- Басты
- Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
Джонс Хопкинс университетінің ресми мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған науқастардың саны 35 млн адамнан асты. Пандемия басталғаннан бері 81,9 млн адам ауру жұқтырды, оның 46 млн-ы емделіп шықты, ал 1,78 млн адам осы дерттен қайтыс болды. Қазіргі әлемдегі эпидахуал қандай күйде? Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.

Расталған жағдайлардың саны бойынша АҚШ көшбасшы болып тұр, елде 18,9 миллионнан астам вирус жұқтырған. Үндістан екінші орында-10,1 млн, үшінші орында — Бразилия 7,4 млн, төртінші орында-Ресей, бесінші орында-Франция. Ұлыбритания, Түркия, Италия, Испания, Германия, Аргентина мен Колумбияда 1,5 миллионнан астам адам індетті жұқтырған.
Осы аптада Еуропада азаматтарды COVID-19-ға қарсы екпе егу басталды. Екпелерді Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгария, Чехия, Испания және Италия тұрғындары ала бастаған. Екпе ерікті түрде жүргізілуде.
Францияда коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғаны туралы алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл Лондоннан келген Франция азаматы екендігі анықталды. Елде бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 20 мыңнан астам жаңа фактісі анықталды.
Жапония үкіметі осы аптада Ұлыбританиядан елге келген бес адамнан коронавирустың жаңа штаммының табылғандығы туралы ақпаратты растады.
ДДҰ коронавирустың жаңа штаммын жұқтыру оқиғалары 8 елде, соның ішінде Дания, Ирландия, Италия, Австралия және Нидерландыда тіркелгенін мәлімдеді.
⠀Оңтүстік Кореяда пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының тәуліктік максималды өсуі тіркелді - бір тәулікте 1 241 адам індетті жұқтырған.
28 желтоқсаннан бастап Түркияға келгендердің барлығы коронавирусқа тест нәтижесі бар анықтамы ұсынулары керек. Мұндай талап 30 желтоқсаннан бастап көліктің барлық түрлерімен келушілерге де қойылды.
Словакияда індеттің таралуының өсуі жаңа шыңға жетті - өткен тәулікте инфекция тағы 4 046 адамда расталды. 19 желтоқсаннан бастап мемлекетте көптеген дүкендер жабылып, коменданттық сағат енгізілген.
⠀Германияда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсуі 25 533 жағдайды құрады. Эпидемия басталғаннан бері Германияда 1 612 648 адам COVID-19 жұқтырған.
Бразилияда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны 22 967 адамға артып, 7 448 560 жағдайға жетті.
Халықаралық сарапшылар Ұлыбританияда табылған COVID-19 жаңа штаммы бүгінгі күні ғылымға белгілі мутацияларға қарағанда жұқпалы болуы келер жылы ауруханаға жатқызылатын және қайтыс болған адамдардың саны артуы мүмкін деп мәлімдеген британдық ғалымдардың болжамына баға берді. Бірақ, вирусологтар мен эпидемиологтардың пікірлері екі жақты болды.
Лондон университетінің (UCLH) ғалымдары коронавирусқа қарсы жедел иммунитет жасақтайтын жаңа дәріні сынақтан өткізіп жатқандықтары туралы мәлімдеме жасады.
30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 22 070 адам короновирус инфекциясынан (9 920 КВИ+ және 12 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 072 пациент стационарда, 16 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 257 адамның жағдайы ауыр;
• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Рымбек Ізғали: Латын әліпбиіне көшуді позитивпен бағалаймын
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
-
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек
-
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
М.Бекетаев: Қорғаушы пен прокурор құқығының теңдігі қамтамасыз етіледі
-
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні
-
Уролог дәрігер: коронавирус ер азаматтардың репродуктивті денсаулығына әсер етеді

