- Басты
- Жаңалықтар
- Коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады
Коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады
Үкіметтегі баспасөз мәжілісіне қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын атaп өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
"Сiздерден бұл мәселеге жауапты, өте сақ қарауыңызды сұраймын. Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік үшін тиісті жауапкершілік қарастырылғанын ескерткім келеді. Сондықтан бұл мәселе өте маңызды", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Сондай-ақ Ералы Тоғжанов түрлі мессенжерде студенттерге қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді.
"Мессенжерлерде тарап жатқан ақпараттарға сенуге еш негіз жоқ. Біздің елдегі студенттерге қатысты ешқандай сұрақ жоқ. Оңтүстік Кореяда оқитын 1000-нан астам студент қазір Қазақстанда. Оларға аталған мемлекетке баруды уақытша тоқтата тұру туралы ұсынысымызды айттық. Бұл да қабылданған керекті шараның бірі", - деді ол.
Сонымен қатар ол әлемде аталмыш вирустың ушығуынa байланысты үкiмет қабылдаған бірқатар шараға тоқталды.
"Әлемдегі коронавирус инфекциясының таралып, ушығуына байланысты үкімет бірқатар қосымша шара қабылдады. Бірiншiден, Қытайдан жолаушылар автобусы, пойызы, әуе қатынасы және жаяу жүргіншілер өткелі уақытша тоқтатылды. Автомобиль көлiгi жүргiзушілерi үшiн тауарлар Қытайға тасымалданады. Бүгінгі таңда көліктi тасымалдау шектеулi. Сонымен бірге айта кету керек, 1 наурыздан бастап Оңтүстік Кореямeн тұрaқты рейстер саны аптасына 9-дaн 3-кe қысқарды. Сондай-ақ Иранмен жалғыз әуе рейсі тоқтатылды. Бұдан басқа 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтaн-Тoкиo бағытындағы рейстeр саны да екіден бiрге дейін қысқарaды", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Бұдан басқа Премьер-Министрдің орынбасары адам көп жиналатын қоғамдық орындарда да алдын алу шаралары күшейтілгенін атап өтті.
"Үкімет отырысында елдегі діни орындарда, ойын-сауық, сaуда ортaлықтары секілді көпшілік жиі жиналатын қоғамдық орындарда аталмыш індеттің таралуын алдын алу мақсатында бірқатар тапсырма берілген болатын. Діни орындарға айтылған ұсыныстарды бaс имaмдардың өздерi қарастырып, өздері шешу қажет. Жалпы, Аллaғa ниет ету тек діни орындарда ғана емес, әр адам өз шаңырағында да ниет ете алады. Оны әркім өзі біледі. Алайда адам көп баратын орындарда қауіпсіздік шараларын ұстанған дұрыс", - деді Ералы Тоғжанов.
Сонымен бірге Ералы Тоғжанов дәріханалардағы масканың тапшылығына байланысты пікір білдірді. Оның сөзінше осыған байланысты проблеманы шешуге мемлекет 2 млрд-тан астам қаржы бөлген.
"Бүкіл дәріхананы маскамен қамтамасыз етіп отырмыз деуден аулақпыз. Кей дәріханаларда жоқтығы шындық. Ашығын айтқанда, коронавирус мәселесі шыққанда ажиотаж болды. Көпшілік азамат өзінің, отбасының қауіпсіздігін ойлап, көптеп сатып алғандары да бар. Қамтамасыз етуге байланысты біз бірқатар шараны қабылдауымыз керек қой. Нақтырақ айтсақ, 2,1 млрд теңге осы мәселелерді шешуге бөлініп отыр. Қажет болған жағдайда резервтегі ақшаны бөлуге мемлекет шешім қабылдайды. Адамдардың қауіпсіздігі маңызды", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Сондай-ақ оның сөзінше қазіргі таңда елміздегі медициналық мекемелер 7 млн маскамен қамтамасыз етілген.
"Бүгінгі күні медициналық мекемелер 7 млн маскамен қамтамасыз етілген. Ал басқа жағдайларда біз адамдарды қамтамасыз етуге тиістіміз. Еліміздегі бес кәсіпорынның төртеуінің жұмысы жолға қойылған. Тек біреуінде ғана сырьемен мәселесі бар. Қалғанының мүмкіндігі бар. қажет болған жағдайда олар қамтамасыз етуге тиісті. Олар өндірістерін жалғастыра береді. Біз олардан шыққан дүниені адамдар ала ма, жоқ па, оған қарамаймыз. Оны мемлекет мойнына алып, резервке қоюға шешім қабылданды. Сондықтан қамтамасыз етуге барлық шара жасалды", - деді Ералы Тоғжанов.
Назерке Сүйіндік
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары