• Басты
  • Жаңалықтар
  • Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді

Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді

24 Қыркүйек, 2021 13:05

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз алаңында Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман коронавирустық инфекциясының жаңа штамдары және коронавирус вакцинасы туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарманның айтуынша, кейбір елдерде вакциналаудың кешігуі коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкелеген. Ол сондай-ақ, коронавирустық мутация қаупі вакциналанған халықтың үлесіне байланысты екендігін атап өтті. Оның айтуынша,вирустың штамдары мен нұсқаларынын ажырату қажет.

«Кейбір техникалық айырмашылықтар бар. Коронавирустың әр түрлі нұсқалары туралы 1 маусымнан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оларды грек алфавитінің әріптері – «альфа», «бета», гамма, «дельта» деп атауды шешті», – деді Алмаз Шарман.

Ол штамдарды «үнді», «бразилиялық», «оңтүстік африкалық» деп атағанға дейін оларды әріптік белгілермен атау қажет болғандығын еске салды. Сондай-ақ, коронавирустық пандемия басталғалы бері бүкіл әлемде көптеген нұсқалар тіркелгенін баса айтты.

«Шамамен ай сайын екі немесе үш нұсқа пайда болды. Тиімді вакциналардың пайда болуымен мутацияның жиілігі тездеді. Бұл табиғи эволюциялық процесс», – деді ол.

Ғалымның айтуынша, вирус тірі қалудың жолдарын іздеп, белсенді түрде мутацияланады. Шындығында, вирустың тек 30 мың нуклеотид негізі бар және оның мутациялық нұсқаларының саны шектеулі екендігін жеткізді.

«Вирустардың бірнеше нұсқалары бар. Олар жұқпалы және вакциналарға төзімді болуы мүмкін. Тітпі вакциналардың әсерінен жалтаруы мүмкін. Бірақ олар жұқпалығын жоғалтады. Олар «альфа», «бета» және «гамма» нұсқаларымен болды», – деді Алмаз Шарман.

Ол қазіргі таңда «дельтаның» өте жұқпалы нұсқа бар екендігін атап өтті. Ол бұл нұста коронавирустың соңғы агрессивті нұсқасы деп ойлайтынын жеткізді және болашақта пандемия жойылуы қажеттігін айтты.

«Мысалы, оңтүстікафрикалық нұсқасының вакциналарға төзімді екені анықталды, бірақ сонымен бірге ол тез жұқпайды. Ал «дельта» нұсқасы өзінен бұрынғыларды ығыстырып, қауіпті әрі жұқпалы болып шықты», – деді Алмаз Шарман.

Оның сөзінше, «Дельта» нұсқасы жоғалған күннің өзінде болашақта вакциналанған халықтың үлесі төмен болса, онда басқа нұсқалар пайда болуы әбден мүмкін екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, профессор вирустың штамдары мен нұсқаларын шатастырмауды сұрады. Ол штамдар вирустың тағы бір сапалық сипаттамасы екенін атап өтті.

«Штамдарға 2003 және 2012 жылдары таралған және Оңтүстік-Шығыс Азияда атипиялық негізгі эпидемиясын тудырған вирустар жатады. Вакциналау деңгейінің төмен жағдайында коронавирус мутацияға ұшырап, жаңа нұсқаларды тудырады», – деді Алмаз Шарман.

Сондай-ақ, ол вакциналардың коронавирусқа қарсылығы тиімді екенін баса айтты. Әсіресе ковидтің «альфа» нұсқасында өте жақсы көмектесетінін жеткізді.

«Бұл нұсқа жұқпалы болғанымен, вакциналар оны басады.Ал «Дельта» нұсқасының өзгеше тәсілі бар, вакциналар Дегенмен вакциналар 70-80% жағдайда өзінің тиімділігін көрсетеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда соңғы екі айда жұқырудың негізінен «үнді» деп аталатын «дельта нұсқасынан» тарағанын айтып өтті. Бұл «британдық» және «уханьдық» нұсқалармен салыстырғанда 60%-ға жұқпалы. Осы орайда, ол вакциналану қарқыны артқан сайын вирус өзінің күшін жойып, қарапайым инфекцияға айналатынын жеткізді.

«Дертпен күресті тоқтауға болмайды. Вакциналанған азаматтар санын көбейте отырып, біз коронавирусты эндемиялық ауруға айналдыратын боламыз», - деп қорытындылады Алмаз Шарман.

Барлық жаңалықтар