• Басты
  • Коронавирус жас талғамайды – А.Көлгінов
26 Мамыр, 2020 15:15

Коронавирус жас талғамайды – А.Көлгінов

Коронавирус жас талғамайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Коронавирус жас талғамайды – А.Көлгінов
«Әлемдік пандемия қалыпты өмірімізге өзгерістер енгізіп, басқаша өмір сүруге мәжбүр етті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығы азаматтарымыздың тәртіпті сақтап, инфекциядан қорғануға дер кезінде септігін тигізді. Президенттің дер кезінде қабылдаған шаралары азаматтардың оқшаулануына жағдай жасап, нәтижесінде вирустың кең таралмауына жол берді. Осындай сын-сағатта халықтың біртұтастығы маңызды. Індет тарала бастаған кездің алғашқы кезеңінде Елбасының халыққа арнаған үндеуі қоғамды біріктіріп, қиын кезеңді еңсеруге мүмкіндік берді», - деді А.Көлгінов.

Әкім айтқандай, осы аралықта коронавирус жұқтырған 1686 науқас тіркелді.

«835 пациент немесе 51 пайыздан астам азамат емделіп шықты. Қалғандары карантинде. Өкінішке қарай, 5 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда өсім 2-ден 4 пайызға дейін құрайды. Науқас азаматтардың 40 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар, ал 35 пайызы 30 жастан 50 жасқа дейінгі азаматтарды қамтиды. Осы статистикаға жүгінетін болсақ, вирус тек қана зейнеткерлерге немесе бұрын ауырған азаматтарға қауіпті деген сөз расталмады. Сондықтан да, коронавирус жас талғамайды. Одан барлығымыз сақтануымыз қажет. Сақтықта қорлық жоқ», - деді А.Көлгінов.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды