• Басты
  • Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді
14 Тамыз, 2020 13:26

Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Бүгін елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 17 тамызда ашылатын нысандар қалай жұмыс істейтіні, сонымен қатар вакцина дайын болғанда қандай топтарға салынатынын жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Есмагамбетованың айтуынша, әлемде коронавирустық инфекцияға қарсы 166 кандидаттық вакцина жасалған. Олардың көпшілігі клиникаға дейінгі тестілеу сатысында. Жалпы, оның сөзіне сүенсек, тестілеудің үш кезеңі бар, содан кейін міндетті тіркеуден өтеді. Қазіргі уақытта бұл вакциналардың басым бөлігі клиникаға дейінгі кезеңде. Коронавирустық 120 вакцинаның 17-сін адамдарға салынып, сынақтан өткізілуде. Ал Ресей вакцинасы клиникалық сынақтардың 2 кезеңінен өтті және бұл вакцина Ресей Федерациясында тіркелген.

Сонымен бірге бас санитар дәрігер Қазақстан нарықты коронавирусқа қарсы алғашқы шыққан, тиімді әрі қауіпсіз вакцинаны сатып алатынын атап өтті.

«Қазақстанның ұстанған стратегиясына байланысты біз де бүкіл әлем сияқты вакцинаны күтеміз. Вакцина қауіпсіз және тиімді болуы тиіс. Нарықта қандай вакцина бірінші пайда болатындығына байланысты біз осы өндірушілермен жеткізілім бойынша жұмыс істейтін боламыз. Бірақ біз бүгін бүкіл әлем вакцинаның шығуын және өндірілгенін күтіп отырғандығын, сонымен қатар вакцинаның да кезегі бар екенін, оның орны болатындығын түсінуіміз керек. Бұл үшін вакцинаның таралуы әлемде бірдей таралуы үшін Гави альянсы құрылды», - деп толықтырды Айжан Есмағамбетова.

Есмагамбетова сонымен бірге вакцина әлі дайын емес екенін, бірақ алдағы уақытта ковидке қарсы вакцинацияға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Бірінші кезекте вакцинаны кімдер алады

1.    Коронавирус қауіп төндіріп тұрған адамдар

2.    Белгілі бір созылмалы аурулары бар 60-65 жастан асқан азаматтар

3.    Медицина қызметкерлері

Оның сөзінше, министрлік вакцинацины алғашқы болып алатын топтармен жұмыс істеліп жатыр. Бірінші кезекте коронавирус өміріне қауіп төндіріп тқрған, 60-65 жастан асқан қандай да бір созылмалы аурулары бар адамдарға вакцина егіледі деп жоспарлануда. Оның қатарына медицина қызметкерлері де кіреді, өйткені олар ең алдымен індетті жұқтырған науқастармен және коронавирус жұқпасының белгілері жоқ адамдармен кездеседі, жұмыс істейді. Сондықтан оның сөзінше, вакцинацияға дайындық, вакцинацияны таңдау және Денсаулық сақтау министрлігі аясында вакцинация стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар баспасөз мәжілісінде бас санитар дәрігер 17 тамыздан бастап қандай мекемелер жұмысын жалғастыратынына тоқталып өтті. Оның айтуынша, бүгінге дейін ірі сауда орталытарында тек дәріхана мен сауда маркеттері ғана жұмыс істесе, келесі дүйсенбіден бастап бірқатар ондағы бутиктер, сауда желілері де ашылатын болады. Десек те, әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті екенін, сонымен қатар бетперде кию режимі де сақталатынын еске салды.

Келесі дүйсенбіден бастап жұмысын бастайтын нысандар:

- сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар. Аталған нысандардың толымдылығы 30 пайыздан аспауы керек. Бір адамға 4 шаршы метр болуы керек.

-  сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетпек. Бір адамға 4 шаршы болуы тиіс.

- бассейні жоқ фитнес орталықтары, олардың толымдылығы 50 пайыздан аспауы керек. Яғни, бір адамға 5 шаршы метр. Ал бассейні жоқ моншалар мен сауналардың толымдылығы да 50 пайыздан аспауы тиіс, яғни бір келушіге 4 шаршы метр.

-   балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтарыдағы топтарда — 5 адамнан артық болмауы тиіс. Сонымен қатар алдын ала жазылу қажет.

-  мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында15 адамнан артық болмауы керек.

- ашық ауадағы аттракциондарда қашықтықты сақтау, маска режимін сақтау арқылы рұқсат етіледі.


Сонымен қатар ол дүйсенбіден бастап қандай спорттық шараларға рұқсат берілетініне тоқталды. Оның сөзінше, ұлттық командалар төменде келтірілген ереже бойынша спортпен айналыса алады.

Рұқсат берілген спорттық шаралар

-       ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға мүмкіндігі бар. Тек 5 адамнан артық болмауы тиіс.

-       ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға рұқсат беріледі. Алайда олар да 30 адамнан артық болмауы керек.

-       эпидемияға қарсы шараларды және алдын алу шараларын сақтауы тиіс

Сонымен қатар оның айтуы бойынша, 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекциялау мен желдетуді қамтамасыз етумен, отырғызу орындарының толуына қарай жүре бастайды.

Бұдан бөлек Айжан Есмағамбетова карантин шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңінде бірқатар шараны ұйымдастыру бұрынғыдай рұқсат берілмеген күінде қалатынын атап өтті. Оның сөзіне сенсек, қатаң шектеу шаралары енгізіле бастағалы бері негізгі көрсеткіштер бойынша, оң динамика байқалып отыр. Бүгінде ауру деңгейінің өсуі тәулігіне 0,5 пайызға дейін төмендеді. Індеттің таралуы немесе репродуктивті көрсеткіштердің тұрақты түрде төмендеу үрдісі байқалуда. Ол 2,2 есеге, яғни 1,72-ден 0,78-ге төмендеген. Сондықтан бас санитар дәрігер осы көрсеткешітерді сол күйінде ұстап, не азайту мақсатында азаматтар әлі де маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау керегін еске салды.

 

Соныдықтан төмендегідей шараларды ұйымдастыруға, өткізуге тыйым салынады:

-ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелiк, салтанатты және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге, сонымен қатар үйде өткiзуге

- барлардың, түнгi және ойын клубтарының, караоке, фудкoрттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа дa ойын-сауық орындaрының жұмысына; мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелeр, форумдар өткiзуге; бассейндер, қалалық және қоғaмдық жағажайлар, ашық аквaпарктердiң жұмысына

- дiни нысандардың жұмысына; қала маңындағы жoлаушылар пойыздарының/элeктричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микрoавтобустарды қoспағанда, ортақ вагондарды құруға.


Сонымен қоса Айжан Есмағамбетова демалыс күндері карантин шаралары сақталатынын атап өтті. Оның сөзінше, демалыста адамдардың бір-бірімен кездесуі көбейіп, жұқтырғандар саны арта түсуі мүмкін.

Айта өтейік, оның мәліметінше, бүгінгі таңда жалпы есеп бойынша, ПТР-тесттен өтіп, оң тнәтиже көрсекендер саны 101 848 адамға жеткен. Ал өткен тәулікте аталмыш індетті жұқтырғандар 476 құрады. Науқастардың 77%-ы емделіп шыққан. Сонымен қатар айта кету керек, мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артып, бүгінде бұл көрсеткіш 3640 құрап отыр. Ал онлайн консультациялар саны 4 есеге артқан.

Барлық жаңалықтар