• Басты
  • Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге үстемақы эпидемиологиялық сараптамадан кейін төленеді
17 Сәуір, 2020 13:59

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге үстемақы эпидемиологиялық сараптамадан кейін төленеді

Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне эпидемиологиялық сараптамадан кейін үстемақы төленетін болады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге үстемақы эпидемиологиялық сараптамадан кейін төленеді

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Коронавирус инфекциясымен күрес кезінде вирус жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге үстемақы беріледі. эпидемиологиялық талдаулар жүргізілгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігі комиссияның шешімімен төленетін болады. Қазіргі таңда дәрігерлерге эпидемиологиялық сараптамалар жүргізілуде. Олар төтенше жағдай кезінде медициналық қызметті көрсететіндіктен, сол келген аурулардың ішінде де науқастар болуы мүмкін деген қорытындылар бар. Медицина қызметкерлерінің де қорғаныс құралдарын қалай пайдаланды, қалай ауыстырып отырды деген мәселелер талдаудан өткеннен кейін барып шешім шығарылады", - деді Тілеухан Әбілдаев. 

Оның сөзінше, қала бойынша 200-ден астам медицина қызметкері жұқпалы дертке шалдыққан.

"COVID-19 диагнозы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 234 адамды құрайды. Оның ішінде орталық қалалық клиникалық аурухананың - 93, балалар клиникалық жұқпалы ауруханасының - 31, № 7 қалалық клиникалық ауруханасының - 2, медициналық жедел жәрдем қызметінің - 3, №12 қалалық емхананың - 3 медицина қызметкері және №11 қалалық емханасы - 1, №32 қалалық емханасының - 1 қызметкері бар", - деді басқарма басшысы.

Сонымен қоса Тілеухан Әбілдаев БАҚ-та тараған инфекциямен күресіп, алғы шепте жүрген медициналық қызметкерлерге үстеме ақы төленбейтіні жөнінде жарияланған ақпараттарға қатысты жауап берді.

"COVID-19 инфекциясымен күрес аясындағы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлемеу туралы ақпарат бірқатар БАҚ беттерінде жарияланды. Аталған факт бойынша мемлекеттік комиссия бекіткен тәуекел санаттары тізіміне кіретін барлық медицина қызметкері жұмыс істеген санаттары бойынша жұмыстанған санаттары үшін толық төлем алатынын ресми түрде хабарлаймыз. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, көмек алуға 3 тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері құқылы екенін еске саламыз", - деді ол.

Сонымен қатар ол Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырған 63 адам тіркелгенін атап өтіп, олардың кім екеніне тоқталды.

"Оның ішінде 2004 жылы туған нәресте бала да бар. Науқастар ішінде орталық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, осы стационардың жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері бар 2 науқасы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 1 қызметкері, № 7 қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпбе йінді клиникалық ауруханасының 2 қызметкері және оқшаулау аймағындағы вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 44 адам, оның 21-інде жедел ревпираторлы инфекция пневмонияның белгілері бар", - деді ол. 

Оның сөзінше, емделіп жатқан науқастардың бірінін жағдайы өте ауыр.

"Бүгінде мегаполистің жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке алсақ, 393 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бір науқастың жай-күйі өте ауыр, төртеуінде ауыр, 92 адамның жағдайы орташа ауыр. 295 адамның жай-күйі қанағаттанарлық", - деді басқарма басшысы. 

Бұдан бөлек оның айтуынша, Алматы қаласындағы провизорлы емханаларда - 356 адам жаты, оның 18-і - бала. Ал Карантиндік оқшаулауда - 422 адам, оның 7-еуі - бала. Үй жағдайындағы карантинде 7992 азамат бар екенін атап өтті.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды