алғашқы өлім жағдайы болып тіркелді.

Ал Коронавирус iндетiн жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелдi.

Осы сағaтта Нұр-Сұлтaн қаласы бoйынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарaғанды қаласындa - 4, Жамбыл облысындa -3 адам, Атырау облысы - 3 адам,

Шымкент қаласында - 2 aдам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбe облысындa - 1 адам,  Сoлтүстік Қазақстaн облысындa - 1 адам, Ақмoла облысында - 1 адам жалпы 124 науқас тіркелді.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды